Авторские архивы: admin

Түркістанда кәсіпкерлікке қолдау көрсету мәселелері талқыланды

Түркістанда бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдындағы «Бірыңғай есеп беру күні» іс-шарасы өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімдігі, облыстық прокуратура, мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың территориялық департаменттері, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері және онлайн режимде аудан, қалалардың бизнес өкілдері қатысты. Маңызды жиынды Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Самат Көшкінбай жүргізіп отырды. Іс-шараның мақсаты – бақылау-қадағалау органдары мен ...

Читать далее »

Кентауда Бұқар жыраудың мемориал тақтасы қойылды

Биыл қазақтың ұлы жырауы, жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы, атақты Абылай ханның ақылшысы Бұқар жыраудың туғанына 355 жыл. Осыған орай Кентау қаласы Қарнақ ауылына Бұқар жырау ауданынан ҚР Парламент сенатының депутаты, академик Алтынбек Нұхұлы, елімізге танымал айтыскер ақын Айтбай Жұмағұлов, Бұқар жырау аудандық маслихат төрағасы Асхат Сағадиұлы бастаған бір топ делегация келді. Ең алдымен Қарнақ ауылындағы тарихи орынның бірі ...

Читать далее »

Түркістанда қарттар мен ардагерлер ардақталды

Бүгін Түркістан қаласында 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев қатысып, ақсақалдар мен әжелерді құттықтады. – Қадірлі ақсақалдар! Аяулы ақ жаулықты әжелер! Баршаңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Қазақ бағзы заманнан қарияларды халықтың баға жетпес қазынасы санап, олардың батасын алуды мәртебе көреді. Бұл қасиет атадан-балаға мұра ретінде дәріптеліп келеді. Мемлекет ...

Читать далее »

Шымкент әкімі ардагерлерді қарттар күнімен құттықтады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 1 қазан — халықаралық Қарттар күніне орай ардагерлерді мерекелерімен құттықтады. «Қарттарым — асыл қазынам» атты мерекелік іс-шарада қала басшысы ыстық ықыласын жеткізді. — Сіздерді халықаралық қарттар күні мейірім мен ізгілік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қарты бар үйдің шырағы сөнбейді. Бүгінгі құрмет-қошеметтің барлығы сіздерге арналады. Өздеріңізге айтар алғысымыз бен құрметіміз шексіз. Қазыналы қарияларымыздың қамсыз қарттығын қамтамасыз ...

Читать далее »

Өзбекстандық кәсіпкерлер жібек мата өндірмек

Түркістан облысында тұт ағашын отырғызу арқылы жібек мата өндіріледі. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды көшет егіп, жібек құртынан мата шығару ісіне машықтанған өзбекстандық кәсіпкерлермен кездесті. Олар Жетісай, Мақтаарал аудандарында 200 га жерге көшет отырғызбақ. Әр гектардан 50 тоннаға дейін жапырақ өндіріледі. Жапырағын жылына төрт рет жинақтауға болатын тұттың «Мархабат» сортын егуге кіріспек. Басты мақсат – Түркістан облысының тұрғындарына осы кәсіптің қыр-сырын ...

Читать далее »

Жолдау — ел сұранысына жауап

Мемлекет басшысының қай Жолдауы болмасын елдің егемендігін, жеріміздің тұтастығын сақтауды, елдің экономикасының дамуы арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздейді. Ал, биылғы Жолдаудың ерекшелігі айтылған міндеттердің бәрі үш жылдың ішінде орындалуы тиістігі, аса күрделі міндеттерді жүзеге асыруға нақты мерзім бекітілгендігі. Талдап қарасаңыз Жолдауда ең көп қолданылған экономика-68, мемлекет-42, заң-23, халық-22, бизнес-18 сөздері Басты бағыт экономиканы дамытудың жоба-жоспары болғандықтан экономика сөзінің Жолдауда ...

