Балаға қалдырар ең қымбат мұра – дені сау болашақ — Xnews — ақпарат агенттігі

Балаға қалдырар ең қымбат мұра – дені сау болашақ

«Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері ұрпақ саулығын қорғау мақсатында Қазақстанда энергетикалық сусындарды өндіруге, коммерциялық мақсатта әкелуге және сатуға толық тыйым салуды ұсынып отыр.

Бірлестік өкілдерінің айтуынша, әр баланың аман-есен өсіп, әр отбасының жақындарының қызығын көруі – қоғам үшін маңызды құндылық. Сондықтан халық денсаулығын қорғау бағытында бүгіннен бастап нақты шаралар қабылдау қажет.

Осыған байланысты Үкіметке энергетикалық сусындардың саудасына, соның ішінде интернет пен жеткізу қызметтері арқылы сатылуына, сондай-ақ жарнамасына тыйым салуды көздейтін заң жобасын әзірлеу ұсынылды.

«Әкелер одағы» бастаманы көпшіліктің қолдауына шақырып, азаматтарды петицияға қол қоюға және бейнеүндеуді кеңінен таратуға үндейді.

Бүгінгі қолдау – ертеңгі ұрпақтың саулығына қосылған үлес. Отбасы денсаулығын бірге қорғайық!

Толығырақ: https://www.facebook.com/share/v/1X2RpJu42h/

x

Check Also

Таза аумақ – ортақ жауапкершілік

Қоғамдық бақылау – экологиялық мәселелерді анықтаудың ғана емес, оларды шешуге азаматтарды жұмылдырудың да тиімді тетігі. Қоршаған ортаның тазалығы мен елді ...

Әкелер одағы Қазақстанда энергетикалық сусындарды толықтай тыюды ұсынды

Энергетикалық сусындар бүгінде көптеген қазақстандықтардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналды. Оны оқушылар, студенттер, жүргізушілер, кеңсе қызметкерлері және басқа да мамандық ...