Руханият

ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР 3585 АЗАМАТҚА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР БЕРІЛДІ

Түркістан қаласында ерекше қажеттілігі бар 9523 азамат бар. Соңғы көрсеткіштерге сәйкес, ерекше қажеттілі қажеттілігі бар 3585 тұрғынға қажетті медициналық құралдар берілген. Аталған азаматтарға мемлекет тарапынан жан-жақты жәрдем түрлері қарастырылған. Оның ішінде, 380 азамат протез ортопедиялық құралдар, 270 тұрғын сурдо техникалық құралдармен 117 азамат, тифло техникалық құралдармен 283 адам қамтамасыз етілген. Одан бөлек, мүгедектігі бар 401 азамат жеке көмекші қызметіне жүгінсе, ...

Читать далее »

АЙБЫНДЫ ЖАСТАР — ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ТІРЕГІ!

Түркістан қаласында Әмір Темір атындағы №3 және Хамза атындағы №2 жалпы орта мектептерінің ұйымдастыруымен «Айбынды жастар – жаңа Қазақстанның тірегі» атты ерлік сабағы өткізілді. Оған Қарулы Күштері ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бабай Алдабергенов, Түркістан облысы бойынша Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесінің төрағасы Тұрғанбек Бегимов, Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Жандос Кулдербаев ...

Читать далее »

САУРАНДЫҚ ЕКІ ОТБАСЫҒА ДЕМЕУШІЛЕР БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Түркістан облысындағы Сауран ауданында қайырымды жандардың қолдауымен екі отбасы қоныс тойын тойлады. Майдантал ауылдық округінде Сауран ауданының Құрметті азаматы Ержан Бексейітовтің бастамасымен баспанаға мұқтаж екі отбасына қуаныш сыйланды. Қайырымды іске ауылдың белсенділері және жеке кәсіпкерлері бірлесе ұйымдасқан. Саурандықтардың қуанышын бөлісу үшін Сауран ауданының әкімі Ғ.Рысбеков, аудандық мәслихат хатшысы М.Күнпейісов, ауданның зиялы қауымы, ақсақалдары мен тұрғындар жиналды. Сауапты іске ұйытқы болған ...

Читать далее »

«ЖАС ҰЛАН – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАСӨСПІРІМ ҚАНАТЫ»

«Жас ұлан»-«Қазақстанның жасөспірім қанаты» тақырыбымен жастарды патриоттық рухта тарбиелеу кездесуі болып өтті. Бүгінгі күні балалардың патриоттық тәрбиесі патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, үлкенді сыйлау, құрметтеу бағытында Түркістан қаласындағы С. Сейфулин атындағы жалпы орта мектепте түсіндіру жұмыстары өткізілді. Болашақ ұрпақты кеудесінде намысы бар, білімді, туған елін, жерін сүйетін өнегелі ұрпақ етіп өсіргіміз келсе, бар назарды ұлттық ...

Читать далее »

«ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ-БАСТЫ БАЙЛЫҚ»

Бүгінгі күні қоғамдық са­наны, әлеу­меттік саясатты жаң­ғырту міндеттерін айқындаған Қа­зақстан халқы Ассам­блеясы да­м’уы­ның 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабыл­данған. Осы орайда, Түркістан қаласының көпсалалы медицина колледжінің студенттеріне этносаралық кикілжіңнің алдын алу, ұлтаралық татулықты сақтау мақсатында қала депутаты Ақиқат Абдулаевтың қатысуымен жиналыс болып өтті. Жиналыс жоғары деңгейде өткізіліп, этносаралық кикілжіңнің алдын алу, тұрақтылықты нығайту бағытында сөз қозғап, кеңінен талқылау жұмыстарын жүргізді. Еліміздің ...

Читать далее »

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА 70 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЕСКІ ЖОЛ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен биыл Бәйдібек ауданында облыстық маңызы бар 71,4 шақырымдық 3 бағыттағы жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда Мәдениет-Мыңбұлақ елдімекендерінің арасы, Жамбыл-Шаян және Шалдар-Сарқырама-Кеңсай-Бірлік автомобиль жолдары жөндеуден өтіп, толық пайдалануға берілді. Жөндеу жұмыстары кезінде жарамсыз асфальт жабындысы алынып, жол негізі құмды шағал-тас қоспасымен нығайтылған. Сондай-ақ, 2 қабат асфальт жабындысы төселіп, қалдықтар жол ...

