Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі қағидаттарын түсіндіру мақсатында республикалық жұмысшы топ өкілдері саурандық тұрғындармен жүздесті.
Аталған басқосу аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтті. Басқосуда энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, 2029 жылға қарай ауданда электр энергиясының тапшылығын жою, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру, кәсіпкерлік пен өндірісті дамыту мәселелері талқыланды. Жиынға қатысқан ҚР Энергетика вице-министрі Ержан Ертаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев және Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков тұрғындарға Жолдауда белгіленген міндеттердің мазмұнын түсіндіріп, тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Кездесуді аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жүргізді.
Одан кейін делегация Шорнақ ауылындағы №5 жалпы білім беретін Келешек мектебіне барып, білім саласының өкілдерімен кездесті. Жиында білім беру сапасын арттыру, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, жас ұрпақтың зияткерлік әлеуетін дамыту және білім саласында жаңа технологияларды енгізу мәселелері сөз болды. Сапар соңында жұмысшы топ өкілдері Сауран ауданының Қосмезгіл ауылында орналасқан жиһаз өндіретін «Эдем» кәсіпорнына барды. Онда делегация кәсіпорын ұжымымен кездесіп, отандық өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және өндірістік әлеуетті арттыру мәселелері талқыланды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары