Авторские архивы: admin

Арыс қаласында «Nomads Cup» көшпенділер ойыны өтті

Бүгін Арыс қаласында Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай ұлттық спорт ойындарының 5 түрінен ұйымдастырылған «NOMADS CUP» көшпенділер ойыны өз мәресіне жетті. Жастар арасында қазақ халқының ұлттық ойындарының мәнін, дала дәстүрін, ұрпақтар сабақтастығын насихаттауға бағытталған шараны қала әкімі Гүлжан Құрманбекова ашып берді. Барлық аудан, қаладан келген жас спортшыларға сәттілік тілеп, қолдау білдірді. Жалпы жүлде қоры 2 млн. теңгені құрайтын ...

Читать далее »

Түркістанда «Достық үйі» ғимаратының құрылысы басталды

Түркістанда «Достық үйі» ғимаратының алғашқы кірпішін қалау рәсімі өтті. Шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, сондай-ақ Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы құрылымдардың төрағалары мен мүшелері қатысты. Алдымен мердігер компания «INTEGRA CONSTRUKTION KZ» ЖШС өкілі құрылыс барысымен таныстырды. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беру тапсырмасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Президентіміз ...

Читать далее »

«Әжелер алқасына» 10 жыл толуына орай «Аялы әже» форумы өтті

Бүгін Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған «Әжелер алқасына» 10 жыл толуына орай «Аялы әже» форумы өтті. Форум аясында ұлттық тағамдарымыз бен дәстүрімізге, қолөнерімізге арналған көрме ұйымдастырылды. Түркістан қаласында өткен мерейтойлық жиынға облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов және аудан мен қалалардан кеңес-алқа мүшелері қатысты. Жиында қазақ қоғамындағы әженің рөліне ...

Читать далее »

Д.Сатыбалды Сайрам ауданы тұрғындарының мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады

Түркістан облысының әрбір аудан, қаласын әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамыту бағытында бірқатар жобалар қолға алынып, облыс әкімімен арнайы жоспарлар бекітілген. Бұл ретте облыс тұрғындарының ұсыныстары өте маңызды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалдының кезекті бірыңғай қабылдауы Сайрам ауданында өтті. Манкент ауылында орналасқан «Өзге» спорт кешенінде аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Еркін форматта өткен қабылдауға келгендердің дені инфрақұрылым мен әлеуметтік салаға қатысты сұрақ қойды. ...

Читать далее »

Сарыағашта құлпынай өсірушілер қатары артып келеді

Ауыл шаруашылығы саласы – экономиканы дамытудағы негізгі басымдықтардың бірі. Бүгінде Сарыағаш ауданының шаруалары көкөністер мен қоса жеміс-жидектерді де өсіруді қолға алып, өнім түрлерін көбейтуде. Аудан шаруалары қыс мезгілінде құлпынай өсіріп, ерте пісетін жидекті саудалап, мол табыс табуды жоспарлауда. Қазіргі таңда Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенінің тұрғыны жеке кәсіпкер Абдимамыр Бурибеков жылыжайда құлпынай өсіріп, ішкі нарықта саудалауда. Құлпынай өніміне сұраныс ...

Читать далее »

Сайрам ауданын дамыту жолдары талқыланды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Сайрам ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәжіліс өтті. Өңір басшысының бұдан бұрынғы жұмыс сапары кезінде анықталған кемшіліктерді жою және алдын алу шаралары талқыланып, осы бағытта атқарылған жұмыстар қорытындыланды. – Сайрам ауданы экономикасының басты саласы – ауыл шаруашылығы. Алайда бұл бағытта нақты жоспар да орындалмай отыр. Бұл ретте, «Ауыл аманаты» бағдарламасын нәтижелі іске асырып, жоспарды орындауға ...

Читать далее »

Сайрамда «Белсенді ұзақ өмір орталығы» ашылды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданына жұмыс сапары барысында Низамабад елді мекеніндегі «Ecoinvest S.A» ЖШС жылыжайына барды. Жобаның құны 7,5 миллиард теңгені құрайды. Жылыжай жылына 6000 тонна қызанақ, ал 2 кезең іске асқанда 12 000 тонна өнім береді. Айта кету керек, жылыжай шетелдік инвестиция көздері арқылы жүзеге асырылған. Екінші кезең іске қосылғанда 320 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Бүгінде кәсіпорында ...