Читать далее »

ЖАУАПТЫЛАРҒА ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕЛДІ

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қаладағы кондоминиум нысандарын, екінші мөлтек ауданындағы, Т.Бокин көшесіндегі, Яссы көшесі мен «Отырар» мөлтек ауданындағы абаттандыру жұмыстарын, С.Қожанов көшесіндегі кәріз жүйесі құрылысын, Тәукехан көшесіндегі ауыз су құбырының құрылыс барысын аралап, жұмыстарды бақылады. Аралау барысында жауапты мамандарға қала аумағындағы 2 қабатты 25 тұрғын үйді газдандыруды аяқтауды, І және ІІ мөлтек аудандарда тазалық жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Т.Бокин көшесінде ...

Читать далее »

КИЕЛІ ШАҺАРДЫҢ ЖАНАШЫРЫ — ПЕРНЕХАН САРУАРОВ

Түркістандық Пернехан Саруаровтың қоғамдағы белсенділігі —  үйдің төрт бұрышында қамалып отырған, қырыққа  жетпей жұмысқа құлқы жоқ азаматтарға үлгі. Жетпістен асса да туған қаласына жанашырлығын танытып жүрген Пернекең бір орнында тұрып қалмай, үнемі ой үстінде және ойындағы нәрсені билікке жеткізіп, әрдайым ұтымды кеңестерінің нәтижесінде құрметке бөленіп жүр. Пернехан Саруаров 1950 жылы 22 қыркүйекте Түркістан қаласында дүниеге келген. 1958 жылы қаламыздағы В.И.Ленин ...

Читать далее »

ҮШ ЧЕМПИОННЫҢ АНАСЫ

Спортшылардың физикалық тұрғыда баптаған бапкердің еңбегі бағаланып жатады, ал үйде тамағын, бар жағдайын жасап отырған адам – ана, әйелі жайында қоғамда сөз қозғала бермейді. Бүгінгі әңгімеміз елімізге танымал ұстаз-спортшы, халықаралық дәрежедегі бапкер Жақыпбек Қасымбековтың аяулы жары Мария Ботайқызы Жаздықбаевамен бірге өрбіді. «Әр күшті еркектің артында ақылды әйел тұр» дегендей қас-қабақтарына қарап, жеңіспен келсе бірге қуанып, жеңілсе дем беріп отырған ана ...

Читать далее »

«ЕҢЛІК-КЕБЕК» СПЕКТАКЛІ ҚЫРҒЫЗ ТІЛІНДЕ САХНАЛАНДЫ

Киелі шаһарға Қырғыз елінің театр саңлақтары гастролдік сапармен келді. Түркістан музыкалық драма театрының сахнасында Т.Абдумомунов атындағы Қырғыз ұлттық академиялық драма театры «Еңлік- Кебек» шығармасын қойды. Замананың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай, сонымен қатар Қырғызстанның Халық әртісі Нүркен Тұрсынбаевтың 80 жылдығы аясында өткен кешке ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев арнайы қатысты. – Қазақ пен қырғыз бір туған ...

Читать далее »

КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ТЕАТРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА І ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

13-14 қазан күндері Қостанай облысы, Тобыл қаласында әзіл-сықақ театрлары арасында сатирик-жазушы, этнограф-ғалым Сейіт Кенжеахметов атындағы «Мірдің оғы» ІІІ республикалық байқау-фестивалі өтті. Аталмыш байқауға Түркістан облысы, Келес ауданының «Күлкі терапиясы» әзіл-сықақ театры қатысып, жүлделі І орынға ие болды. Байқау-фестивалінің мақсаты – Сейіт Кенжеахметовтың шығармашылық мұрасымен танысу, әзіл-сықақ театрларының орындаушылық шеберлігін шындау, еліміздің талантты өнерпаздарын анықтау, әзіл-сықақ театрларының бір-бірімен тәжірибе алмасуы арқылы ...

Читать далее »

ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНЫҢ ҚАЙНАРЫ

25 қазан — Республика күні мерекесі аясында мемлекет және қоғам қайраткері, парасатты сыншы, публицист Ілияс Омаровтың 110 жылдығына орай «Қазақ руханиятының қайнары» атты тақырыптық кеш болып өтті. Кеш барысында қалалық ардагерлер ұйымының мүшесі Мәрсәліұлы Кеңес, Хамза Пайзыұлы, «Даму» мектеп—лицейінің директоры Юсупова Зейнеш халқымыздың рухани қазынасын байытуға үлкен үлес қосқан, күллі зиялы қауымның құрметіне бөленген, халқына қадірі артқан мәдениет жанашыры туралы ...

Читать далее »

КӨРКЕМ СӨЗ ЗЕРГЕРІ

25қазан Республика күніне орай Мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиеттанушы, публицист Ильяс Омаровтың туғанына 110 жылдығына арналған «Көркем сөз зергері» атты әдеби кеші ұйымдастырылды. Кеш қонақтары сазгер-әнші, композитор Афион қаласы мен Жаңақорған ауданының»Құрметті азаматы», Мәдениет қайраткері Сауранбек Елеуов, ардагер кітапханашы Тойлақова Раушан апай, жас ақын тілдерді оқыту және дамыту орталығвның қызметкері Айкерім Жумабаева, №1 А. Байтұрсынов атындағы мектеп лицейдің кітапхана ...

