Президент Парламенттік реформа жасау туралы бастама көтерді — Xnews — ақпарат агенттігі

Президент Парламенттік реформа жасау туралы бастама көтерді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Қазақстанда парламенттік реформа жасау туралы шешімін неліктен ертерек жариялағанын түсіндірді. 

«Бұл – әлемде кеңінен тараған парламенттік рәсім. Осылайша, Мәжілістің қазіргі құрамы барлық заңдық рәсімдер аяқталғанша өз ісімен айналыса береді.

Сенат жалпыұлттық референдумның қорытындысы шығып, жаңа Парламент сайлауы өткенге дейін алаңсыз жұмыс істейді. Ал саяси партиялардың бәсекелі тартысқа дайындалуына уақыты болады.

Депутаттарымыз нағыз мемлекетшіл азамат ретінде бұл мәселеге зор жауапкершілікпен әрі түсіністікпен қарайды деп ойлаймын.

Түптеп келгенде, саяси реформалардың бәрі еліміздің біртұтас институционалды жүйесінің ажырамас бөлігіне айналады.

Әрине, заңды сұрақ туындауы мүмкін: Президент Парламенттік реформа жасау қажеттігі туралы неге соншалықты ерте жариялап жатыр, әйтпесе, саяси технологияның қағидасына сәйкес мұндай шаралар тосыннан, күтпеген жерден жасалады емес пе?

Бірақ мен осыған дейін де айттым, тағы да қайталап айтамын: мен еліміздің және халқымыздың тағдырына қатысты қандай да бір мәселеге келгенде тек қана ашық саясат жүргізу керек деп санаймын, мұндай ауқымды реформаны қоғамнан құпия ұстауға болмайды деп есептеймін.

Осындай тағдырлы мәселелер бойынша халықпен ашық сұхбат жүргізу қажет деп сенемін. Сонда ғана бәріміз бір ел болып, Әділетті және Қуатты Қазақстанды құру жолында тағы бір маңызды қадам жасаймыз» деді Президент.

Шет елдердің тәжірибесін зерттеп көрсек, бірпалаталы парламент жүйесі әлемде кең тараған. Әдетте мұндай үлгіні шағын әрі унитарлы мемлекеттер таңдайды. Мәселен, Дания, Швеция, Финляндия, Грекия, Португалия және Венгрияда парламент бір ғана палатадан тұрады. Сондай-ақ Израиль, Түркия, Қырғызстан мен Армения да осы модельді қолданады.

Тәжірибе көрсеткендей, бірпалаталы құрылым заң қабылдау ісін жеңілдетіп, шешімдерді жедел қабылдауға мүмкіндік береді. Қос палатаның арасындағы келісімге уақыт кетпейді, бюджет шығыны да азаяды. Мысалы, Қырғызстан 2007 жылдан бері бірпалаталы Жоғары Кеңеспен (Жогорку Кенеш) жұмыс істеп келеді. Бұл қадам заң шығару процесін жылдамдатқанымен, өңірлік мүдделерді жеткізуге қатысты сұрақтар әлі де өзекті болып отыр.

Ал Скандинавия елдерінде, әсіресе, Швеция мен Данияда бірпалаталы жүйе қоғамға ашықтық пен саяси жауапкершілікті арттырды.

Яғни, мұндай жүйенің артықшылығы — тиімділік пен қарапайымдылықта, ал әлсіз тұсы — аймақтардың мүддесі кейде екінші кезекке ысырылуы мүмкін.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды

Сонымен қатар Қауіпсіздік Кеңесі тұрақты мүшелерінің ұстанымын Ұйымдағы дағдарыстың басты себептерінің бірі ретінде атады – Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау туралы ...

Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерге тоқталды

– Жаһандық көшбасшылар, әлемнің әр қиырындағы жекелеген мемлекеттердің жетекшілері, ең алдымен, халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауы қажет деп ...