Шымкент

Қаламыздағы көгалдандыру жұмыстары

Әл-Фараби ауданының көшелерін көріктендіру, көгалдандыру және күтіп ұстау жұмыстары кестеге сай атқарылуда. Ауданға қарасты жетпіс екі басты көше бойларындағы жасыл-желектерді суғару, күтіп ұстау, санитарлық қырқу, ағаш түптерін әктеу, оларды ретке келтіру, шөп ору жұмыстары мердігер мекеме «Build Stroi» ЖШС-і тарапынан күнделікті жүргізілуде.   Ал көпқабатты үйлерде төрт жүз аула мен үш жүз отыз екі  ішкі орамдық көшелердің дарақтарын санитарлық қырқу ...

Читать далее »

Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында жүзден аса жас жұмысқа орналасты

Шымкент қаласында жұмысқа алғаш рет орналасатын, еңбек тәжірибесі жоқ жастарды қолдау мақсатында «Алғашқы жұмыс орны» жобасы жүргізілуде. Бүгінге дейін жобаға қатысуға 109 жас ниет білдіріп, қазіргі таңда өз мамандығы бойынша түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолданып, екі жылға тұрақты жұмысқа орналасты. Алғашқы жұмыс орны жобасы — «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІІ бағыты ...

Читать далее »

Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес 2020 жылдың 15 сәуірінен бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылап келеді. Қала аумағында өтетін жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілер мен шаруа қожалықтары өз өнімдерін нарық бағасынан 10-15% төмен бағада ұсынады. Жәрмеңкеге қала кәсіпкерлері мен Түркістан облысының Төле би, Түлкібас, Сайрам, Ордабасы, Отырар аудандарынан 200-ден астам тауар өндірушілер қатысуда.   Қала тұрғындары ет, сүт өнімдерімен ...

Читать далее »

Ұлттық халық санағының 2 кезеңіне насихаттау жұмыстары басталды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы №419 қаулысына сәйкес 2021 жылғы 1-30 қазан аралығында Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы өткізіледі. Ағымдағы жылдың 1 — 30 маусымы аралығында санаққа дайындықтың 1-кезеңі өтті. Қазіргі таңда санақтың 2-кезеңіне дайындық жұмыстарын насихаттау бойынша Абай ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. 2-кезеңде сауалнама парақтарын онлайн режимде өз бетінше немесе үй-үйді аралау ...

Читать далее »

Шымкент қаласы «Күнделік» электронды жүйесін қолдануда үздік нәтиже көрсетті

«Күнделік» электронды ақпараттық жүйесі өткен аптадағы өңірлердің белсенділік көрсеткіштерін жариялады. Оған сәйкес, өткен екі апта қорытындысы бойынша «Күнделік» электронды журналымен жұмыс жүргізуде Шымкент қаласы үздік нәтиже көрсетті.   Шымкент қаласының білім саласы жаңа оқу жылында осындай оң нәтижеге қол жеткізді. Бұл көрсеткіш ұстаздардың білім берудегі белсенділігі мен біліктілігін айқындайды.   Сондай-ақ, белсенділігі жоғары үш аймақтың қатарында Ақмола, Қостанай және Түркістан ...

Читать далее »

Тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті нашар спортшылар арасында спартакиада басталды

Шымкент қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті нашар спортшылар арасында еліміздің VI Спартакиадасы басталды. Жарыс паралимпиадалық емес бес спорт түрінен – дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, каратэ және арбада билеу сынды бағдарлама бойынша өтеді. Сайысқа еліміздің барлық өңірінен үш жүзден астам спортшы қатысады.   Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов сайыстың ашылу рәсіміне қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Жарыс 21-25 қыркүйек аралығына ...

Читать далее »

Шымкентте 6 жерде көмір сату орындары бар

Шымкент қаласында орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1945 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 1908-сі, яғни 98% жылу маусымына дайын. Қалған тұрғын үйлерде дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Орталықтандырылған жылу қазандығына қосылмаған елдімекен тұрғындары жылыту маусымында 77,6 мың тонна көмірді қажет етеді. Қазіргі уақытта қоймада 62 мың тонна көмір бар. Алайда, қалаға көмір тасымалдаушы мекемелердің («Насыров» ЖК, «Қосжанов» ЖК, «Азамат мұнай» ЖШС, «COALBAG» ...

