Бүйірлік амиотрафикалық склероз дертінің емі бар ма?

Бүйірлік амиотрафикалық склероз ауруының емі жоқ деп ғалымдар нақты айта алмайды. Себебі ауру әр адамға әртүрлі әсер етеді.  Алайда ауруды емдік шаралар арқылы баяулатуға болады.

Мысалы, егер науқастың ауырған уақыты 5 жылдан аспаған болса, оның өмірін 6 айға немесе 1 жылға ұзартуға болады. Мұндай науқастарға арналған арнайы дәрілік препараттар бар.

Аурудың алғашқы кезеңінде науқастың бұлшықетінде ауырсыну болмас үшін физиотерапия арқылы емдеу тағайындалады. Бұдан бөлек жүзу, велосипед тебу немесе йога жаттығулары да бұлшықет ауырсынуын жеңілдетуге көмектеседі.

Гарвард университетінің Арон Гитлер (Aaron Gitler) бастаған молекулалық биологтар мен генетиктер тобы сау адамдар мен БАС тасымалдаушыларының жүйке жасушаларында гендердің жұмысы қалай ерекшеленетінін зерттей отырып, аурудың даму құпиясын ашты. Бұл туралы Nature Neuroscience журналы хабарлаған еді.

Ауруға шалдыққандардың ДНҚ сараптамасын жасаған ғалымдар «C9orf72» мутацияға ұшырайтын геннің ағзада шамадан тыс көп болатынын дәлелдеген. Демек ғалымдар БАС ауруының басты себебін анықтады.

Бұл жүйке жасушалары арасындағы сигнализацияға қатысатын белгілі бір ақуыздарды жинауға жауап береді. Мутацияға ұшыраған геннің көбеюі бірден екі аурудың дамуына ықпал етеді: БАС және кәрілік деменция.

Аурудың себебін тапқаннан кейін ғалымдар БАС ауруына себеп болатын гендерді алып тастау арқылы ауруды тоқтатуға болады деген болжам жасады. Алайда аталған болжам әзірге толық дәлелденбеді.

x

Check Also

Қазақстан мен Ауғанстан сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың басымдықтарын талқылады

Ауған тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жұмыс сапарымен Ауғанстанға барды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі ҚР ...

Казахстан и Афганистан обсудили приоритеты развития торгово-экономического сотрудничества

По приглашению афганской стороны Заместитель Премьер-министра – Министр иностранных дел Республики Казахстан Мурат Нуртлеу прибыл с рабочим визитом в Афганистан, ...