Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беріледі — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беріледі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Астана қаласында өткен Стратегиялық серіктестердің III халықаралық форумында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

«Халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне «Ұлттық» мәртебе беру туралы шешім қабылдадым», – деді Мемлекет басшысы.

Бұл – университет тарихындағы маңызды белес әрі ұжымға артылған үлкен сенім. Мемлекет басшысының бұл шешімі оқу орнының көпжылдық тарихына, ғылыми әлеуетіне, қалыптасқан білім беру дәстүріне және ел дамуына қосқан үлесіне берілген жоғары баға.

➖

Южно-Казахстанскому исследовательскому университету имени Мухтара Ауэзова в Шымкенте будет присвоен статус «Национального»

Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Кемелевич Токаев объявил о своем решении присвоить статус «Национального» Южно-Казахстанскому исследовательскому университету имени Мухтара Ауэзова. Это заявление было сделано в ходе 3-го Международного форума стратегических партнеров, прошедшего в Астане.

«Я принял решение присвоить статус «национального» Южно-Казахстанскому университету, носящему имя выдающегося писателя нашего народа — Мухтара Ауэзова», — отметил Глава государства.

Это событие стало важной вехой в истории университета и свидетельствует о высоком доверии к его коллективу. Данное решение главы государства служит высокой оценкой многолетней истории вуза, его научного потенциала, сложившихся образовательных традиций, а также вклада в развитие страны.

x

Check Also

В Шымкенте прошёл турнир по шоудауну среди незрячих и слабовидящих спортсменов

В Шымкенте состоялся городской турнир по шоудауну среди незрячих и слабовидящих людей. Соревнования стартовали 16 ноября и собрали более 25 ...

Қазақстандағы ғылымның дамуы: Жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

Қазақстанда ғылыми әлеуетті нығайтуға, зерттеу инфрақұрылымын дамытуға және отандық ғылыми әзірлемелерді экономиканың нақты секторына енгізуге бағытталған ауқымды өзгерістер жүзеге асырылуда. ...