Азық түлік қауіпсіздігі мәселесі дүние жүзін ойландырып отырған шетін мәселе. Жаңа технологиямен шаруасын реттеп алған Голландия сияқты аграрлы мемлекеттер болмаса шекесінен шеруен атып, асып-тасып отырған елдер аз. Африка халқы аштық құрсауында. Яғни, азық-түлік қауіпсіздігі әрбір мемлекет үшін үлкен сынақ алаңына айналды. Ал, халқы млн.-нан асатын Шымкенттің жағдайы қалай?!
Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Талғат Тойлыбайұлы Мекембаевтың есебі бойынша биылғы он айлық көрсеткіш бойынша халық өнім көлемі 47,5 млрд. теңгеге жеткен. Орындалу керек меже-55,3 млрд.теңге. Басқарма басшысы он айда қандай жұмыстар атқарылғандығын жүлгелеп берді.
Атап айтқанда, қалада ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 47,5 млрд теңгеге жетті (жоспар – 55,3 млрд тг).
Есепті айда 5,9 мың тонна ет, 59,9 мың тонна сүт, 196,8 млн дана жұмыртқа өндіріліпті.
Биыл 23 мың га жерге дақылдар егіліп, 82 мың тонна өнім жиналды. Оның ішінде: дәнді дақылдар – 7,0 мың га, майлы дақылдар – 3,3 мың га, көкөніс-бақша – 1,7 мың га, картоп – 0,1 мың га, мал азығы – 10,9 мың га.
Қала аумағындағы 1 382 га жерге саяқ шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жүргізілді.
Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың Жол картасы аясында құны 12,2 млрд тг болатын 5 жобаны іске асыру көзделіп, 90 тонна сыйымдылығы бар «НМИ-Юг» көкөніс қоймасы іске қосылды. Сондай-ақ 2 сүт фермасы («Қаскасу-С», «Эгамназаров») және 2 көкөніс сақтау қоймасы («Нур-Алем», «Қаскасу-С») салынуда. Бұл жобалар «СҚО тәжірибесі» бойынша бірлескен қаржыландыру арқылы жүзеге асырылуда.
Жыл басынан ауыл шаруашылығы саласына 12 жоба бойынша инвестиция тартылып, 170 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде: 1 көкөніс қоймасы, құс фабрикасы, 6 сүт өңдеу кәсіпорны, 1 сүт фермасы, жеміс-көкөніс өңдеуді кеңейту және жылыжай кешені («Alsera KZ» – 40 га).
«ALARKO Holding» компаниясы «Бозарық» индустриялық аймағында 208,4 га жерге ауқымды жылыжай кешенін салуды бастады. Қазір 40 гектары аяқталып, 14 гектарға қызанақ көшеттері отырғызылды. Алғашқы өнім қараша айының соңында жиналады. Жоба құны – 650 млн АҚШ доллары, қуаттылығы – 155 мың т өнім, 5 000 жұмыс орнын құру жоспарланған.
«FABE Agro» ЖШС 150 гектар аумақта жоғары технологиялы жылыжай салуды жоспарлауда (құны – 68,8 млрд тг).
Салаға тартылған инвестициялар көлемі 43,4 млрд тг болды.
Ветеринариялық қызметтер бойынша атқарылған жұмыстар:
Қала аумағында ауыл шаруашылығы жануарларына жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралардың орындалу барысы.
Бруцеллез анықталған 1 бас ІҚ және 7 бас уақ мал санитариялық союға өткізіліп, қора-жай аумағы толық залалсыздандырылды.
2025 жылы 18 000 бас МІҚ, 22 000 бас ҰМ, 500 бас шошқа төлдерін бірдейлендіру жоспарланып, жыл басынан 47 624 бас ауыл шаруашылығы жануарларынан (18 426 бас МІҚ, 29 072 бас ҰМ, 126 бас шошқа) алынған төлдер сырғаланып, АШЖБ АЖ-не енгізілді. Иелерінің өтініші бойынша, 70 077 а.ш. жануарлары (19 323 бас ІҚМ, 43 647 бас ҰМ, 6 444 бас жылқы, 661 бас шошқа) есептен шығарылды.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, биыл қала аумағында бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен 10 рет жүргізілді. Қоғамдық кеңес мүшелері кейінгі кездері ауыр жағдайға ұрындырып жүрген қаңғыбас жануарларды аулау мәселесіне айрықша көңіл бөлді.