Читать далее »

«Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ҚР Төтенше жағдайлар министрінің ұйымдастырушылық нұсқауларына сәйкес, «Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысуда. Оқу-жаттығу 2021 жылдың 21-22 қыркүйек аралығында Алматы облысында өтеді.   Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ жойқын жер сілкінісі туындаған кезде ТЖ жоюға азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері ...

Читать далее »

«TEN QOGAM» секторы 3300-ден аса мүмкіндігі шектеулі азаматқа қызмет көрсетті

Шымкент қаласының «Шапағат» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жанынан ашылған «TEN QOGAM» секторы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау бағытында жұмыс істейді. Биыл 1 шілдеде ашылған кеңес беру секторы бүгінге дейін жалпы 3 377 мүмкіндігі шектеулі азаматқа әлеуметтік мәселелер бойынша қызметтер көрсетті. Мәселен, әлеуметтік қызметтер порталын қолдануда көмек беру, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа қабылдау бойынша кеңес беру, жекелей сүйемелдеу, психологтың көмегі және ...

Читать далее »

Шымкентте биыл 30 көше жарығы LED шамдарымен алмасады

Шымкент қаласында жарықтандыру және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында заманауи энергия үнемдегіш LED шамдары орнатылуда. Көше шамдарын қайта жаңарту жұмысы барысында 1 727 жарық шам мен 643 электр бағанасы ауыстырылып, 84 шақырымға жер асты кабелін тарту жоспарланып отыр. Реконструкция жұмысы қазір Желтоқсан, Ғ.Ильяев пен Б.Момышұлы көшелерінде басталған. Атап айтқанда, Желтоқсан көшесінде қазір 116 жарық шам ауыстырылып, 2,9 шақырымға жер ...

Читать далее »

Биыл ашылған мектептер циклі «Жас Дарын-2»

Биылғы оқу жылында қала мектептеріне 233 мыңнан астам оқушы барды. Білім басқармасының дерегінше, биыл мектепке барған оқушылар саны алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 8 мың балаға артқан. Бала санының өсуі қосымша білім беру ұйымдарына деген сұранысты арттырды. Білім саласындағы өзекті мәселені оңтайлы шешуге мемлекеттік-жекешелік әріптестік кең мүмкіндік ашты.   Жаңадан ашылған жекеменшік мектептер өз қызметінде мемлекеттік білім беру стандарттарын басшылыққа алады. ...

Читать далее »

Әл-Фараби ауданында 1700 кәсіпкерлік нысан « Ashyq» жүйесіне тіркелген

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары М.Тәжібаев аудандағы мониторинг топтың атқарған жұмыстарын қорытындылады. Оның айтуынша, ауданда 1700 кәсіпкерлік нысан «Ashyq» жүйесіне қосылған. – Ауданда карантиндік талаптардың бұзылуы анықталған жағдайда әкімшілік сипаттағы шараларды қолдану бойынша іс-қимыл алгоритмі бекітілген. Рейд жұмыстарын жүргізу үшін жыл басынан ауданда 6 мониторингтік топ жұмыс атқарып келеді. Жүйелі жұмыстың арқасында жыл басынан бері 31 174 кәсіпкерлік нысан ...

Читать далее »

Ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған

Ғұмырын  шәкірт  тәрбиесіне  арнаған  Шымкент қаласында 37 жылға жуық уақыт бір мектептен тапжылмай қызмет етіп келген ұстаз бар. Ол Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінің география пәнінің мұғалімі Майса Ахмет. Шәкірттеріне картадан еліміздің өзені мен таулары, табиғатын таныстырып, ғылымға жетелейтін ұстаздың жүріп өткен еңбек жолында жеткен жетістіктері аз емес. Ғұмырының қырық жылға жуық уақытын ұрпақ тәрбиелеуге арнаған ардақты ұстаз бүгінде Республикалық ...

Читать далее »

Инклюзивті білім беру – педагог кәсібилігінің жаңа тұрпаты

Оқу үдерісінің дұрыс жүруіне, мемлекеттік стандарттарға сәйкес білім деңгейіне жетуге, оқушының денсаулығы мен жеке тұлға ретінде дамуын мақсат еткен Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты М.Жұмабаев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектебінде 2021 жылдың 21 қыркүйек күні Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының «Инклюзивті білім беру» зертханасының бас сарапшысы С.Қ.Исмагулова зерделеу жұмысын бастады.   Бас сарапшы зерделеу барысында білім беру мониторингін ...

