1 қаңтардан бастап көп балалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы беріледі

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға табысына қарамай төленетін мемлекеттік жәрдемақы енгізілді, — деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі өкілдерінің айтуынша, жәрдемақы отбасының бала санына қарай беріледі.

Айта кетейік, ведомство атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің қолданыстағы жүйесін жетілдіру мақсатында жаңа заң жобасын әзірлеген. Келер жылдан бастап күшіне енетін заң жобасына бірнеше шарттар қосылды. Солардың бірі – көп балалы отбасындағы еңбекке қабілетті мүшелері мемлекет ұсынған жұмысқа орналасуы тиіс. Бұл шарт орындалмаған жағдайда барлық отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылады. Қазір елімізде 340 мыңнан астам көп балалы отбасы бар.

Ғалия Жабағина, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ана мен баланы қолдау басқармасының басшысы:

— Көп балалы отбасыларға олардың табысын ескермей, тек отбасындағы балалардың санына байланысты сараланған жәрдемақы түрі енгізілетін болады. 4 бала болса – 42 496 теңге, 5 балаға – 53 127 теңге, 6 балаға – 63657 теңге, 7 және одан да көп баласы барларға  – 74 388 теңге төленеді. 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін арнаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындалған отбасыларға бұл автоматты түрде жүргізіліп жатыр. Ал 2018-2019 жылдары көп балалы болған отбасыларға өтініштің электронды түрі тағайындалып, тек осы азаматтардан қол қою рәсімдері және құжаттарды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Салық реформасы баршаға тиімді болуға тиіс

Қосылған құн салығына (ҚҚС) қатысты халық арасында әлі де сұрақ көп. Бұл мәселені сан-саққа жүгіртудің қажеті жоқ, байыппен қарап, кәсіби ...

Сауда тәртібі түзелсе, салық есебі түгел — вице-министр

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин салық реформасына қатысты маңызды мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды Baq.kz. Оның айтуынша, қосылған құн салығы (ҚҚС) ...