Шымкент

Тұрғындарды онлайн санақтан өтуге шақырамыз!

Ағымдағы жылдың 1-ші қыркүйегінде Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды. Халық санағы алғаш рет цифрлы технологияларды пайдалану арқылы өтеді. 1 қыркүйектен 15 қазанға дейінгі аралықта арнайы https://sanaq.gov.kz/ сайтына кіріп, сауалнамаға жауап беру арқылы санақтан онлайн режимде өтуге мүмкіндік бар. Сайт тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істейді. Респондент санаққа қатысуы үшін өзіне барынша ыңғайлы уақытты таңдауына болады, сондай-ақ сайтта бланк толтыруды тоқтатып, ...

Читать далее »

Кәсіпкерлер палатасының директоры тұрғындар сауалына жауап берді

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев қала әкімдігінің «Instagram» парақшасында өткен тікелей эфирде тұрғындар сауалына жауап берді. Халықпен кері байланыс орнату мақсатында қолға алынған тікелей эфирде қала тұрғындары өз сауалдарын қойды. Мәселен, «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік курсына қалай қатысады?», «Ашық» жобасы бойынша мәртебені қашықтан анықтау мүмкіндігі бар ма?», «Мобильдік топтан қандай құжаттарды талап етуге болады?» және тағы басқа сауалдарға Н. ...

Читать далее »

Шымкент қаласына үкіметтің жұмыс тобы келді

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы негізгі басымдықтарды түсіндіру және орындау бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Шымкент қаласына келді. Жұмыс сапары барысында Ералы Тоғжанов Шымкент қаласында ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысын өткізіп, әлеуметтік нысандарды аралады. Көшпелі отырыста Вице-Премьер республика бойынша вакцинациямен қамтудың жоғары қарқынының арқасында Шымкент қаласындағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанғанын атап өтті. Сонымен қатар Ералы ...

Читать далее »

«Шымкент – 2200: туристік креативті қала бейнесі» байқауы өтеді

Шымкент қаласының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік туризм күніне орай 26-27 қыркүйек күндері «Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» атты форум-көрме өтеді. Іс-шараға өтінімдер 9-20 қыркүйек аралығында қабылданады. Талантты азаматтарды қолдай отырып, қаланың креативті бейнесін қалыптастыруға бағытталған шара – бәсекелестік қабілетті арттырып, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуына және туризм саласының өркендеуіне ықпал етеді. Форум-көрме 6 номинациядан тұрады. Олар: МедиаIT-жобаКреативті архитектураТуризм ...

Читать далее »

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістігі» тақырыбында республикалық сынып сағаттар өтті

Қазақстан Республикасы ақпараттық және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасына және 2021 жылғы 10 ақпандағы Шымкент қаласы әкімінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын Шымкент қаласында мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына, әдістемелік орталықтың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарында сынып сағаттары өткізілді.   Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын және Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы ...

Читать далее »

Jas Leader Akademiiasy

2021-2022 оқу жылы Болат Өтемұратов қоры мен Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов арасында арнайы жасалған Меморандум негізінде басқармаға қарасты 25 жалпы орта білім беретін үйымдарда «Jas Leader Akademiiasy» пилоттық жобасы өз жұмысын бастады. Жоба аясында 49 педагог пен 2 әдіскер дайындық курсынан өтіп, тренерлік сертификатқа ие болды. Қазіргі таңда жиырма бес мектепте сертификатталған мұғалімдерге вариативтік компонент есебінен сағаттар бөлініп, 5-11 ...

Читать далее »

Шымкентте 18 жастан асқан ерекше жандарға оңалту орталығы ашылды (видео)

Шымкентте бой көтерген «Рахмет саған, Анашым» қоғамдық бірлестігі «Имандылық – жүрекке ұяласа» атты тақырыпта іс-шара ұйымдастырды.Мерекелік жиынның басты ерекшелігі, кездесуге 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі жандар мен аналары арнайы шақырту алды. Айтулы азаматтар енді, қажеттіліктермен қамтылған орталыққа тұрақты түрде келетін болады. «Ақ көгершін» әнін шырқаған Әселдің бүгін туған күні. Тағдырдың тауқыметіне мойымаған қайсар қыз 27 жасқа толды. Енді ерекше жандар ...

