Еңбек құқықтарын қорғау – Конституция кепілі — Xnews — ақпарат агенттігі

Еңбек құқықтарын қорғау – Конституция кепілі

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мәселесіне қатысты маңызды құқықтық ұстанымын білдірді. Атап айтқанда, 2026 жылғы 8 маусымдағы №81-НҚ нормативтік қаулысымен 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 160-бабы 1-бөлігінің 2) тармақшасының және 5-бөлігі үшінші абзацының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестігі қаралды.

Конституциялық Сот еңбек даулары туындаған жағдайда азаматтардың конституциялық құқықтары толық көлемде қорғалуы тиіс екенін атап өтті. Еңбек заңнамасын қолдану барысында әрбір адамның сот арқылы өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құқығы қамтамасыз етілуі қажет.

Қаулыда заң нормаларын қолдану кезінде Конституцияның үстемдігі басшылыққа алынуы керектігі көрсетілді. Бұл еңбек қатынастары саласында қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері арасындағы теңгерімді сақтауға, сондай-ақ әділ сот төрелігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Аталған құқықтық ұстаным еңбек даулары бойынша сот тәжірибесін біріздендіруге және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау кепілдіктерін нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл шешім еңбек заңнамасын Конституция талаптарына сәйкес түсіндірудің және қолданудың маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.

Еңбек – әрбір азаматтың конституциялық құқығы. Сондықтан еңбек қатынастарына қатысты кез келген дау заң талаптарына ғана емес, ең алдымен Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидаттарына негізделіп шешілуі тиіс. Конституциялық Соттың бұл қаулысы осы қағидаттың іс жүзінде жүзеге асырылуына бағытталған маңызды құқықтық бағдар болып табылады.

Түркістан қаласының прокуратурасы

x

Check Also

Түркістан: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ашық есік күнің өткізеді

Құрметті Түркістан облысының кәсіпкерлері және тұрғындары! Сіздерді 7 қазан күні сағат 14:00-ден 16:30-ға дейін «Достық үйінде» өтетін «Даму» қорының Ашық ...

Шымкентте шағын футболдан тартысты турнир өтті

Жарысты Саттар Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейін 2003 жылы тәмамдаған түлектер ұйымдастырды. Ала доп додасында мектептің әр жылдардағы түлектерінен құралған ...