Руханият

«Түркістан — жүрегімнің төріндесің» ән байқауы өтті (видео)

Рухани шахарда «Түркістан — жүрегімнің төріндесің» атты жас әншілер байқауы өтті, деп хабарлайды «Ońtústik TV» телеарнасы. Ән додасы Республика және «Қала күні» мерекелеріне орай ұйымдастырылды. Өнер бәйгесінде Түркістандық оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Байқауға қанша үміткер қатысты, кімнің бағы жанды? Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебінде өткен ән бәйгесіне 20 оқушы қатысты. Бұл байқау Балаларды өнерге бейімдеу, бойларындағы талантты танып, ынталандыру ...

Читать далее »

ОРТАЛЫҚТА МЕРЕКЕ ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАУДАН БАСТАЛДЫ

13 жылдан кейін мерекелік күнтізбеге қайта енген Республика күні Түркістанда ерекше басталды.  Бүгін Түркістан қалалық «Халыққа қызмет көрсету орталығының» №1 бөлімшесінде Мемлекеттік әнұран қызмет алушылардың назарын өзіне аударды.  Әнұран орындалып болған соң, филиал директоры Бахыт Мүсіралиұлы орталыққа келушілерге мерекелік құттықтау ашық хаттары мен сыйлықтарын үлестірді.  Тұрғындар тосын құттықтауға ризашылықтарын білдірді.  Ұлылыққа бастайтын бірден-бір жол — ҰЛТЖАНДЫЛЫҚ

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІ ДҮНИЕСІНІҢ КЕЛЕШЕК КЕЛБЕТІ – 2040» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР БАСТАЛДЫ

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Түркі дүниесінің келешек келбеті – 2040» атты екі күндік халықаралық семинар өз жұмысын бастады. Пленарлық мәжілісте университеттің ректор өкілі Женгиз Томар бүгінгі басқосудың маңызына тоқталып, соңғы 30 жыл ішінде түркітілдес елдердің ынтымақтастығы жаңа деңгейге жетіп, нығая түскенін атап өтті. «Түркі мемлекеттері ұйымы құрылып, қарқынды жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі жиын осы ұйымның мақсаты ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТУҒАН ҚАЛАСЫН ЖЫРҒА ҚОСТЫ

Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Неге маған жырламасқа киелі туған қаламды» жыр кеші өтті. Республика күніне арналған әдеби кеште ақын Әйгерім Жұмабай, Ақмарал Ғаниқызы және өзбек ақыны Мухаббат Аматаева жүрекжарды өлеңдерін паш етті. Сонымен қатар, «Түркістан» газетінің редакция меңгерушісі Ләззат Сарыбаева әкесі, ақиық ақын Қаныбек Сарыбаевтың өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ, Тұрар Тілеулиев, Исламхан Мұхамедхан секілді айтыскер ақындар да жырдан шашу шашып, ...

Читать далее »

БАЛА ТӘРБИЕСІ — БЕСІКТЕН

Ағымдағы жылдың 20-21 қазан аралығында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартуға, балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәсілдерін өзгертуге қатысты ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тәрбиелеу – білім беру процесінің нәтижелі болуы үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Сонымен қатар, балаларды дамыту, тәрбиелеу мен оқыту процесіне ата-аналарды тарту, балаларға мектепке дейінгі тәрбиелеу мен ...

Читать далее »

КЕНТАУДАҒЫ БАРЛЫҚ БІЛІМ ҰЯЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ МЕН ҰСТАЗДАРЫ ӘНҰРАНДЫ ШЫРҚАДЫ

Кентау қаласының ұстаздары Республика күніне орай Әнұранды шырқады. Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен бөлім әдіскерлері, жалпы мектептердің басшылары, педагогтар, балабақша меңгерушілерінің, жалпы 360 ұстаздың қатысуымен «Патриотизм дауысы» тақырыбында патриоттық іс-шара өткізілді. Ұстаздар қолдарын көкірек тұсына қоя, Әнұранды жанды дауыста шырқады. – Еліміздің жарқын болашағы үшін қалыптасқан бұл мерекенің маңызы зор. Осы тұрғыда елдің әрмен қарай даму бағытында ұстаздардың ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН — ЖҮРЕГІМНІҢ ТӨРІНДЕСІҢ