Читать далее »

«Бақытты отбасы» бағдарламасының қатысушылары «Шаңырақ» бағыты арқылы баспаналы бола алады

Шымкент қаласында «Бақытты отбасы» бағдарламасының негізгі тізіміндегі төлем қабілеттігін растаған, алайда әлі пәтер іздеу үстінде немесе негізгі тізімде, әлі банкке келмеген азаматтар «Шаңырақ» бағыты арқылы беріліп жатқан баспаналарды 2 пайыздық жеңілдетілген көрсеткішпен ала алады.   Бағасы нарықтан төмен баспананы алу үшін baspana.otbasybank.кz сайты арқылы азаматтар өз өтініштерін жолдай алады. Егер азаматтардың төлем қабілеттігін растағандығы бойынша 6 айлық мерзімі аяқталмаған болса, ...

Читать далее »

Шымкентте 80 мың тонна өнім жиналды

Шымкентте биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 29,3 мың га жерге егілді. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,4 мың гектарға артық. Егін жинау жұмыстарына 791 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жаңа 7 трактор сатып алынды. Оның ішінде 3 дана шетелден және 4 дана отандық трактор алынды. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасымен 2 техника субсидияланды. Пандемияға қарамастан диқандардың орасан еңбегінің нәтижесінде Шымкентте ...

Читать далее »

«OTBASY FEST» жас отбасыларға серпін берді

Шымкент қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай және Отбасы күні мерекесі қарсаңында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту тапсырмасы негізінде «OTBASY FEST» атты отбасылық сайыс жас отбасыларға серпін берді. А. Асқаров атындағы дендросаябақта «Рухани қоғам әлемі» қорымен бірлесіп өткен іс-шараға 10 отбасы қатысып, бақтарын сынады. Жарыста бірінші орын алған Ниязалиевтер отбасына теледидар берілді. Іс-шараға белсене қатысқан он отбасы Алғыс ...

Читать далее »

«Шымкент — 2200: туристік креативті қала бейнесі» байқауына өтінімдер қабылдануда

  Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік туризм күніне орай 26-27 қыркүйек күндері «Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» атты форум-көрме өтеді. Іс-шараға өтінімдерді қабылдау уақыты ұзарды, яғни 24 қыркүйек өтінімдер қабылдаудың соңғы күні. Талантты азаматтарды қолдай отырып, қаланың креативті бейнесін қалыптастыруға бағытталған шара – бәсекелестік қабілетті арттырып, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуына және туризм саласының өркендеуіне ықпал етеді. ...

Читать далее »

Жеке кәсіптерін ашқандар қатары көбейген

Қазығұрт ауданында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Мемлекеттік бағдарлама аясында шағын несие алып, жеке кәсіптерін ашқандар қатары көбейген. Нәтижесінде ауыл тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтылып, әлеуметтің әлеуеті артқан. Бүгінде аудан көлемінде 100 азамат қайтарымсыз жаңа бизнес идеяларға мемлекеттік грант алып өз шаруаларын дөңгелетуде. Қазығұрт аудан әкімі Арман Абдуллаев аудан көлеміндегі мемлекет тарапынан қайтарымсыз несие алған азаматтардың жұмыс барысымен танысты. Солардың бірі ...

Читать далее »

Президенттік жас кадр резерві- жастарға берілген мүмкіндік

Елімізде 1 қыркүйектен бастап президент жанындағы жастар кадр резервіне іріктеу басталды. Мемлекеттік сектор үшін 50 резервші іріктелмек. Іріктеуге енгізіліп отырған жаңашылдықтардың бірі – үміткерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейі сарапқа салынады. Оны Qaztest немесе Qazaq Resmi Test сертификаттары арқылы растауы шарт. Биылғы Президент жанындағы жастар кадр резервіне іріктеудегі басты талаптардың бірі – мемлекеттік тілді меңгеру. Осы мақсатта Шымкенттегі Қазтест жүйесі негізінде ...

Читать далее »