Мемлекеттің болашағы ең алдымен отбасы институтының беріктігімен өлшенеді. Себебі ұрпақ тәрбиесі, ұлттық құндылықтардың сабақтастығы мен азаматтық жауапкершіліктің қалыптасуы отбасынан басталады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болатыны айқын көрсетілген. Бұл – отбасының қоғам өміріндегі ерекше орнын білдіретін маңызды конституциялық қағидат.
Отбасылық құндылықтар терең қалыптасқан Түркістан облысында бұл мәселенің маңызы айрықша. Өңір халқының бойындағы үлкенге құрмет, кішіге ізет, ұрпақтар сабақтастығы мен туыстық қарым-қатынасты бағалау секілді қасиеттер қоғамдық тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді.
Бүгінде отбасының әл-ауқатын арттыру, балалардың сапалы білім алуына жағдай жасау, аналар мен балалардың құқықтарын қорғау – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Әрбір баланың қауіпсіз ортада өсіп, сапалы тәрбие алуы оның болашақтағы азаматтық ұстанымының қалыптасуына негіз болады.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары