Шымкент: Қаратау ауданында жаңа гүлзар мен спорт алаңшасы халық игілігіне пайдалануға берілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Қаратау ауданында жаңа гүлзар мен спорт алаңшасы халық игілігіне пайдалануға берілді

Қаратау ауданына қарасты Шапырашты тұрғын алабында гүлзар мен спорт алаңшасының салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды. Бұл нысандар «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында барлық қауіпсіздік талаптарына сай бой көтерді. Алаңдардың аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, бос уақытын тиімді ұйымдастыруда және бұқаралық спортты дамытуда маңызы зор.

Салтанатты іс-шараға қаламыздың зиялы қауым өкілдері арнайы қатысып, жергілікті халықтың қуанышына ортақтасты. Айта кетейік, биылғы жылы аудан аумағында жалпы саны 12 гүлзардың, 24 балалар ойын алаңшасының және 3 спорт алаңшасының құрылысы жоспарланған. Осыған дейін аудан аумағында 13 балалар ойын алаңшасы мен 6 гүлзар ел игілігіне берілді. Қалған 11 балалар ойын алаңшасы, 6 гүлзар жыл соңына дейін бой көтеретін болады.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...