Читать далее »

Түркістан облысы еліміздің туризм саласында ерекше орын алатын өңір

Президент айтқан екі мәселе. Оның Түркістан облысы үшін маңыздылығы Президенттің осы жолғы Жолдауы тұтастай экономикалық бағытқа арналды. Әлемде геосаяси жағдай күрт құбылып, мұның салқыны экономиканы тұралата бастады. Дегенмен Президенттің өзі айтқандай, Қазақстан геосаяси жағдайдың ушығып тұрғанына қарамастан экономикадағы өсімді сақтап қалды. Жолдауда Мемлекет басшысы екі мәселеге тоқталды және бұл екеуі де Түркістан облысы үшін маңызды. Оның біріншісі туризмге қатысты. — ...

Читать далее »

Азиада: Үшінші алтын медаль

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық мергендер тағы да бір алтын алды. Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко скит бағдарламасы бойынша жұптық сайыста үздік болды. Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша аралас командалық сайыста өнер көрсетіп жатқан Әсем Орынбай/Эдуард Ещенко жұбы финалда Кувейттен басым түсті. Тартысты жарыста Қытай мен Катар құрамалары қола жүлдегер атанды. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Азия ойындарында нысана көздеу ...

Читать далее »

Зухра Азия ойындарының чемпионы!

Бұл – Азиададағы еліміздің ұлттық құрамасы үшін екінші алтын медаль. Қазақстандық спортшы 10 метрге жылжымалы нысана көздеуден үздік нәтиже көрсетіп, Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды. Бұл жарыста бақ сынаған отандастарымыз Фатима Ирназарова алтыншы орынды иеленсе, Александра Сәдуақасова жетінші орынға жайғасты. Айта кетейік, дәл осы жылжымалы нысана көздеуден топтық жарыста Зухра Ирназарова, Фатима Ирназарова мен Александра Сәдуақасова күміс жүлдені еншілеген.

Читать далее »

Мақташылардың мәселелері талқыланды

Түркістан облысында мақта кластерін дамытуға күш салынады. Бұл мақсатта шитті мақтаны сатудан бөлек, мақта талшығын терең қайта өңдеуге басымдық беріледі. Өңірде жеңіл өнеркәсіп жетекші салаға айналып, ауыспалы егіс жүйесі қолға алынатын болады. Ауыл шаруашылығы саласындағы осы және өзге де өзекті мәселелерді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының Жетісай ауданы Жаңа ауыл, Жылы су ауылдық округтерінде өткен кездесулерде айтылды. Жетісай ауданының ...

Читать далее »

Жетісайда 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді

Жетісай ауданында Түркістан облысының 5 жылдығы аясында жаңа мектеп пайдалануға берілді. Заман талабына сай салынған жаңа типтік үлгідегі білім ордасының салтанатты ашылуына келген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы мен Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы ауыл тұрғындарын, ұстаздар мен оқушыларды айтулы қуаныштарымен құттықтады. Жаңа мектепте физика-информатика және мультимедиялық-лингафондық кабинеттер, спорт залы, зертхана кабинеттері мен тігін шеберханасы, асханасы бар. Мектеп оқушыларының ...

Читать далее »

Ұлттық бұйым – ұлт мұрасы

Бүгін Түркістан қаласындағы «Этноауыл» кешенінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында және Түркістан облысына 5 жыл толуына орай, этнос өкілдері арасында қолөнер бұйымдарын дәріптеу мақсатында «Ұлттық бұйым – ұлт мұрасы» байқауы өтті. Елдік құндылықтарды ұлықтаған шарада сөз алған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Ахымбетов байқаудың маңыздылығына тоқталып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ...

Читать далее »

Кентау трансформатор зауыты жылына 12 мың дана өнім дайындайды

Бүгін Кентау трансформатор зауытында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер алдымен Кентау қаласында орналасқан трансформатор зауытына барды. Өндіріс орнының басты ерекшелігі – өнімдерін заманауи қондырғылар негізінде жасап шығарады. Басқарма Төрағасы Бауыржан Худайбергеновтің айтуынша, зауыт жылына 12 000 дана өнім дайындайды. — Кентау трансформатор зауыты қазір шикізаттың 15 пайызын ғана сырттан әкеледі. Зауыт жобалау институттарымен тығыз жұмыс істейді. ...

