Шымкентте «Экокүн» және «Дармарка» экологиялық жәрмеңкесі өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте «Экокүн» және «Дармарка» экологиялық жәрмеңкесі өтті

Бүгін қалалық Достық үйінде қоршаған ортаны қорғау және тұрақты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Дармарка» және «ЭкоКүн» атты экологиялық жәрмеңке ұйымдастырылды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Қоғамдық келісім баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған шара — Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын қолдауға бағытталды. Сонымен қатар, жәрмеңке экологиялық жауапкершілікті арттыру, қаланың экологиялық мәдениетін нығайту және қоғамның белсенді бөлігін тарту мақсатында өткізілді.

«Дармарка» – тұтыну мәдениетін өзгертуге бағытталған әлеуметтік бастама. Жәрмеңкеге қатысушылар өз үйлеріндегі жақсы күйдегі, бірақ өздеріне қажетсіз заттарды әкеліп, басқалармен тегін алмасты. Шара аясында таза және ұқыпты киімдер, кітаптар, балалар ойыншықтары және тұрмыстық заттар қабылданды. Мұндай бастама артық заттарды кәдеге жарату арқылы экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

«ЭкоКүн» – қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды қабылдау акциясы. Қала тұрғындары пластик (ПЭТ бөтелкелер), шыны, қағаз, картон және алюминий банкаларды өткізуге мүмкіндік алды. Бұл акция – тұрғындарды қалдықтарды сұрыптауға үйрету және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараға «New Wave» жастар қозғалысы, Шымкент қаласындағы «Неміс» мәдени орталығы, «Екінші өмір» үйсіз жануарларға көмек көрсететін қайырымдылық қоры, «Добряки Шымкента» және «28 ілмек» әлеуметтік бастамасы қатысты.

Шымкенттегі экологиялық шара қоғамда экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті арттыруға үлкен үлес қосып, азаматтарды өз тұрмыстық қалдықтарын дұрыс сұрыптауға және қайта өңдеуге ынталандыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, бұл шараның экологиялық тәрбие беру мен қоғамның өмір салтын өзгертуге бағытталған маңызы ерекше.

Қоғамдық келісім баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...