Түркістан облысы

Халық санағы 2021. Аудан тұрғындарына сенім білдіремін!

Еліміз егемендігін алғалы үшінші рет халық санағы өткізілгелі отыр. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы №1049 ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының барлық аумағында халық санағы «Қазақстанда әр кім маңызды» деген ұранмен жүргізіледі. Аудан әкімінің 2021 жылғы 9 наурыздағы № 224 Өкімімен халықтың Ұлттық санағына жәрдемдесу жөніндегі аудандық комиссия құрылған. Онда ауыл округ ...

Читать далее »

Токио Олимпиадасында топ жарған боксшымыз Темірланға келді

Аудан әкімі Бағлан Батыршаев Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, боксшы Сәкен Бибосыновты қабылдады. Күншығыс елінде өткен байрақты бәсекеде Қазақ елінің намысын қорғап, көк байрағын көкке желбіреткен жерлесімізді жеңісімен құттықтап, алдағы Олимпиадада тағы да чемпиондық тұғырдан көрінуіне тілеулес екендігін жеткізді. Сондай-ақ, спортты жанына серік еткен жасөспірімдердің, жастардың рухын шыңдауда, оларды спорт залдарға шақыруда Сәкен Исмадиярұлының еңбегі ерен екендігіне тоқталды. «Биыл күш атасы ...

Читать далее »

Өзіміздің Қажымұқанымыз ғой

ОРДАБАСЫ – МЕКЕНІМ…Бала кезден білген едім, қасиетті екенін!.. Еуропаның әсем қалаларының бірі – мақтаулы Парижде классикалық күрестен әлем біріншілігі өтуде. Қатысушылардың қара күштерін таразылап, жер-жаһаннан жиналған атақты палуандардың бойындағы мүмкіндіктерін байқау мақсатында ұйымдастырылған айрықша дода ғой. Бүкіл ғұмырларында көрмегені қалмаған және талғамы тау асып кеткен француз жанкүйерлері қара нар үстіндегі қазақтың кең кеуделі алып баласын көріп, таңданыс танытуда. Жиналған жұрттың ...

Читать далее »

Намыс найзағайы

Қазақтың күрес әлеміндегі бас батыры Қажымұқан туралы таңды таңға ұрып айтсаң да жарасады. Қарапайым қазақ ауылының бұла баласы тағдыр айдауымен күрес кілеміне түсті. Төрткүл дүниеге табаны тиді. Әлемнің, әр ұлттың мен деген ұландарының жауырынын жерге тигізді. Классикалық және еркін күрестен Әлем чемпионы. Ел басына күн туғанда Алаш арыстарының қасынан табылды. Қазақ жеке, егемен мемлекет болу үшін қолынан келгенін жасады. Қысқаша ...

Читать далее »

Әлемді мойындатқан күш атасы Ордабасыда жатыр

Темірлан жұрты аса қастерлейтін, бүкіл ордабасылықтар мақтан тұтатын жауырыны жерге тиіп көрмеген алып қазақ – Қажымұқан 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезіне қарасты Сарытерек болысының Жәдік деген елді-мекенінде дүниеге келген. Кейбір деректер бойынша Қажымұқан 1883 жылы туылған. Кедей жанұядан шыққан Қажымұқан орыс байларына жалданып, жұмыс істейді. Уақыт өте келе күрес жолына түсіп, той-жиындарда халықтың назарына ілігіп, бала балуан деп атанады. ...

Читать далее »

Ө.Шөкеев: Алдымызда Жолдаудағы айқын бағыттарды іске асыру міндеті тұр

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша облыс автивімен кездесті. Актив отырысына зиялы қауым өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, БАҚ өкілдері, білім, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері және онлайн форматта аудан мен қала әкімдері қатысты. Облыс әкімі Түркістан ...