Читать далее »

Италия мен Түркістан облысы арасындағы байланыс тереңдей түсті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Италияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Марко Альберти мен «Arm Wind» ЖШС-нің басқарушы директоры Алекс Стиллаватомен кездесті. Кездесу барысында Түркістан өңіріне Италия инвестициясын тарту, туризм, ауыл шаруашылығы және өзге де салалар бойынша әріптестік орнату көкжиектері сөз болды. Облыс әкімі облыста инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын айтты. – Түркістанға тағы да қош келдіңіздер деймін. Бүгін өңірімізде «Шәуілдір» күн электр ...

Читать далее »

Түркістанда халықаралық көше театрларының фестивалі басталды

Бүгін Түркістанда облыс әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен Халықаралық көше театрлары фестивалі басталды. Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырған халықаралық көше театрлары фестивалінің қонақтары мен Қазақстан, Түркия, Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінен келген үздік 13 өнер ұжымы қызыл кілемнен жүріп өтті. Салтанатты шараның ашылуына ТҮРКСОЙ ұйымы Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф, Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан ...

Читать далее »

Туркестанской области открылась современная солнечная электростанция «Шаульдер»

В Отырарском районе Туркестанской области открыта современная солнечная электростанция «Шаульдер». Этот важный объект, построенный за счет инвестиций итальянской компании «Plenitude» («Eni») – первая солнечная электростанция данной компании на территории Республики Казахстан. Строительство электростанции мощностью 50 МВт компанией «Plenitude» осуществляло дочернее предприятие компании ТОО «Arm Wind». Аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды поздравил общественность с открытием объекта и поблагодарил инвестора, граждан, внесших вклад ...

Читать далее »

Түркістан облысында «Шәуілдір» заманауи күн электр станциясы ашылды

Түркістан облысы, Отырар ауданында заманауи «Шәуілдір» күн электр станциясы ашылды. Италияның «Plenitude» («Eni») компаниясының инвестициясы есебінен салынған  бұл маңызды нысан – аталған компаниясының Қазақстан Республикасы аумағындағы алғашқы күн электр станциясы.  Қуаты 50 МВт электр станциясы «Plenitude» компаниясының құрылысын компанияның еншілес кәсіпорны «Arm Wind» ЖШС жүргізді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды көпшілікті нысанның ашылуымен құттықтап, инвесторға, жобаны жүзеге асыруға үлес қосқан ...

Читать далее »

Қазығұртта жылдам дайындалатын кеспелер өндіріледі

Қазығұрт индустриалды аймағында тамақ өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. Табиғи ауыз сулар мен жеміс сығындысынан дайындалған шырындармен қатар аймақта жылдам дайындалатын кеспелер де шығарылып жатыр. Арнайы қапталған кеспелер Орта Азия елдері, атап айтқанда Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мен Ресей және Латвия, Литва, Эстония, Германияға экспортталып жатыр. 2019 жылы қызметін бастаған кәсіпорын 100-ге жуық адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтыған. Жылына 2 700 тонна ...

Читать далее »

Жетісайда шаруа қожалық гүл өсіріп айына 1 млн теңге табыс табады

Бүгін Жетісай ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер аудандағы Қазыбек би ауылдық округіндегі гүл өсіруші “Салих” шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Ағайынды Нартаевтар үйіргелік 3 соттық жер теліміне жылыжай салып бастаған. Кейін гүл өсіріп сату ісін қолға алып, жылыжай аумағын 15 соттыққа жеткізген. Қазіргі таңда жылыжайда құмыраға отырғызылған гүлдің 40-тан астам түрі өсіріледі. Қожалық әр гүлді 500-10000 ...

Читать далее »

Азия ойындарында алғашқы алтын бұйырды

Еліміздің спортшылары 7 мәрте жазғы Азия ойындарына қатысып, жалпы саны 155 алтын жүлдеге ие болды. 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында XIX Азия ойындары өтеді. Оған Қазақстан құрамасы да қатысады.Құрлық біріншілігінде 40-тан астам спорт түрі бойынша жүлделер сарапқа салынады. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің Telegram арнасында жазылды. Еліміздің спортшылары 7 мәрте жазғы Азия ойындарына қатысып, жалпы ...

Читать далее »