Түркістанда дәстүрлі Бейсен Құранбек атындағы стипендия иегерлері анықталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда дәстүрлі Бейсен Құранбек атындағы стипендия иегерлері анықталды

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да белгілі тележурналист, қоғам қайраткері Бейсен Құранбек атындағы дәстүрлі стипендия табысталды.

Салтанатты жиынға «Қазақ газеттері» ЖШС-ң бас директоры Ержан Байтілес, ҚР Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Мәлік Дәулетов, «Егемен Қазақстан» газетінің Түркістан облысындағы меншікті тілшісі Ғалымжан Елшібай, «Түркістан медиа холдинг» ЖШС-ң бас директоры Уәли Қыдыр және университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты. Жиын барысында қазақ баспасөзінің қарашаңырағы «Егемен Қазақстан» газетінің тарихы баяндалды. Бұдан бөлек, мазмұнды кездесуде студенттер Ержан Айтөреұлына сұрақтар қойып, мамандықтың маңызы туралы ой бөлісті.

Жиын барысында қазақ журналистикасының танымал тұлғасы Бейсен Құранбек атындағы дәстүрлі стипендияның жаңа иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Сыйақыға биыл университеттің үш студенті лайық деп танылды. Олардың қатарында І курс студенті Жанель Мұстафаева, ІІ курс студенті Бекарыс Райхан және IV курс студенті Фарангиз Гуламкадирова бар. Шәкіртақыны «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Ержан Байтілес, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң вице-ректоры Мұстафа Гиритлиоғлу, ҚР Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Мәлік Дәулетов табыстады. Айта кетейік, Бейсен Құранбек атындағы дәстүрлі стипендия – «Медиакратия» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен 2021 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан игі іс. Аталған стипендияның биылғы демеушісі — ҚР Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалы және «Түркістан» газеті.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда рухани келісім күніне орай экологиялық және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды

18 қазан – Рухани келісім күніне орай Түркістан қаласында қоғамдық бірлікті нығайтуға, конфессияаралық татулықты дәріптеуге және салауатты өмір салтын насихаттауға ...

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

Түркістан қаласында өңірдегі ірі медициналық нысандардың бірі — 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы аяқталуға жақын. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалу ...