Шымкенттік жүзушілер Душанбеде 17 медаль иеленді — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкенттік жүзушілер Душанбеде 17 медаль иеленді

Шымкент қаласының жүзу командасы Тәжікстанның астанасы Душанбеде өткен халықаралық турнирде ел намысын абыроймен қорғады. Тәжікстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған жарысқа Тәжікстан, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және өзге де елдерден 100-ден астам спортшы қатысты.

Жарыс қорытындысында Шымкент құрамасы жалпы командалық есепте үшінші орын алды. Қоржынға 5 алтын, 5 күміс және 7 қола медаль түсті. Жарыста Нұрдәулет Әбжапаров екі бірдей қашықтықта жеңіске жетті. Ол 200 метрге еркін жүзуде және 200 метрге шалқалап жүзуде топ жарса, 400 метрге еркін жүзуде күміс медаль иеленді.

Кирилл Колесников 400 метрге еркін жүзуде жеңімпаз атанып, 200 метрде күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Аяжан Айнабекова 200 және 400 метрге еркін жүзуде екі алтын медаль жеңіп алды.

Команданың жалпы нәтижесіне Дарья Пушко да елеулі үлес қосты. Ол жекелей жарыстарда үш күміс медаль алып, эстафетада қола жүлдеге ие болды. Айғаным Қуандыкова 50, 100 және 200 метрге еркін жүзуден үш қола медаль және эстафетадан тағы бір қола медаль еншіледі.

Сабина Мұхан, Рамина Ағабаева және Тимофей Түркенич те өз сайыстарында жүлдеге ілікті.

Осылайша, Шымкент құрамасы жарысты 17 медальмен қорытындылады. Бұл нәтиже қаладағы жүзу мектебінің әлеуеті жоғары екенін көрсетіп, спортшылардың алдағы халықаралық додаларда да жүлде үшін таласуға мүмкіндігі мол екенін аңғартты.

17 медалей завоевали пловцы из Шымкента в Душанбе

Сборная Шымкента достойно представила Казахстан на международном турнире по плаванию в Душанбе, посвящённом 35-летию государственной независимости Таджикистана. В соревнованиях приняли участие более 100 спортсменов из Таджикистана, Казахстана, Узбекистана, Российской Федерации и других стран.

По итогам заплывов команда Шымкента заняла третье место в общекомандном зачёте, завоевав 5 золотых, 5 серебряных и 7 бронзовых медалей.

Главными героями турнира стали Нурдавлят Абжаппаров, выигравший 200 метров вольным стилем и 200 метров на спине, а также взявший серебро на 400 метрах вольным стилем. Кирилл Колесников, ставший победителем на 400 метрах вольным стилем и серебряным призёром на 200 метрах; и Аяжан Айнабекова, оформившая сразу два золота — на дистанциях 200 и 400 метров вольным стилем.

Весомый вклад в медальную копилку сборной Шымкента внесли Дарья Пушко — три серебра в личных заплывах и бронза в эстафете, Айганым Куандыкова — три бронзовые медали на дистанциях 50, 100 и 200 метров вольным стилем и бронза в эстафете, а также Сабина Мухан, Рамина Агабаева и Тимофей Туркенич, завоевавшие медали в своих дисциплинах.

17 медалей — результат, который подтверждает высокий уровень шымкентской школы плавания и показывает, что у команды есть серьёзный потенциал для новых побед!

Otyrar.kz

x

Check Also

Язык — путь к единству и основа порядка

В городской универсальной библиотеке имени А. Пушкина города Шымкента в рамках Дня языков народа Казахстана и в соответствии с принципом ...

Тіл – бірлікке бастар жол және тәртіп негізі

Шымкенттегі А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада Қазақстан халқы тілдері күніне орай және «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Тіл – өзара ...