Басқарма басшысы «I komek109 ахуалдық орталығы», аулау қызметінің байланыс нөмірлері, сонымен қатар әлеуметтік желілер арқылы азаматтардан өтініштері бойынша (6 993 өтінім) қараусыз қалған және қаңғыбас 45 620 ит-мысықтар (40 109 ит, 5 511 мысық) үлгілік қағидаға сәйкес ауланғандын айтты. Сондай-ақ, жыл басынан уақытша ұстау орталығына келіп өтінім білдірген азаматтар мен зооеріктілерге асырап алу үшін 584 бас ит-мысықтар беріліпті.
Қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау орталығында, жануарларға тұрақты түрде күтім (ауыз су, тамақтандыру, механикалық тазарту) жасалуда.
Ветеринариялық нысандар:
8 сібір жарасы ошағы талапқа сай бетондалып қоршалған.
9 мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) талапқа сай ұсталуда. Қазіргі таңда 3 нысан пайдалануда, қалғаны толуына байланысты жабылған. Қала аумағында эпизоотиялық ахуал тұрақты.
Индикативтер бойынша:
Ветеринариялық бекеттер (6) мен биотермиялық шұңқырлардың (5) құрылыстарын жүргізуге жер телімдері анықталып, орналасқан жері бойынша Google диск енгізілді.
Биотермиялық шұңқырларына Шымкент қаласының құрылыс басқармасы тарапынан ЖСҚ жасалу үстінде.
Сондай-ақ, 2026-2027 жылдарға Республикалық бюджеттен ветеринариялық станция (1) мен ветеринариялық бекеттерді (6) сатып алу үшін 210,0 млн.тг бөлінді.
Шымкент қаласындағы қоғамдық кеңеске есеп бергенде басқарма басшысы қалада ет-сүт өнімдеріне тәуелділік бар екенін жасырмады. Себепте белгілі. Өйткені, қалада ауыршаруашылығын өрістетуге, яғни, мал жаятын жайылымдық жер жоқтың қасы, Шымкентке Ордабасы, Төле би және Сайрам ауданынан елді мекендер қосылғанымен мегаполисті осы өнімдермен қамтамасыз ете алмайды. Оның үстіне биыл қуаншылық қос етектен қысып тұр. Жайылымдық жері мол аудан, қалалардың өзі жем-шөп дайындалудан әбден қиындық көрді. Шымкенттің жағдайын бау-бақша, жеміс өнімдері толық жабатын сыңайлы.
Айтайық. Түріктің «Alarko Holding» компаниясы «Бозарықтағы» индустриялық аймаққа 208,4 гектарға жылыжай кешенін салып жатыр.
Сонымен қатар, қоғамдық кеңестің отырысында жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ энергетика және инфрақұрылымды дамыту салаларындағы атқарылған жұмыстар қаралды. Басқарма басшылары өз бағыттары бойынша жасалған жұмыстар мен жоспарлар туралы баяндама жасап, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін негізгі көрсеткіштер мен нәтижелерді ұсынды.
Кеңес мүшелері баяндамаларды талқылап, мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын білдірді. Кейбір өзекті мәселе қоғамдық бақылауға алынатыны айтылды. Бұл — қаладағы ашықтықты арттыруға, тұрғындардың сұранысына жедел жауап беруге мүмкіндік.
Отырыста оқылған баяндамалардан, көтерілген мәселелерден Шымкенттің тұрақты дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ортақ бастамалардың нақты орындалып жатқанын байқадық.
Бұл — қала тұрғындары үшін маңызды. Себебі Қоғамдық кеңес мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етіп, халық пен билік арасындағы көпір қызметін атқарады.
Салалық басқармалардың есептері алдағы жұмыстың бағыт-бағдарын айқындауға, тұрғындар мүддесіне сай шешімдер қабылдауға негіз болмақ.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
