Түркістанда “Қазақ газеттері” ЖШС-ң бас директоры Ержан Байтілеспен кездесу өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда “Қазақ газеттері” ЖШС-ң бас директоры Ержан Байтілеспен кездесу өтті

Түркістан қаласындағы “Фараб” әмбебап ғылым кітапханасында “Қазақ газеттері” ЖШС-ң бас директоры Ержан Байтілеспен кездесу өтті.

Басқосуға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Болат Жанәбіл, ардагер журналист Сейдулла Садыков, «Егемен Қазақстан» газетінің Түркістан облысындағы меншікті тілшісі, журналист Ғалымжан Елшібай, “Түркістан медиа холдинг” ЖШС-ң бас директоры Уәли Қыдыр, Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдазым, Қазақстан Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Малик Алмахан және өзге де зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жиында мерзімді басылымның бүгінгі жай-күйі, бағыт-бағдары, ертеңі мен бүгіні сөз болды. Алғашқы болып сөз алған Ержан Айтөреұлы серіктестік құрамындағы басылым беттеріндегі жаңалықтарға тоқталды. Сондай-ақ, алдағы жоспарлармен бөлісті. Басқосуға қатысушылар қазіргі дәстүрлі медианың бәсекеге қабілеттілігі, оқырман алдындағы жауапкершілігі, цифрлық дәуір кезінде оқырман тарту жолдары жайын сөз етті.

Іс-шара аясында “Фараб” кітапханасының ұйымдастыруымен “Егемен Қазақстан” газетінің 1930-1960 жылдардағы тарихи сандарынан көрме ұйымдастырылды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда рухани келісім күніне орай экологиялық және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды

18 қазан – Рухани келісім күніне орай Түркістан қаласында қоғамдық бірлікті нығайтуға, конфессияаралық татулықты дәріптеуге және салауатты өмір салтын насихаттауға ...

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

Түркістан қаласында өңірдегі ірі медициналық нысандардың бірі — 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы аяқталуға жақын. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалу ...