Руханият

Түркістанда The Spirit of Turkistan заманауи этникалық концерт өтті

Түркістан төрінде Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен The Spirit of Turkistan атты заманауи этникалық концерт өтті. Концерт Jibek Joly/Silk Way телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілді. «Керуен — сарай» кешенінің алыңында дәстүрлі және заманауи этникалық музыка жанрының ең көрнекті өкілдері өнер көрсетеді. Атап айтсақ, Hassak (Қазақстан), DJ Puza (Қазақстан), Tengri (Қазақстан), Kerekes Band (Венгрия), Avesto (Тәжікстан), Beeble (Италия), Kolektif Istanbul (Түркия), Abbos (Өзбекстан) ...

Читать далее »

Арыста «Әжелер алқасының» 10 жылдық мерейтойы аталып өтті

Арыста «Әжелер алқасының» 10 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Салтанатты шара қаламыздағы Ардагерлер орталығы алдындағы саябақта ұлттық құндылығымызды жаңғыртатын көрмеден басталып, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлер көрсетілді. Көрмені тамашалауға қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Раманқұлов, Арыс қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Әсіл және қала ардагерлері қатысты. Көрмеге қалалық «Ардагерлер ...

Читать далее »

Тайқазанның Түркістанға оралғанына 34 жыл!

1989 жылы 18 қыркүйек күні дәл осыдан 34 жыл бұрын еліміздің тарихи жәдігерлерінің жауһарына айналған тайқазан Түркістан қаласындағы Ясауи кесенесіне қайта оралған болатын. 1935 жылы тайқазанды Санкт-Петербургтегі Эрмитажға Иран шеберлерінің III халықаралық конференциясына алып кетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы қыркүйектің 18 жұлдызында ғана тарихи отанына оралады. Бұл істе мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің ...

Читать далее »

Қарашық қалашығында кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Жалпы облыс аумағында 1770 ескерткіш есепке алынған. Облыс аумағында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырысы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің экспедициясы 3 археологиялық ескерткіш орнында қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Атап айтқанда Сауран ауданынындағы Қарашық ІІ қалашығы, Келес ауданында орналасқан Мыңтөбе оба қорымдары мен Күлтөбе қалашығы ескерткіші және Созақ ауданы, Қызылкөл маңындағы оба қорымдары. Соның ішінде жобаның күнтізбелік ...

Читать далее »

Келесте ескі қалашықтың орны табылды

Түркістан облысына қарасты Келес ауданы аумағынан ежелгі қалашықтың орны табылды. Үлкен аумақты алып жатқан өркениет ордасы бүгінде зерттелуде. Сондай-ақ археологтар сол аймақтағы Мыңтөбе қорымынан табылған дүниелерді құнды жәдігерге балап отыр. – 1800 жылдан астам тарихы бар киелі нысанда жүргізілген жұмыстар барысында сол дәуірдің мәдениетін анықтауға баса мән берілмек. Қазірдің өзінде бұл жерден қыш ыдыстар мен садақ жебесінің басы табылды. Бұл ...

Читать далее »

Түркістан облысының әкімдігінде кітапхана ашылды

Түркістанда «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасы аясында жылжымалы кітап пункті ашылды. Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, мемлекеттік қызметшілер мен кітапханашылар қатысты. – «Ашық әкімдікке» көптеген адам келіп, өз мәселесі мен өтінішін айтады. Тек қызметтік емес, мәдени-рухани бағыттағы жұмыстарды жүргізуге де лайықталған орын болады деп ойлаймын. Бастаманы жүзеге асырған «Фараб» кітапханасы ұжымына алғысымды білдіремін. Мұнда мемлекеттік қызметшілер, «Ашық әкімдікке» ...

Читать далее »

Арпаөзен петроглифтерін халықаралық деңгейде қорғау қажет

Түркістан облысында Арпаөзен петроглифтерін халықаралық мәдени мұралар тізіміне енгізу жұмыстары басталды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Созақ ауданына арнайы барып, Қаратау етегіндегі петроглифтердің жай-күйімен танысты. Арпаөзен петроглифтерін қорғауға алу, туризм кластерін дамыту бойынша мамандармен пікір алмасты. – Қаратаудың қатпары тарих пен шежіреге толы. Оның ішінде Арпаөзен петроглифтерінің орны айрықша. Бірақ осы таңғажайып тарихи мұра туралы көпшілік жақсы біледі дей алмаймыз. Мыңжылдықтарға ...