Читать далее »

Шымкентте көпбалалы аналар SMM курсын тегін оқуда

Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығы көпбалалы аналарға үй жағдайында отырып табыс табу жолдарын үйрету үшін түрлі салалар бойынша бағыт-бағдар беріп, тегін курстар өтуде. Байдібек би даңғылында орналасқан «Shanyraq» орталығында бүгінде заманауи қажетті білімдердің бірі болып отырған SMM курсын 20-дан астам көпбалалы ана оқып жатыр. Курс 1 ай мерзімге созылады, аптасына екі ...

Читать далее »

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кезекті жиын өтті

Мақсат  — сыбайлас  жемқорлықтың  алдын алу. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен «Шымкент қалалық әзербайжан мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мүшелерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында кездесу өтті. Онлайн шараға Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар мен «Қоғамдық келісім» ...

Читать далее »

Ералы Тоғжанов Шымкентте ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысын өткізді

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларын түсіндіру және орындау жөніндегі жұмыс сапары аясында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Шымкент қаласының әлеуметтік нысандарын аралады. Ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысында Вице-Премьер республика бойынша вакцинациямен қамтудың жоғары қарқынының арқасында Шымкент қаласындағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанғаны туралы атап өтті. Сонымен қатар Ералы Тоғжанов әкімдіктің алдына мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасының барлық мақсатты ...

Читать далее »

Шымкентте компьютерлік томография кабинеті ашылды

Шымкент қаласындағы Жүрек орталығында заманауи компьютерлік томография кабинеті ашылды. Ондағы жаңа қондырғы Корея елінен арнайы әкелінген. Томография кабинетін аралап көрген қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б. Позилов жүрек ауруларынан болатын өлім-жітім санын азайтып, науқастарды дер кезінде диагностикалауда құрылғының маңыздылығын атап өтті. Жоғары сапалы томографияны қолдану — қан айналымы жүйесінің аурулары диагностикасында, кеуде артериясына, аортаға инвазивті емес ангиография жасауда «алтын стандарт» ...

Читать далее »

Театр маусымы «Абылай ханның арманы» тарихи драмасымен ашылады

Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында 10,11 қыркүйек күндері сағат 19:00-де 88-театр маусымының ашылуына арналған ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Д.Рамазанның «Абылай ханның арманы» тарихи драмасы өтеді. Сонымен қатар театр фойесінде 10-15 қыркүйек аралығында сағат 18.00 де Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, кәсіби «Еңлікгүл», ұлттық «Сахнагер» сыйлықтарының иегері Бақыт Сраиловтың «Кеңістік» атты театр сәндік көрмесін ұсынамыз.   «Қазақтың ...

Читать далее »

Әл-Фараби ауданы тұрғындарына Президент Жолдауы түсіндірілді

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған болатын. «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауды кеңінен түсіндіру мақсатында Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен жиналыс өтті. Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев төрағалық еткен басқосуда Кардиология орталығының дәрігері Гүлмира Әлімбаева, қалалық әйелдер кеңесі қоғамдық ұйымының төрайымы Баян Жандосова, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің ...

Читать далее »

Қала мектептерінде Тәуелсіздік жетістіктері сараланды

Шымшаһардағы барлық мектептерде қыркүйек айында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістігі» тақырыбында сынып сағаты мен ашық сабақтар өткізіледі. Ұрпақ санасына егемендік жылдардың қасиетін түсіндірер жоба аясындағы тәрбие сағаты жалпы білім беретін №137 орта мектебінде бастау алды. Іс-шараның басты мақсаты – Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын және Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы жолында атқарған ...

