БАЛДЫҢ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ПАЙДАСЫ ҚАНДАЙ?

Бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығаратын жоғары калориялы дәмді , диеталық тағамы —
балды көпшілік қыстың күндері суық тигенде ем ретінде қолданады.

Сонымен күнделікті тірішілігімізге қолданып жүрген балдың пайдасы қандай? Зияны бар ма? Толығырақ тоқталсақ.

Бал — мыңжылдық тағам десек де болады. Өйткені құрамы қанша жыл сақтасаңда бұзылмайтын қоймалжың.

Жалпы  ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді. Бір шырынды бал – тек өсімдіктің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктің түріне (қарақұмық балы, жөке ағаштың балы, т.б.) қарай атайды. Көпшырынды бал – өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Мұндай балды табиғи бал беретін өңірлерге байланысты (дала балы, тау балы, бақ балы, т.б.) әртүрлі атайды.

1 келісінің өзі — 3150 калория қуат беретін тағамда — белок, көмір сутегі, глюкоза, жүзім қанты, сахороза, мальтоза бар. Одан бөлек, В3, В5, А, С, Н, Е, К дәрумендері, минералды тұздар, ферменттер және химиялық элементтер (калий, кальций, фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір, марганец, мыс, т.б.) кездеседі. Және балдың жүйкені тыныштандыратын, қан қысымын түсіретін, иммунитетті көтеретін, қартаюды тежейтін қасиеттері бар.

Балдың жеу мөлшері қанша?

Тәулігіне ересектер үшін 80 — 150 гр, кішкентайларға 30 — 50 грамнан асырмай балды таңертең және кешке тамақтанудан 30 минут алдын жеу керек.

Айта кететіні, тамақтану кезінде бал  жесеңіз артық салмақ қосып алуыңыз мүмкін.

Кез — келген тағамның қолдану мөлшері болатыны секілді, қолдануына болмайтын ағза иелері де бар.

Бал — өте ауыр азық болғандықтан қолдануы зиян тигізетін адамдар да бар.

Оны ұйқы безі ауыратындарға, аллергиясы барларға, 2 жасқа толмаған сәбилерге, қызуы көтеріліп тұрғанда, асқазан-ішек жолдары ауырулары барларға, емізулі аналарға қолдану зиянды. Сонымен қатар, қант диабетімен ауыратындарға, инфаркт пен инсульт алғандарға және семіздікке шалдыққандарға да бал жеуге қатаң тыйым салынады.