Читать далее »

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ заманауи электр станциясы салынады

Түркістан облысында өңір тарихындағы ең ірі жобаның қазығы қағылды. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен Сайрам ауданында 1000 МВт бу-газ қондырғысының естелік капсуласы салынды. «Түркістан бу-газды қондырғы» ЖШС-нің маневрлік генерациялау режимі бар бу-газ қондырғысы базасында электр станциясының құрылысын жүзеге асыруға 700 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылады. Бірегей жоба тек Түркістан өңірінде ғана емес, жалпы еліміздегі электр энергиясының сапасын арттыруға ...

Читать далее »

Бас прокурор үйлестіру кеңесінің отырысында заңсыздық пен мәдениетсіздікке қарсы бірігуге шақырды

21 қарашада Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараға Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары мен басқа да мүдделі тұлғалар қатысты. Отырыста Бас Прокурор Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейін төмендету бойынша шаралар кешені қабылданып ...

Читать далее »

Шардарада кәсіпкерлердің есебінен 96 пәтер салынып жатыр

Биыл Шардара ауданында кәсіпкерлердің есебінен 96 пәтерлі 6 үйдің қабырғасы қалануда. Құрылыста қолданылып жатқан материалдар түгелдей дерлік отандық өнім. Сапасы да тиісті мамандар мен жергілікті әкімдік тарапынан қатаң бақылауда. Өйткені аталмыш 6 үйдің құрылысы аяқталған соң 96 пәтер жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, халықтың осал тобынан жасақталғандар, бюджеттік немесе мемлекеттік қызметшілер, көпбалалы отбасылар тізімі бойынша тұрғын үй кезегінде тұрғандарға ...

Читать далее »

Келесте интернет-алаяқтық қылмыстардың алды алынуда

Ақпараттық технологиялардың дамуымен және оларды қолдану аясының кеңеюімен алаяқтықтың жаңа түрлері, соның ішінде интернет алаяқтықтар пайда болуда. Интернет алаяқтықтың бір ерекшелігі – қылмыскерлер тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де болуы мүмкін, яғни қылмыстың бұл түрі халықаралық сипатқа ие. Осы орайда Қазақстан Республикасының және Түркістан облысы, Келес ауданы аумағында 2023 жылғы 20-22 қараша аралығында ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы ...

Читать далее »

Өзгенің ұялы телефоны арқылы несие рәсімдеген алаяқ ұсталды.

Түркістан облысының полицейлері өзгенің жоғалған телефонынан несие рәсімдеген күдіктіні құрықтады,–деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz ақпараттық медия-порталына сілтеме жасап . Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызбен жүгініп, белгісіз біреу оның жоғалтып алған телефонын пайдалану арқылы мобильді қосымшасынан несие рәсімдегені туралы шағымданған. Атына несие рәсімделгені туралы өзіне банктен телефон арқылы хабарласып, төлем жасау туралы айтқан кезінде ғана білген. Жәбірленушіге 500 ...

Читать далее »

«Қарызсыз қоғам» жобасы алаяқтарға алданбас үшін көмектеседі

Қаржылық сауат – қазіргі қазақ қоғамындағы өте маңызды мәселе екендігі жайлы «Aiqyn» газетінің тілшісі хабарлайды. Себебі «аңқау елге арамза молда» болған алаяқтар жетерлік. Елдегі кейінгі кезде болып жатқан жағдайлар осыны аңғартады. Finprom.kz сайтында жарияланған дереккөзге сүйенсек, биыл Қазақстандағы қаржы пирамидаларының құрбаны болған адам саны үш есеге көбейген. Бірақ дәл сол «қаржылық пирамида құру және басқару» бойынша қылмыстық құқықбұзушылық саны 22,5 ...

Читать далее »

«Касперский зертханасының» сарапшылары «қара жұмада» танымал онлайн алаяқтық сызбаларын атады

«Касперский зертханасы» «қара жұма» қарсаңында онлайн-шопинг саласындағы өзекті киберқауіптер туралы есеп жариялады. Компанияның мәліметтері бойынша*, 2023 жылы әлемде 13 млн астам фишингтік шабуылдар анықталды, олардың аясында зиянкестер танымал маркетплейстерге, сәнді брендтерге және гаджет дүкендеріне еліктеген. Фишинг пен скам алаяқтар арасындағы неғұрлым өзекті тактикалардың бірі болып қала береді. Сонымен, 2023 жылдың алғашқы он айында компанияның шешімдері бүкіл әлем бойынша онлайн-дүкендерге, төлем ...

