Руханият

Балуан қалай Қажымұқан атанды?

“Күш атасы, қазақтың тұңғыш кәсіпқой балуаны Қажымұқан 12-13 жасында 20 жастағы жігіттей алып тұлғалы болған балуан – шынымен де қажылығын өтеген қазақтың бірі. Әлем чемпионы атанған спортшы дінге жақын, иманды жан болған. Қажымұқанның бірінші әйелі – орыс қызы Надежда Чепковская. Мұқан өзге қазақ зиялылары тәрізді некесін мұсылманша қидырып, әйелі Надеждаға Ислам дінін қабылдатады. Есімін өзгертіп, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүйікті қызы Фатиманың ...

Читать далее »

Қажымұқан туралы шындық

Қазақ халықының ұлттық батыры, қазақты әлемге танытқан палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлы 150 жасқа толып отыр. Французша және еркін күрестен көптеген халықаралық және әлем чемпионаттарына қатысып, батыс және шығыс Европа, Оңтүстік Америка мен Таяу және Орта Шығыс Азия елдерін аралап жауырыны жерге тиіп көрген жоқ. Стамбұлда түріктің жауырыны жерге тиіп көрмеген ең атақты палуаны Нуруллахты жеңген соң, Стамбұлдың билеушісі Шәкір-паша «Қажы» атағын ...

Читать далее »

Қажымұқан – қазақтың халық батыры

Дүниежүзінің 30-ға жуық мем­лекетін аралап, мойнына 56 медаль тағып, әлем чемпионы деген атақты тұңғыш иеленген қазақ Қажымұқан Мұңайтпасұлы құжат бойынша 1871 жылы қазіргі Ақмола облысының Қараөткел ауылында дүниеге келген. Ал, зерттеушілердің бір тобы оны Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында 1883 жылы дүниеге келді деп санайды. Біз біраз деректерге сүйене отырып, палуанның туған жеріне емес, туған жылына қатысты бірінші нұсқаны дұрыс ...

Читать далее »

Намыс найзағайы

Қазақтың күрес әлеміндегі бас батыры Қажымұқан туралы таңды таңға ұрып айтсаң да жарасады. Қарапайым қазақ ауылының бұла баласы тағдыр айдауымен күрес кілеміне түсті. Төрткүл дүниеге табаны тиді. Әлемнің, әр ұлттың мен деген ұландарының жауырынын жерге тигізді. Классикалық және еркін күрестен Әлем чемпионы. Ел басына күн туғанда Алаш арыстарының қасынан табылды. Қазақ жеке, егемен мемлекет болу үшін қолынан келгенін жасады. Қысқаша ...

Читать далее »

Әлемді мойындатқан күш атасы Ордабасыда жатыр

Темірлан жұрты аса қастерлейтін, бүкіл ордабасылықтар мақтан тұтатын жауырыны жерге тиіп көрмеген алып қазақ – Қажымұқан 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезіне қарасты Сарытерек болысының Жәдік деген елді-мекенінде дүниеге келген. Кейбір деректер бойынша Қажымұқан 1883 жылы туылған. Кедей жанұядан шыққан Қажымұқан орыс байларына жалданып, жұмыс істейді. Уақыт өте келе күрес жолына түсіп, той-жиындарда халықтың назарына ілігіп, бала балуан деп атанады. ...

Читать далее »

Палуанның табаны, жазушының қаламы

Қажымұқан шарлаған аймақтарда қалған із бен ол туралы хикаяға үңілгенде… Көргенін көңілге түйгенБалалық шақта сүйсіне оқыған кітабымыздың бірі Қалмақан Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» повесі еді. Даңқы дүниежүзіне тараған палуанның балалық шағынан бастап соғысқа ұшақ жасап беретін мәрттігіне дейін суреттелген хикая ғой. Қажымұқанның табаны тиген қалалардың бірқатарын беріде көрдік. Омбы, Қазан, Петербург, Мәскеу қалалары, Франция, Германия, Түркия, Австрия елдері, Арабия өңірі, Америка құрылығында ...

Читать далее »

Қажымұқан балуанның түрлі-түсті видеосы

Даңқты палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының түрлі-түсті видеосы жарияланды. Видеода палуан өзге әріптестерімен бірге айналып жүріп, камераға түскен. Бейнежазбаны әлеуметтік желіге Қайсар Жанболат жүктеген. Қажымұқан Мұңайтпасұлы 1871 жылы Ақмола уезі, Қараөткел болысына қарасты Қоспа елді мекенінде дүниеге келген. Жастайынан ел арасында қазақша күреске қатысып, «бала палуан» атанған. Омбыдағы цирктің ашылуынан хабардар болған Мұқан 1889 жылы ат басын осы қалаға бұрып, Злобин палуанмен ...

