«Startup Orda»: Идеяны жобаға айналдыратын мүмкіндік — Xnews — ақпарат агенттігі

«Startup Orda»: Идеяны жобаға айналдыратын мүмкіндік

Қаламызда идеяны шындыққа айналдыруға мүмкіндік беретін жоба басталды. Shymkent Hub ұйымдастырып отырған «Startup Orda» бағдарламасы биыл екінші рет өткізіліп отыр. Жобаға қатысу үшін арнайы тәжірибе немесе білім талап етілмейді. Жас шектеуі де жоқ — стартап саласына қызығушылығы бар кез келген адам өз идеясын дамытуға мүмкіндік алады.

9-сынып оқушысы Медина Талғатқызы «Startup Orda» жобасына алғаш рет қатысып отыр. Жас өнертапқыш бұған дейін өз қызығушылығымен еңбек келісімшарттарын түсіндіруге көмектесетін Telegram-бот әзірлеген. Оның айтуынша, бұл идея ақпараттан еңбек келісімшартына қатысты алаяқтық әрекеттерді көргеннен кейін туған. Енді Медина жобасын жетілдіріп, арнайы қосымша жасауды көздейді.

Медина Талғатқызы, жоба қатысушысы:
«Менің ойымша көп студенттер бірінші жұмысқа тұрғанда келісімшарт туралы көп білмейді. Сол олардың қасында телеграм бот сияқты керек деп ойлаймын. Еңбек келіісімшартпен қазірде көп адамдар алдануы мүмкін. Және менің ойымша ол өте керек зат. Мүмкін өте дамыған емес. Бірақ Пайдалы зат деген ойдамын».

«Startup Orda» жобасы қазір еліміздің төрт қаласында өтіп жатыр. Шымкентте бұл бастама екінші рет ұйымдастырылуда. Биыл жобаға қызығушылық танытқандар саны да артқан. Өткен жылы 50 өтініш түссе, биыл олардың саны үш есеге көбейіп, 150-ден асты. Іріктеу нәтижесінде 120 қатысушы бағдарламаға жолдама алды.Алдағы үш айда енді олар өз идеяларын жетілдіріп, стартаптарын әзірлейді. Бағдарламаның соңында демо-дей өтіп, үздік жобалар анықталады.

Тимур Қозыкеев, «Shymkent Hub»:
«Бірінші орындағыларға біз штелдік хабқа жібереміз. Ол бізде Америка құрама штаттары немесе бізде Шанхайда хаб бар. Сол хабтарға жіберу мүмкіндігіміз бар. Ал жюридің айтқан брінші орындағы стартаптарды біз Астанадағы жаңа жылдағы пицца пич тож жібереміз».

Үш ай бойы қатысушылардың басты міндеті — өз идеясын дайын өнімге айналдыру. Алғашқы айда олар тың бастамаларын жетілдірсе, кейінгі екі айда жобаларын дамытуға ден қояды. Сабақтар онлайн да, офлайн да өтеді. Осылайша қатысушылар тек жергілікті мамандардан емес, еліміздің өзге өңірлеріндегі тәжірибелі сарапшылардан да білім алады.

Мұхит Кемелов, цифрландыру басқармасының басшысы:
«Енді бізде былтырғы нарықтан өткен жоба бар. Ол осы емханаларда терапевт болсын, басқа да дәрігердің ЖИ агенті көмекшісі ретінде енгізілген жоба. Былтыр олар қатысқа жобаға. Сөйтіп жәйлап пилоттық режимде біз оларды тексергенбіз. Одан кейін олар нәтижесін оң көрсетіп,бүгінде уже коммерциялық бағытта жұмыс жасауда. Біздің осы қаламыздағы емханалармен бірге(.

Жоба бұған дейін де өз нәтижесін көрсеткен. Өткен жылы бағдарламаға 50 адам қатысып, олардың арасынан 20-дан астам стартап әзірленген. Кейбірі бүгінде нақты қолданысқа енгізіліп жатыр. Биыл 120 қатысушының арасынан 50-60 жаңа стартап шығару жоспарланып отыр.Айта кетейік, «Shymkent Hub» алаңында бұдан бөлек те бірнеше хакатон ұйымдастырылған. Қазір сол байқауларда үздік атанған жобаларды қалада пилоттық режимде іске қосу жұмыстары жүргізілуде.

Ботакөз Әнуар,
Otyrar.kz

x

Check Also

Язык — путь к единству и основа порядка

В городской универсальной библиотеке имени А. Пушкина города Шымкента в рамках Дня языков народа Казахстана и в соответствии с принципом ...

Тіл – бірлікке бастар жол және тәртіп негізі

Шымкенттегі А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада Қазақстан халқы тілдері күніне орай және «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Тіл – өзара ...