Зухра Азия ойындарының чемпионы!

Бұл – Азиададағы еліміздің ұлттық құрамасы үшін екінші алтын медаль.

Қазақстандық спортшы 10 метрге жылжымалы нысана көздеуден үздік нәтиже көрсетіп, Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды.

Бұл жарыста бақ сынаған отандастарымыз Фатима Ирназарова алтыншы орынды иеленсе, Александра Сәдуақасова жетінші орынға жайғасты.

Айта кетейік, дәл осы жылжымалы нысана көздеуден топтық жарыста Зухра Ирназарова, Фатима Ирназарова мен Александра Сәдуақасова күміс жүлдені еншілеген.

x

Check Also

Қазақстан бокс федерациясы World Boxing ұйымына кіруге өтінім берді

Қазақстан бокс федерациясы ұзақ талқылаулар мен сараптаманың нәтижесінде маңызды шешім қабылдады. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлайды. Қазақстан World Boxing ...

Г.Головкин World Boxing жаңа олимпиадалық комиссиясының төрағасы болып сайланды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) жаңа Олимпиадалық комиссиясының төрағасы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. ...