Читать далее »

Қ.Әміржанов: Ол — қазақтың ұлы (22.09.2010ж)

Қажымұқан өзінің бір отырысында әндетіп айтқан: Сұрасаң арғы атам ұзын қыпшақ, Тәңірім беріп еді өлшеусіз бақ. Шын бабам қарақыпшақ Қобыланды, Тең келер ондай ерге қандай қазақ. («Күш атасы», 157-бетте). Осы қысқаша ғана берілген шумақта өзінің арғы заты, ата-бабалары қазақ тарихында болған белгілі тұлғалар екені менмұндалап тұр. Оған талас жоқ. Бертін келе кейбір жерде, тіпті қазақтың зиялы азаматтарымен кездесіп қалсақ: «Осы ...

Читать далее »

Қажымұқанның құпиялары

Қажы бабамыз 1983 жылы 100-ге келгенде, бүкіл Қазақстан болып аузымызды ләм деп ашпаппыз. Тәуелсіз Қазақстан 1993 жылы да 110 жылдығы тұсында үн-түнсіз қалғаны белгілі. Осыған орай қазақ халқының мақтанышы, аты аңызға айналған Қажымұқан Мұңайтпасовты өз көзімен көрген, қажымұқантанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, дербес зейнеткер Қалиәкпар Әміржановты әңгімеге тартқан едік. – Мен Қажекеңді 8-11 жасымда көргенмін. Ол кезде Омбы облысындағы ...

Читать далее »

Алып күштің иесі – Қажымұқан

Көп ізденіс жасап, зерттеу жүргізіп, Қажымұқанның күрес жайындағы өмірін тың деректермен толықтырған марқұм Әлімқұл Бүркітбаев еді. Қажекеңнің үш медалін, белдігін, қол сандығын, тағы басқа құнды заттарын іздеп тауып Қазақстанға алып келді. Ресейдегі шаң астында қалған мұрағаттарды қопарып, оны орын-орнына келтіріп, хроникалық ережесін сақтап, Қажекеңді білетін тірі жүрген азаматтармен кездесіп, сол кездегі күрестері қайда, қай жылы болды, неше рет әлем батыры ...

Читать далее »

Қ.Әміржанов: Әлі де болса ізденіс керек (06.10.2010ж)

Бұл жазып отырған әңгімеміз, бір жағынан, естелік, екінші жағынан өзгелерге ой салу. Осы сияқты естеліктерден, әрине, шындық туады. Әлі де болса, Қажекеңнің өмірі, қызме­ті жөнінде мағлұматтар сарқылған жоқ. Бір жолы «Алатау» демалыс үйінде жатқанымда «Пионер жазы» киножурналының 4-ші нөмірінен («Пио­нерское лето», киножурнал, №4) И.Поддубныйдың туған еліндегі пионер лагерінде балалардың қалай демалып жатқанын көріп отырсам: бір топ палуандар (Петербургте түсірілген болар), ...

Читать далее »

Қ.Әміржанов: Азаматтық ерлігі (06.10.2010ж)

Денешынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Рес­публикасы Орталық Атқару Комитеті Президиумының 1927 жылы арнайы шешімімен Қажымұқанға «Қазақ даласының батыры» деген құрметті атақ берілді. Патриот ағамыз ел басына ауыр күн туған Отан соғысының отты жылдарында жасының егде тартып қалғаны­на қарамастан, тағы бір ерлік іс жаса­ды. Ол белін бекем байлап, ел аралап, өнер көрсетіп, одан жинаған қаржыға ...

Читать далее »

Қ.Әміржанов: Мәселе салмақ пен бойда емес (06.10.2010ж)

«Жас Алаш» газетінде 2007 жылғы 23 қаңтарда «Қажымұқанның салмағы қанша болған?» деген мақала жарияланды. Оның қысқаша мазмұны: «Не көп, портрет көп. Бұлардың бір-біріне ұқсастығы. Кейбір басылымдар Райымбек батыр деп Жанғожа батырдың, Жанғожа батыр деп Өтеген батырдың суреттерін береді екен». Қажымұқанның портретін салған Е.Бидахметұлын мақтаған «Аса бір құндысы һәм дәлдісі» деп. Әрі қарай: «Күресіп жүрген кезінде Қажымұқан 190 келі тартады екен. ...

Читать далее »

Қ.Әміржанов: Қажымұқан «Алаш» партиясының мүшесі болды ма? (29.09.2010ж)

1937 жылдары Қа­же­­кеңнің Омбы жағынан Оң­түс­тік Қазақстанға келген кезі. Баршаға бел­гілі, кешегі актив болып жүргендері бар, жай ғана шаруасы әлділе­рі бар, бұрынғы байлардың, төрелердің ұрпақтарын үйлерінен ұстап, алып кетіп жатты. Қажекеңнің Арқадан оңтүстікке қа­лай кеткенін Есенгелді төренің (Төре ауылының жігіті) біздің үйде қонақтап оты­рып айтқаны: «Бес жігіт Омбыға, Омбыдан Қызылжарға (Петропавловск) қарай шығарып салдық. «Әрмен қарай өзім барам, сендерге көп ...

