Жолдау: республикалық жұмыс тобы Түркістандықтармен кездесті — Xnews — ақпарат агенттігі

Жолдау: республикалық жұмыс тобы Түркістандықтармен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында республикалық жұмыс тобы Түркістан қалалық Мәдениет үйінде қала тұрғындарымен, зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Делегация құрамында ҚР Құрылтайының депутаты Дихан Қамзабекұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Абдулла Исматуллаев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова және ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев бар. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов қатысты. Басқосуда экономиканы жаңғырту, шағын және орта бизнесті дамыту, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу, сондай-ақ су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды. Жиын барысында жұмысшы топ өкілдері тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, азаматтардың сұрақтарына жауап берді.

Жұмысшы топтың келесі кездесуі облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында жалғасты. Республикалық топ денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен жүздесіп, Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді түсіндірді. Кездесуде әлеуметтік саланың сапасын арттыру, медициналық қызмет көрсету жүйесін жетілдіру, инфрақұрылымды дамыту және саланы жаңғырту мәселелері талқыланады. Жалпы республикалық жұмыс тобының Түркістан облысына сапары Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген басым бағыттарды кеңінен түсіндіруге, мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттерін тұрғындармен талқылауға және өңірдің өзекті мәселелері бойынша ұсыныстарды ортаға салуға бағытталған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Дженсен Хуанг NVIDIA компаниясының бас директоры және директорлар кеңесі қызметінен кетті

Американдық технологиялық алыбы және әлемдегі ең құнды чип өндірушілерінің бірі Nvidia компаниясы Дженсен Хуангтың компанияны 30 жыл басқарғаннан кейін бас ...

Послание: Республиканская рабочая группа встретилась с жителями Туркестана

В целях разъяснения Послания Главы государства Касым-Жомарта Токаева «Актуальные задачи Казахстана на новом историческом этапе» республиканская рабочая группа встретилась с ...