Читать далее »

«Ұлы дала жорығына» қатысушы шабандоздар астанадан Түркістанға жолға шықты

Астанада «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон бәйгесі басталды. Екінші рет ұйымдастырылып отырған сайысқа биыл 19 команда өте жақсы дайындалған. Төзімділік пен шыдамдылықты, қайсарлықты талап ететін сайыс Астана маңындағы Қаражар ауылынан басталды. Жарыс жолының қашықтығы 1300 шақырымды құрайды және бағыт Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Түркістан облыстарын қамтиды. Марафон 19 қыркүйекте Түркістанда аяқталады. Жорық 14 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңнің қашықтығы – ...

Читать далее »

Д.Сатыбалды «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінің жеңімпаздарына автокөлік кілттерін табыстады

Биыл Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл! Осыған орай Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық мәдениет және туризм басқармасы «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалін ұйымдастырған болатын. 4 ай бойы қала тұрғындары мен қонақтарына мәдени-рухани демалыс сыйлаған фестиваль бүгін өз мәресіне жетті. 30 тамыз – Конституция күніне арналған эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен «Ата заңым – айбыным!» атты шарада Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды ...

Читать далее »

Өзбекәлі Жәнібековке арналған дәстүрлі көрме жалғасын тапты

Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Өзбекәлі Жәнібеков тағылымы» атты көрме ашылды. Биыл он бесінші мәрте ұйымдастырылып отырған рухани-мәдени шара көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі этнограф, тарихшы ғылым Өзбекәлі Жәнібековке арналған. Көрменің ашылу салтанатына Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев, қалалық мәслихаттың аппарат басшысы Жанболат Ибрагимов, елімізге белгілі ғалымдар, кітапхана, ЖОО-ы мен жалпы орта, салалық мектептер мен ...

Читать далее »

Отырарда қолөнер шеберлерінің халықаралық жәрмеңкесі ашылды

Бүгін Отырар ауданында «Ұлы Жібек жолы бойындағы тоқыма және зергерлік өнер» тақырыбындағы Халықаралық қолөнер шеберлері жәрмеңкесі ашылды. Салтанатты шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің Төрағасы Күміс Сейітова, Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының өкілі Талғат Мұханов және Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов ашып берді. Сондай-ақ ұйымдастырушыларға ыстық ықыласын білдіре отырып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Туыстас халықтар арасын жақындата түсетін, ...

Читать далее »

Түркістанда облыстық «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық конкурсының жеңімпаздары анықталды

Бүгін Түркістанда облыстық «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық конкурсы өтті. Елімізде ерекше сипатқа ие болып, дәстүрлі бағытта өткізіліп жатқан конкурс жеңімпаздарын Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев құттықтап, жеңімпаздарға облыс әкімі Дархан Сатыбалдының алғыс хатын табыстады. Жалпы конкурсқа 143 отбасы өтінім берген. Аудан, қалалық деңгейде ұйымдастырылған байқаудың алғашқы кезеңінде 31 отбасы жеңімпаз атанды. Ал бүгін жанұядағы жарасымдылық пен өзіндік қарым-қабілеттерімен ...

Читать далее »

В Туркестане открыли памятник Аднану Мендересу

В Международном казахско-турецком университете имени Ходжи Ахмеда Ясави в городе Туркестане состоялось открытие памятника выдающемуся государственному и общественному деятелю Турецкой Республики Аднану Мендересу. Мероприятие было приурочено к празднованию в Казахстане Дня благодарности — 1 марта. В нем приняли участие аким Туркестанской области Д. Сатыбалды, ректор МКТУ имени Х. А. Ясави Жанар Темирбекова, представитель ректора Пеями Баттал и жители города. Глава ...

Читать далее »

Түркістанда Аднан Мендерестің ескерткіші ашылды

Бүгін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті жанында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай, Түркия Республикасының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Аднан Мендереске арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті. Жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры Жанар Темірбекова мен ректор өкілі Пеями Баттал және қала тұрғындары қатысты. Облыс басшысы Түркістанды түркі әлемінің орталығына айналдыруда ...