Читать далее »

ҚАРИЯЛАР — АҚЫЛЫ ТЕҢІЗ ДАРИЯ

25 қазан Республика күніне орай, 1 қазан- Халықаралық қарттар күніне қарсы кітапханамызда » Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» атты дивертисмент кеші өтті. Бұл күн- аталар мен апалардың, ата- аналардың, бір-бірінің қадірін білетін жақын адамдар мерекесі. Кешімізге қаламыздың асыл аналары, әжелеріміз қонақта болды. Кешімізге әдебиетші, сыншы, публицист, филология ғылымының докторы, профессор Құлбек Ергөбек Сәрсенұлы қатысып, барша қария аналарымызды мерейлі мерекелерімен ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДЫҚ КІТАПХАНАШЫ РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КІТАПХАНАШЫСЫ АТАНДЫ

Бүгін облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұжымы екі бірдей жетістікке жетіп отыр. Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында өтіп жатқан «Қазақстандық Кітапханалық Одақ» ұйымының отырысында облыстық кітапхана директоры Жанат Шардарбекова «Жыл кітапханашысы – 2022» атағымен марапаттады. Оны «Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Бақытжамал Оспанова тапсырды. Бұл мәртебе еліміз бойынша 20 мыңға жуық кітапханашының арасынан жылына тек бір кітапханашыға беріледі. – Жыл сайын ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ҚАЗЫБЕК ИСАНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ

Түркістанда халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Исаның 60 жылдық мерейтойына арналған «Сырымды айттым далаға» шығармашылық кеші өтті. Алдымен келген қонақтар шығармашылық кітап көрмесін тамашалап, Түркістан мақамдары негізінде жарық көрген «Текті сөздің төресі» термелер жинағының тұсауын кесті. Содан соң мерейтой иесіне арналған «Тәуелсіздік тарландары» деректі фильмінің көрсетілімі өтті. Ақынның туған жері шағалалы Шардарадан бастау алып, Түркі әлемінің ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ЕУРАЗИЯ ДАЛАСЫ АРХЕОЛОГИЯСЫНЫҢ V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСІ БАСТАЛДЫ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Еуразиялық далалық өркениет: адам және тарихи-мәдени орта» атты Еуразия даласы археологиясының V халықаралық конгресі басталды. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылған Еуразиялық масштабтағы археологиялық форум әлемнің 28 елінің ғалымдары мен білікті мамандарының басын қосып отыр. Алқалы жиынның пленарлық мәжілісі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің бейне құттықтау сөзімен ашылды. Министр ...

Читать далее »

МЕКТЕПТЕРГЕ 1000-НАН АСТАМ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛДЫ

Жасөспірімдердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру мекемелерінде бейнебақылау камерасын орнату жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп келеді. Бүгінгі күні шаһардағы 55 мектеп 1164 бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Олардың 700-і мектеп ішінде, 464-і сыртында орналасқан. Камералардың барлығы полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. Бейнебақылау жүйесі тиісті мониторға шығарылып, нақты уақыты көрсетіліп тұрады. Жазба 30 күнге дейін сақталады. Бұл білім беру мекемелерінде ...

Читать далее »

МАҢДАЙШАЛАР МЕН ЖАРНАМАЛАР ТАЛАПҚА САЙ МА?

Облыс орталығындағы тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандар және мемлекеттік мекемелерде рейдтік бақылау жүргізілді. Аралау барысында нысандардың тазалығы мен заңдылығы тексерілді. Екі жүзден аса нысан бақыланған шараға қалалық «Сәулет және қала құрылысы бөлімінің» басшысы Айдос Зейнуллаұлы, Түркістан қаласы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Әбдірахман Есентайұлы, қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Арман Калдарұлы ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: ТҮНДЕ БАЛАҢЫЗ ҮЙДЕ МЕ?

Облыс орталығында “ЖАСӨСПІРІМ” рейдтік іс-шарасы жалғасын табуда. Балалар мен жасөспірімдердің беймезгіл уақытта үй-жайдан тыс жүруі және жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Түркістан қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция тобы мен Түркістан қаласы әкімдігінің өкілдері, “Адами әлеуетті дамыту” бөлімі және қалалық прокуратурамен бірлескен рейд жұмыстары жүргізілді. Бақылау нәтижесінде ішкі істер органына 25 жасөспірім жеткізілді. Олардың ата-аналарына- ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен (Кәмелетке ...

Читать далее »