Читать далее »

Жаңа жылдың алдында алаяқтар қандай айлаларға баруы мүмкін

Алаяқтар шабуылдарының жаңа толқыны жаңа жыл қарсаңында және мереке күндері басталуы мүмкін. Жаңа жылмен бірге телефон және кибералаяқтар жандана бастайды. Банк клиенттерін мұқият болуға, ерекше қырағылық танытуға, әсіресе мобильді немесе онлайн-банкингте операциялар жүргізген кезде, сондай-ақ таныс емес адамдармен араласқан кезде өте сақ болуға шақырамыз. Вишинг – телефон шалумен байланысты алаяқтық түрі. Алаяқтар өздерінің құрбандарына қорқытып-үркіту және уәде ету сияқты психологиялық ...

Читать далее »

Интернет алаяқтығы тыйылмай тұр

Бас прокуратура ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Абзал Құспан мен Ерлан Саировтың алаяқтық жолмен берілген онлайн несие мәселесіне қатысты сауалына жауап берді. Заңгерлер Дана Мырзаханова, Дамир Хамитов және Гүлнар Мурзалинова бұған дейін депутаттардан осындай алаңдаушылықтарды шешуді сұраған болатын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Заңгерлер қай банктер алаяқтық жолмен онлайн несие беруге рұқсат ететіні туралы деректерге қоғамның назарын аударуда. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ...

Читать далее »

Гаджеттеріңізді алаяқтардан қорғаңыз!

Адам өмірін жеңілдетуге және жақсартуға арналған шағын гаджеттерге алаяқтық шабуылдар күн сайын жасалып тұрады. Алаяқтар пайдаланушылардың есептік деректерін және телефондардан басқа да жеке ақпаратты ұрлауға маманданған зиянды трояндарды белсенді түрде таратқан. Алаяқтар қандай деректерді алғысы келеді Сіздің картаңыздың немесе шотыңыздың нөмірін және сіздің атыңызды, тегіңізді, ЖСН білу, алаяқтардың шоттан ақша алуына жеткіліксіз. Бұл үшін оларға картаның толық деректемелері қажет: жарамдылық ...

Читать далее »

Д.Сатыбалды Төлебилік тұрғындардың өтінішін тыңдады

Түркістан облысында тұрғындар жалпы қабылдауда облыс әкімі Дархан Сатыбалдыға көкейдегі сауалын қойып, өтініштерін ашық айта алады. Бұл үрдіс өңір басшысының аудан, қалалардағы жұмыс сапары аясында қалыптасқан. Кезекті «Ашық есік күні» аясында бірыңғай қабылдау Төлеби ауданында өтті. Жалпы жиынға құқық қорғау органдарының және облыстық басқарма басшылары мен өкілдері де қатысып, айтылған мәселелердің оң шешімін табуына атсалысты. Төлеби ауданындағы жеке қабылдауға Қасқасу ...

Читать далее »

Төлеби ауданы толық табиғи газбен қамтылды

Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы Қасқасу ауылдық округ тұрғындарына табиғи газ нысаны пайдалануға берілді. Тұрғындардың қуанышты сәтін бөлісуге арнайы барған облыс әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындармен пікірлесіп, ауданды дамыту бағытында белсенді болуға шақырды. – Тұрғындармен кездесулерде көтерілген мәселелердің басым көпшілігі инфрақұрылымға қатысты. Жергілікті халықтың сұранысын ескере отырып, ең қажет дүниелерді, мүмкіндігінше, бірініші кезекте орындауға жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Ауыл тұрғындары да өзінің туған ...

Читать далее »

Арыстан шығатын танымал минералды суы шетелге экспортталмақ

Түркістан облысы, Арыс қаласында өндірілетін минералды суға қытайлық компания қызығушылық танытып отыр. Бүгін Арыс қаласына Қытай Халық Республикасынан инвесторлар келді. Қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық шетелдік қонақтарға қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын баяндап, қала әкімінің бастамасымен Арысқа тартылып жатқан инвестициялық жобалар туралы айтып өтті. Бұдан кейін меймандар «Арыс минералды су» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Серіктестік директоры Руслан Полатханұлы өндіріс орнымен жан-жақты таныстырып, кешенді ...

Читать далее »