Читать далее »

Қ.Әміржанов: Қажылығы туралы (29.09.2010ж)

«Күш атасы» кітабында: «Таяу және Орта Шығыс елдерін аралады. Түріктің жауырыны жерге тимеген атышулы палуандарын жыққаннан кейін оған қажы атағы беріліп, Қажымұқан аталды» делінеді. Бұған сену қиын. Бірінші, дәлел ретінде құжат жоқ, екіншіден, ол елдің жеңіске жеткен палуанға қажы атағын беру салты болса баяғыда естілер еді. Тағы бірі, түрік халқы Ислам дінінің ережесін мықты ұстаған. Қажылық дінмен байланысты десек, ол ...

Читать далее »

Қ.Әміржанов: Жұбайлары жөнінде (29.09.2010ж)

Атышулы адамдар жөнінде аңыз-әңгімелер көп болады ғой. Менің есімде қалғаны, Қажымұқан атамыздың бүкіл Ресейді, Қазақстанды аралап жүріп негізгі қоныстанған жерлері – «Сибкрайда» (Омбы маңайы) және «Киркрайда» (Оңтүстік Қазақстан облысы). «Енді ол неге Омбы жерінде қоныстанды?» деген сұрақ тууы мүмкін. 1910-37 ж.ж. дейінгі келіп, кетіп тұрған елі – төре ауылы, «Жаңа жол» колхозы, Шарлақ ауданы, Омбы облысы. Менің әкем Көшкімбай 1939 ...

Читать далее »

Қ.Әміржанов: Алғаш көргенім (22.09.2010ж)

Мен Қажекеңді 8-11 жасымда көргенмін. Ол кезде Омбы облысындағы Шарлақ (бертін Дробышев, Нововоршавка) ауданындағы Қаратомар ауылында тұратынбыз. Қажекең әр уақытта сондағы Г.Дмитров атындағы колхозда орналасқан ауылдық кеңестің сессиясына бір топ белсенділермен бірге келіп жүретін. Еліне бара-келе жатқанда жолшыбай түсетін жері – менің әкемнің үлкен ағасы Аманжолдың үйі. Еш уақытта жалғыз жүргенін көрмедім. Бір келгенде қасында басқалармен бірге Құдайберген ақын (Иса ...

Читать далее »

Қ.Әміржанов: Күш атасы — Қажымұқан (22.09.2010ж)

Автор жайлы. Қалиәкпар Көшкімбайұлы Әміржанов 1926 жылы Омбы облысының Шарлақ ауданындағы Киров ауылдық кеңесіне қарасты Қаратомар ауылында туған. Балалық шағында құрбы-құрдастары қатарлы мектепте оқып, білім алды. Есейген кезінде туған ауданында әртүрлі жұмыстарда істеді. 1949 жылдан бастап Қ.Әміржановтың қызметі Қазақстанмен, оның ішінде Ертістің Павлодарға қарайтын өңірімен тығыз байланысты болды. Мұнда ол он жылдан аса мәдениет саласында бел шеше еңбек етті. Әуелі ...

Читать далее »

7 сәуір — Қажымұқанның туылған күні

Алты алашым алыбың бар айбарлы,Бар әлемге атағы паш, кең даңқы.Қазақ атын қалықтатып жер көкке,Теңестірді-ау терезең мен арбаңды. Мың сегіз жүз жетпіс жылдың біріндеЕрек атты таңғы шуақ көгімде.Туылыпты жетісіне Сәуірдің,Текті алыбың Ұлы дала төрінде! Аты аңыз, жөні бөлек, дүр тұлғаЖат көрмеді намыс қып жоқ-барды да.Шағып барлық қара күшті жаңғақша,Бағындырды сансыз атақ даңқты да. Кең жүрекпен тектілігін көрсетті,Отаны үшін намыспенен тер төкті.Болашағы ...

Читать далее »

Шымкентте гид-экскурсоводтарға сұраныс артқан

Шымкент қаласына келуші туристерге қызмет көрсетіп, тарихи, мәдени және басқа да нысандарды таныстыратын гид-экскурсоводтардың саны артуда. Шаһарға келуші қонақтардың ең жиі баратын нысандар қатарына ең алдымен қонақ үйлер, тамақтандыру орындары және демалыс аймақтары кіреді. 2200 жылдық тарихы бар Шымкент қаласы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына енген, көне және қасиетті орындарға бай қала болып саналады. Мәселен, Шымкент қаласында тарихи-мәдени орындар тізіміндегі ...

Читать далее »