Таза аумақ – ортақ жауапкершілік — Xnews — ақпарат агенттігі

Таза аумақ – ортақ жауапкершілік

Қоғамдық бақылау – экологиялық мәселелерді анықтаудың ғана емес, оларды шешуге азаматтарды жұмылдырудың да тиімді тетігі.

Қоршаған ортаның тазалығы мен елді мекендердің санитариялық жағдайы – әрбір тұрғынның өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды мәселелердің бірі. Заңсыз қоқыс орындары, тұрмыстық қалдықтардың уақытылы шығарылмауы, контейнер алаңшаларының талапқа сай болмауы, арықтар мен су арналарының ластануы – жергілікті деңгейде тұрақты назар аударуды қажет ететін мәселелердің бірі. Мұндай мәселелерді шешуде мемлекеттік органдармен қатар азаматтық қоғам институттарының, Қоғамдық кеңестердің және белсенді тұрғындардың қатысуы ерекше маңызға ие.

Осы бағыттағы жұмысты жандандыру мақсатында Түркістан облысында «Таза аумақ – қоғамдық бақылауда» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министірлігінің «Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу» саласы бойынша 2026 жылға арналған «Қоғамдық кеңестердің әлеуетін арттыру» басым бағыты аясында шағын гранттар беру конкурсының жеңімпазы атанды. Жобаның жүзеге асырылу аумағына Түркістан және Кентау қалалары мен Сауран ауданы кіреді.

Жобаның басты мақсаты – аталған аумақтардағы экологиялық және санитариялық жағдайға жүйелі қоғамдық мониторинг жүргізу арқылы қоғамдық бақылау тәжірибесін дамыту, анықталған проблемаларды жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың назарына жеткізу, олардың шешілу барысын бақылау және тұрғындардың экологиялық қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға қатысуын арттыру.

Жоба аясында қоғамдық кеңес мүшелері мен белсенді азаматтарға арналған оқыту тренингтері өткізілді. Қатысушылар қоғамдық экологиялық бақылаудың маңыздылығы, қоршаған ортаға қатысты мәселелерді анықтау, оларды тиісті органдарға жеткізу және шешілу барысын бақылау жөнінде білімдерін толықтырды.

Сонымен қатар, қоғамдық бақылау жұмыстарын жүйелі жүргізуге бағытталған «Таза аумақ – қоғамдық бақылауда» атты практикалық әдістемелік нұсқаулық әзірленді. Онда экологиялық мониторинг жүргізу, анықталған мәселелерді тіркеу және оларды шешу бойынша ұсыныстар берілген. Нұсқаулық қоғамдық кеңес мүшелеріне, үкіметтік емес ұйымдарға, еріктілер мен белсенді азаматтарға арналған.

Жобаның келесі кезеңінде Түркістан және Кентау қалалары мен Сауран ауданы аумағында далалық қоғамдық мониторинг жүргізілді. Оның барысында экологиялық және санитариялық мәселелер анықталып, тиісті органдарға арнайы жүгініп, олармен бірлесіп шешу жолдары қарастырылуда.

«Таза аумақ – қоғамдық бақылауда» жобасы тұрғындардың азаматтық белсенділігін арттырып, қоршаған ортаны қорғау ісіне қоғамның қатысуын кеңейтуге бағытталған. Өйткені таза әрі қауіпсіз орта қалыптастыру – тек мемлекеттік органдардың емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Раманқұлов Бақытжан Сұлтанұлы — Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі,
Нуритдинова Насиба Алиханқызы — Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі

x

Check Also

«Кітап оқитын ұлт»: Ұлттық ұланның әскери бөлім кітапханасы түркі халықтарының әдебиеттерімен толықты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында Түркістан қаласындағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5574 ...

Шымкентте іскер әйелдер Жолдауды талқылады

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, шағын бизнесті қолдау және өңірлік өндірісті өркендету. Шымкентте «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен іскер әйелдер бас қосты. Кездесуде Мемлекет ...