Түркістанда Республика және Қала күні мерекелеріне орай жалпы орта білім беретін мектептердің оқушылары арасында қалалық ән байқауы өтті. «Түркістан – жүрегімнің төріндесің» тақырыбындағы сайысқа 2-11 сынып аралығындағы 20 оқушы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Балалардың терең білім алуымен қатар, өнерге бейімдеу, бойларындағы талантты танып, ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған байқауда оқушылар «Түркістан», «Отан», «Туған жер» жайлы патриоттық әндер орындады. Байқау нәтижесінде М.Мәметова ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Түркістанда Республика және Қала күні мерекелеріне орай жалпы орта білім беретін мектептердің оқушылары арасында қалалық ән байқауы өтті. «Түркістан – жүрегімнің төріндесің» тақырыбындағы сайысқа 2-11 сынып аралығындағы 20 оқушы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Балалардың терең білім алуымен қатар, өнерге бейімдеу, бойларындағы талантты танып, ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған байқауда оқушылар «Түркістан», «Отан», «Туған жер» жайлы патриоттық әндер орындады. Байқау нәтижесінде М.Мәметова ...

Читать далее »

СОЗАҚТЫҚ ЖАСТАР АҚСАҚАЛДЫҢ ҮЙІНЕ КӨМЕККЕ КЕЛДІ

«Жанашыр жүрек» халықтық акциясы Созақ ауданындағы Тасты ауылында жалғасты. Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» өкілдері мен ауылдың ерікті жастары бірлесе Тасты ауылындағы жалғыз басты ақсақалдың үйіне көмекке келді. Жастар Төлегенов Орынбасар қарияның қысқы отынын дайындауға білек сыбана кірісіп кетті. Олардың атсалысуымен ақсақалдың ауласындағы қоқыс жиналып, жері аударылды. Өнегесі мол істі қолға алған жастарға риза болған қария батасын беріп, алғысын жаудырды. Қарттардың ...

Читать далее »

ЖАС СПОРТШЫЛАР ЖАРАП ТҰР!

Қыркүйек айында бокстан Арыс қаласында өткен Бейсен Онтаевты еске алуға арналған Халықаралық турнирде түркістандық өрендер олжалы оралған. 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы сайыста Нұрасыл Мырзан мен Мұхамедәлі Пазылхан чемпион атанса, Нұрасыл Даниярұлы 2-ШІ орынды иеленді. Бапкерлері — Марат Сәрсенбаев, Ағабек Алтыбаев. Сонымен қатар, Сайрам ауданында бокстан өткен Ақсу жекпе-жек спорт клубының ашық біріншілігіне қатысқан Түркістан қалалық №1 БЖСМ-нің спортшылары оза ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Түркістан қаласында «25 қазан – Республика күні. Кеше. Бүгін. Ертең» атты дөңгелек үстел өтті. Келелі басқосуда Республика күні мерекесінің мән-маңызы, еліміздің тәуелсіздік жылдардағы негізгі жетістіктері, қоғамда тұрақтылықты сақтауға бағытталған мәселелер талқыланды. Жиынға ғалымдар, үкіметтік емес ұйым мүшелері, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің, жастар қанатының өкілдері қатысты. Кездесуде алғаш болып сөз алған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев Қазақстанның егемендігі ...

Читать далее »

«ФАРАБ» КІТАПХАНАШЫЛАРЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Биыл ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазан №833 қаулысымен «24 қазан – Кітапханашылар күні» болып кәсіби мерекелер қатарына қосылды. Осындай айтулы мерекеге орай Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Махаббатым кітап – мамандығым кітапханашы» атты іс-шара өтті. Мерекелік шараға облыстық кітапханамен қатар, Кентау мен Түркістан қалалық, Сауран аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары және Түркістан облысының зиялы қауым өкілдері қатысты. Елімізде ...

Читать далее »

ӘЛИХАН СМАЙЛОВ- ТҮРКІСТАНДА

Қараша айында сыбайлас жемқорлардан алынған ақша мектеп құрылысына бағыттала бастайды – Әлихан Смайылов Түркістан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өңірдің кешенді әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңесте облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңірдегі ағымдағы ахуал, негізгі экономикалық көрсеткіштер мен инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы баяндады. Сонымен қатар индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, мәдениет және ...