Читать далее »

Қаңтар оқиғасы – ел ішіне іріткі салғысы келгендердің әрекеті

Өткен жылы дәл осы уақытта қазақ халқы үшін қайғылы қаңтар оқиғасы орын алды. Бұл ел тарихындағы ең қасіретті кезең болды. Бейбіт еліміздің басына бұлт үйірілді. 2022 жыл ауыр оқиғамен басталды. Бұл күні облыс орталықтары мен ірі қалаларда бейбіт шеруге шыққан халықты арандатушылар көп болды. Солардың зардабынан көптеген ғимараттар өртеніп, төңкеріс басталды. Мемлекеттілігімізден ажырап қала жаздадық. Осы тұста ел бірлігі мен ...

Читать далее »

Қаңтар оқиғасы шуақты күннің қадірін ұғындырды

Тәуелсіздігіміздің, мемлекеттігіміздің тұғырын шайқалтпақ болған қайғылы оқиғадан бері бір жыл уақыт өтті. Қаңтар оқиғасы шуақты күннің қадірін ұғындырды. Ғасырлар бойы ата-бабамыздың қанымен, жанымен қорғалып келген қасиетті жеріміз – Қазақстанымыз арам пиғылдылар мен қарақшылардың талан-таражына түсе жаздады. Шеруге қатысушылар арасында арандатушылық жасағандар болды. Адамдар арасында араздық тудырып, ел ішіне іріткі салды. Алайда, ұлт тағдыры, ұрпақ болашағы талқыға түскен тарихи сәтте бейбіт ...

Читать далее »

Мемлекеттігімізді сақтап, өсіп-өркендеуіміз үшін ел бірлігі ауадай қажет

Қаңтар оқиғасында еліміздің қалаларында мыңдаған адамдар алаңға шықты. Бейбіт мақсатта басталған шерулер бей-берекетсіздікке, тәртіпсіздікке, ұрлыққа, тонауға, кісі өлтіруге ұласты. Теріспиғылды топтар мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылды. Мемлекет басшысының табандылығы арқасында шаңырағымыз шайқалмады, Тәуелсіздігімізге нұқсан келмеді. Арандатушыларға еріп аңдамай от басып қалған азаматтарға Президенттің бұйрығымен рақымшылық берілді. Бүгінгі Мәжіліс қабырғасында өткен қаңтар оқиғасына байланысты тергеу амалдарының нәтижелерін ашық жариялау мақсатында еліміздің бас ...

Читать далее »

История не терпит повторений ошибок

Последние лет пятнадцать занимаюсь охраной окружающей среды. И все это время в глаза бросалось одно, что инспектора природных парков ходят без табельного оружия. Хотя, по долгу службы им приходится сталкиваться с вооруженными до зубов браконьерами. Я пишу это об этом сегодня, после выступления генпрокурора по январьским событиям. Из официальных уст узнал, что в январе первое время сотрудники правопорядка ничего не ...

Читать далее »

Түркістанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі кітаптар жинағының тұсаукесері өтті

Бүгін Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның жұмысшы тобы дайындаған кітаптар жинағының тұсаукесері өтті. Жаңа кітаптардың таныстырылымына белгілі ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, оқытушылар, руханият жанашырлары қатысты. Тұсаукесер рәсімін ашқан Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Бахыт Ахымбетов жинақтың жарыққа шығуына зор үлес қосқан авторларға жылы лебізін білдіре отырып, кітаптың мазмұны мен ...

Читать далее »

Қаралы қаңтар құрбандарына мың тағзым

Күні кеше Алматыда қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалы ашылды. Салтанатты рәсімге президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, сол қаралы күндері қаза тапқан марқұмдарды еске алды. Қаңтар қасіреті мен сол кезде өмірі қиылған азаматтар жадымызда мәңгі сақталады. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда «Тағзым» мемориалының ашылуында осылай деді. Ескерткіш қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған. Президент қасіретті күндер бәріміз үшін үлкен сабақ болғанын айтты. Елдің ...

Читать далее »