Читать далее »

Биыл Солтүстік саяжай шағын ауданы сапалы ауыз сумен қамтылады

Шымкент әкімінің тұрғындарға қолайлы жағдай жасау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, шалғай орналасқан елдімекендердің инфрақұрылым мәселесін шешу мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның бірі — Абай ауданы аумағында орналасқан Солтүстік саяжай шағын ауданында құрылыс жұмыстары аяқталып, биыл сапалы ауыз сумен қамтылмақ. Мердігер мекеме «Бес Қара» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары 2020 жылдың қараша айында басталған. Жалпы ұзындығы 151,8 шақырымды құрайтын ішкі орамдық ауыз ...

Читать далее »

2500 азамат 3 ай мерзімге оқуға жолданды

Шымкент қаласының тұрғыны Зарина Кеншінбаева – «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде биыл 3 айлық кәсіптік оқу курсына жолданған бағдарлама қатысушыларының бірі. Ол қазір «Мөлдір» оқу орталығында «тігінші» мамандығы бойынша білім алуда. – Мен бала күтімімен біраз жыл жұмыссыз үйде отыруыма тура келді. Әлеуметтік желіден қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсының басталатынын естіп, мамыр айында жұмыспен қамту орталығына барып құжат тапсырдым. Қазіргі таңда ...

Читать далее »

Шымкентте «Халық қатысатын бюджет» жобасына қаралатын қаржы 10 есеге артады

Мемлекет басшысы абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта «Халық қатысатын бюджеттің» үлесін 10 есе арттыруды тапсырды. Шымкент қаласында бұл жоба биылдан бастап жүзеге асып, тиімділігін көрсетті. Бюджет жоспары бастапқы 287 млн теңгеден 1,5 млрд теңгеге жуық артып, бес есе өсті. Тұрғындардың қатысуымен абаттандыру бойынша 66 жоба іріктеліп, іске асырылуда. Келесі жылы жобаға қаралатын қаржы 10 есеге артып, 3 млрд. теңгеге жетеді. ...

Читать далее »

Шымкент циркінің мамандары балаларға шеберлік сағатын өткізді

Шымкент қаласындағы «Цирк» мекемесінде «Жылқыға мініп жаттығу» шеберлік сағаты өтті. Оған қаладағы қосалқы мектеп-интернатының 15 оқушысы мен қызығушылық танытқан балалар және ата-аналар қатысты. Олар Шымкент — Цирк аумағында жаңадан ашылған ипподром алаңында жаттықты. Шеберлік сағатының барысында балалар атқа қалай отыру керегін, жылқымен жұмыс істеудің пайдасы туралы танысты. Балалардың бәрі ат үстіне мініп мәз болып, көңіл-күйлері көтеріліп қайтты. Иппотерапияға қатысқан балалардың ...

Читать далее »

Шымкентте 15-қыркүйектен бастап тұмауға қарсы екпе салынады

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының бас дәрігері Б.Позилов пен қалалық Білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиеваның қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде Б.Позилов тұмауға қарсы жүргізілетін вакцинациялау жұмыстары туралы айтты. – «Балаларға вакцина салынады» деген қауесет халықты үрейлендіріп жатыр. Вакцинаның балаларға салынатынын растайтын ешқандай ресми құжат жоқ. Сондықтан мұндай ақпаратты таратуды доғару керек. Ал ағымдағы жылдың 15-қыркүйегінен бастап елімізде тұмауға қарсы екпе салдыру ...

Читать далее »

Қаратау ауданындағы 62 шақырым жолға шағал тас төселеді

Қаламыздағы автомобиль жолдарының ұзындығы 3247 шақырымды құрайды. Оның 1151,5 шақырымы Қаратау ауданына қарасты. Қазіргі таңда аудандағы жолдардың 582 шақырымы асфальт, 486,1 шақырымы шағал тас болса, 83,3 шақырымы топырақ жол болып табылады. Биыл мұнда 89,1 шақырым асфальт жолға жөндеу жүргізіліп, 62 шақырым жолға шағал тас төсеу жоспарланған. Қала әкімінің Қаратау ауданына барған сапары кезінде жол бойынша атқарылған жұмыстарды қалалық жолаушылар көлігі ...

Читать далее »