Читать далее »

ОБЛЫСТА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ 1200-ДЕН АСТАМ ІС-ШАРА ӨТЕДІ

Бұл туралы бүгін өңірлік комуникация қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев мәлім етті. Басқарма басшысының мәлімдеуінше, облыста Республика күнін атап өтуде елдік пен бірлікті дәріптейтін қайырымдылық, экологиялық және патриоттық акцияларға басымдық берілуде. Сондай-ақ мерекенің мән-маңызын айшықтау бағытында салтанатты жиындар, концерттік бағдарлама, театрландырылған қойылым, дөңгелек үстел, кітапхана көрмелері мен музейлерде экскурсия, спорттық шаралар т.б. ауқымды шаралар ...

Читать далее »

ТҮЛКІБАСТА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Түркістан облысы Түлкібас ауданында халықты жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жыл басынан бері бизнес идеяларын жүзеге асыру бойынша 400 АЕК көлемінде 66 азамат қайтарымсыз грантқа қол жеткізген. Оның ішінде, 29 азамат жастар болса, 37 азамат осал топтағы кәсіпкерлер. Қайтарымсыз қаржыға қол жеткізгендердің бірі — бес баланың анасы Камила Қарашаева. Өзінің бизнес идеясын арнайы құрылған комиссияда қорғап шыққан көпбалалы ана ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Түркістанда 18 қазан – Рухани келісім күні мерекесіне орай облыстағы діни конфессия басшыларының қатысуымен кездесу өтті. Жиынға Түркістан облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы жетекшілік жасап, жүргізіп отырды. Кездесуде ел бірлігін сақтау, дінаралық қарым-қатынастарды нығайту мәселелері талқыланды. – Сіздерді 18 қазан – Рухани келісім күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Рухани келісім күні өздеріңізбен келелі кеңес құрып, пікір алмасуды жөн ...

Читать далее »

Түркістанда Рухани келісім күніне орай спорттың төрт түрінен сайыс өтті

Бүгін Түркістан қаласындағы «Яссы» спорт кешенінде Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесіне орай спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Сайысқа қатысушылар спорттың төрт түрінен бақ сынады. Атап айтсақ, 2 кезеңнен тұратын шағын футболдан турнир мен командалық арқан тартыс, сондай-ақ, кір тасын (гир) көтеру мен қол күрес (армрестлинг). Оған облыс көлеміндегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында жұмыс ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ БАС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

Белгілі драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабековтың 80 жас мерейтойына орай, Алматы қаласында 13-17 қазан аралығында өткен II халықаралық «Исабеков әлемі» театр фестивалінде Түркістан музыкалық драма театры сахналаған «Бөрте» спектаклі бас жүлдеге ие болды. Бір автордың пьесалары бойынша өткен фестивалге алыс-жақын шетелден — үш, Қазақстаннан үш театр қатысқан болатын. Ел мәдениетінің елеулі оқиғасы болған шараға келушілер қатары көп болды. ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ЕУРОПА МЕН АЗИЯ ӘНШІЛЕРІ ҚАЗАҚ ӘНДЕРІН ШЫРҚАМАҚ

Бұл туралы бүгін өңірлік комуникация қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев айтты. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен облыс орталығындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешеніде 19-20 қазан күндері Түркістан облыстық мәдениет басқармасы Халықаралық «Voice of Turan» қазақ әндері байқауын өткізеді. Мәдени-музыкалық жаңалық саналатын байқау биыл алғаш рет офлайн түрде өткізіледі. Фестивальге Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан, Әзірбайжан, Польша, Черногория, Беларусь, ...

Читать далее »

ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін қалалық әкімдіктің ғимаратында “Құтқарушылар күніне” арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков және Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Арман Алпысбаев қатысты. “Құтқарушы қарапайым болғанымен қоғам алдында мәртебесі жоғары. Ел игілігі жолында кәсіби міндетін бұлжытпай орындап, қызмет бабында қайсарлық пен өжеттік көрсетіп, ең басты байлық – адам өмірін түрлі апаттар мен қауіп-қатерлерден ...

Читать далее »