Шымкентте «Кітап түні» фестивалі өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте «Кітап түні» фестивалі өтті

Қаламызда әдебиетке құштар оқырмандардың басын қосқан «Кітап түні» фестивалі өтті. №2 Оқушылар сарайында ұйымдастырылған рухани кешке қаланың тоғыз кітап клубының мүшелері, ақын-жазушылар мен жастар қатысты. Әдебиет пен өнер тоғысқан кеште қандай шығармалар талқыланып, оқырмандарға қандай әсер сыйлады? Толығырақ тілшіміздің материалында.

Анэль Әлімбекқызы, тілші:
Бір кітапты жүз адам оқыса, жүз түрлі ой түюі мүмкін. Бірі кейіпкерге сүйсінеді, енді бірі оның әрекетін сынға алады. Әдебиеттің құдіреті де осында. Бүгінгі фестиваль Қазақ поэзиясының қос тұлғасы Төлеген Айбергенов пен Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жастардың кітапқа қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Әкімжан Әбдәкімов, қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы:
Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен жастар саясаты басқармасының ұйыидастыруымен кітап тайм әлеуметтік жобасын қолға алы посы бағытта жұмыстар жасаудамыз. Бүгін кітап түні фестивальн өткізіп отырмыз Бұл мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың “Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында зерделі ұлт тәрбиелеу мақсатында, жастарды осы кітарқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырып отырмыз

Ақпараттық технология дамыған заманда жастардың кітапқа бет бұруы – қуантарлық үрдіс. Әсіресе, әдеби клубтарға бірігіп, оқыған шығармаларын ортаға салып, пікір алмасатын жастар қатары артып келеді. Ал мұндай бастамалар жас буынның рухани дамуына жол ашып, шығармашылық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Бейсенкүл Нарымбетова, ұйымдастырушы:
Мен жалпы кітап оқымайды дегенге қарсы адаммын, өйткені мемлекетіміз тұрақты түрде, жүйелі түрде кітап оқитын ұлтты қалыптастыру үшін жұмыс істеп келеді

Кейде бір ғана шығарма тұтас әдеби әлемге жол ашады. Мәселен, фестивальге қатысқан жас оқырман бұған дейін тек детектив жанрын таңдаған. Алайда бүгінгі басқосуда қазақ әдебиетінің кейіпкерлерімен жақынырақ танысып, олардың тағдырына қызығушылығы оянған. Енді ұлттық әдебиет туындыларын да оқуға ниетті.

Амина Әбдіразақ, оқырман:
Негізінде шынымды айтайын мен тек детективтерді оқимын басқа кітап мүлдем ұнамайтын еді. алайда осы жобаға келіп, әдебиет ұнап кетті маған.

Әдебиет пен өнер тоғысқан кеште музыкалық қойылымдар ұсынылып, белсенді оқырмандар марапатталды. Ұйымдастырушылардың басты мақсаты – кітап оқуды бір реттік шарамен шектемей, жастардың өмір салтына айналдыру.

© «Ońtústik» телеарнасы

x

Check Also

Шымкентте үш бірдей шахмат үйі ашылды

Жаңа нысандар Абай атындағы саябақта, Металлургтер саябағында және 17-шағынаудандағы жаяу жүргіншілер аллеясында орналасқан. Ашылу салтанатына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, Халықаралық ...

В Шымкенте обсудили вопросы эффективного управления образовательными ресурсами

В Шымкенте обсудили вопросы эффективного использования образовательных ресурсов, укрепления финансовой дисциплины и развития механизмов цифрового контроля. Межрегиональный практический семинар-совещание, стартовавший ...