Азия ойындарында алғашқы алтын бұйырды

Еліміздің спортшылары 7 мәрте жазғы Азия ойындарына қатысып, жалпы саны 155 алтын жүлдеге ие болды.

23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында XIX Азия ойындары өтеді. Оған Қазақстан құрамасы да қатысады.Құрлық біріншілігінде 40-тан астам спорт түрі бойынша жүлделер сарапқа салынады. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің Telegram арнасында жазылды.

Еліміздің спортшылары 7 мәрте жазғы Азия ойындарына қатысып, жалпы саны 155 алтын жүлдеге ие болды.

Бірінші орында – байдарка мен каноэ есу. Аталған спорт түрінен қазақстандық спортшылардың 24 алтын медаль алды.

Екінші орында – жеңіл атлетика. Біздің спортшылар 23 алтын жүлдеге ие болды. Атап айтқанда, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова төрт мәрте Азия ойындарының жеңімпазы атанды.

«Қазақстандық боксшылар 16 алтын медаль жеңіп алды. Әр жылдары Ермахан Ибраимов, Геннадий Головкин, Серік Сәпиев, Данияр Елеусінов және Жәнібек Әлімханұлы сияқты атақты былғары қолғап шеберлері құрлық чемпиондары атанды. Ал отандық мергендердің қоржынында Азия ойындарының 14 алтын медалі бар», – деп жазылған хабарламада.

Үшінші орында – ауыр атлетика. Қазақстан құрамасының 12 алтын медалін ауыр атлеттер алып келді, ал грек-рим стиліндегі отандық балуандар Азия ойындарында 9 рет жеңіске жетті. Нұрмахан Тыналиев екі рет, 2010 және 2014 жылдары тұғырдың жоғарғы сатысына көтерілді.

Бесінші орында – велоспорт. Қазақстандық велошабандоздар 8 алтын медаль жеңіп алды. Мысалы, Алексей Луценко тас жолдағы велоспорттан Азиадада үш мәрте жеңіске жетті.

Алтыншы орында – каратэ, су добы және көркем гимнастика. Бірден үш спорт түрінің өкілдері 6 алтын медалдан жеңіп алды. Бұл – каратэ, су добы және көркем гимнастика. 2018 жылғы ойындарда қазақстандық гимнасттар 2 жиынтық алтын жүлдеге ие болды. Су добынан еліміздің ерлер құрамасы соңғы үш Азиадада қатарынан чемпион атанды.