Читать далее »

Өмірзақ Шөкеев: Мен келеді деп көзбояушылық жасауға болмайды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жауапты сала басшыларымен бірге облыс орталығындағы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының барысын бақылады. Ясауи көшесінің бойындағы желілік саябақ құрылысымен танысып, мердігерлермен кездесті. Жалпы ауданы 11 гектарды құрайтын демалыс аймағы құрылысының бірінші кезеңі қараша айына дейін аяқталмақ. Саябаққа талаптарға сай жаңа орындықтар, диодты шамдар орнатылады. Көшеттер, гүлдер отырғызылып, көгалдандырылып, абаттандырылуда. Түркістан қаласын көгалдандыру аясында жасыл аумақ ұлғайып, ...

Читать далее »

Шөкеев: Спорт — адам өмірінің ажырамас бөлігі

Түркістан қаласында заманауи үлгідегі спорт нысандары салынып жатыр. Олардың құрылысы облыс әкімінің тікелей бақылауында. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев 20 гектар жерде орналасқан «TURAN» футбол академиясының құрылыс алаңында болды. Мұнда спортшыларға Еуропаның үздік клубтарына сәйкес жағдай жасалмақ. Жаңа кешенде үлкен және шағын 10 футбол алаңы болады. Допинг-бақылау кабинеттері, 300 орындық қонақүй, спортшыларға арналған монша, 3 мейрамхана, мәжіліс залдары мен медициналық, ...

Читать далее »

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс отырысы өтті

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс тоғызыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, облыс әкімдігінің мүшелері, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, мемлекеттік органдар басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды. Облыстық мәслихат сессиясының күн тәртібіне алты мәселе қаралды. Атап айтқанда, «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне ...

Читать далее »

Түркістан облысында 91 жастағы қария вакцина салдырды

Елімізде екпе алғандардың ең егдесі Заманбай Атишов. 91 жастағы қария Түркістан облысы Кентау қаласында тұрады. 1930 жылы Қарнақ ауылында дүниеге келген. Вакцинаның екі компонентін де қабылдаған қарияның жағдайы өте жақсы. Қарияны бақылауға алған дәрігерлер осылай дейді. «Ғылым дәлелдеген екпеге сенім артып, індеттен сақтану үшін екпе қабылдадым. Баларым да қабылдады. Бұл індетті жеңу үшін дәрігерлерге сенім арту қажет», – дейді 10 ...

Читать далее »

Бөржар жұрты чемпиондарға құрмет көрсетті (видео)

Джиу-Джитсудан Украинаның Киев қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында Ордабасы ауданына қарасты Бөржар ауылының жас спортшылары жеңіспен оралды. Ел намысын асқақтатқан жеңімпаздарды ауылдастар зор қошаметпен күтіп алып, әлем чемпионы Төлен Шахмардан, күміс жүлдегер Дихан Тоқтар мен қола медаль иегері Ерсұлтан Кемелбековке ат мінгізді. Мерекелік шарға аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев қатысып, жүлдегерлерге аудан әкімінің Алғыс хатын тапсырды. Ауылдық Мәдениет үйінде ...

Читать далее »

В Ордабасинском районе построят новое водохранилище

На территории Ордабасинского района между селами Кызыл-Сенгир и Боралдай построят водохранилище, вместимостью 50-60млн м3. воды. Ширина нового объекта составит 2 КХ., длина 5 КХ. В результате дополнительно будут обеспечены поливной водой более 45 тыс. га земель Ордабасинского, Отрарского районов и города Туркестан. Строительство объекта ведется в рамках реализации поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева, озвученных в Послании народу Казахстана от 1 ...

Читать далее »

Ордабасы ауданында жаңа су қоймасы салынады

Ордабасы ауданы аумағынан Қызыл-Сеңгір мен Боралдай мекендерінің арасындағы Боралдай өзенінің бойынан сыйымдылығы 50-60млн м3. болатын су қоймасы салынады. Жаңа нысанның ені 2 шқ., ұзындығы 5 шқ. құрайды. Нәтижесінде Ордабасы, Отырар аудандары мен Түркістан қаласынан жалпы 45 мың гектардан астам жер қосымша ағын сумен қамтамасыз етіледі. Құрылыс нысаны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру ...

Читать далее »

Түркістан облысында бір тәулікте КВИ 70 адамнан табылды

Түркістан облысында қатерлі індетке қарсы вакцинаны 752 594 адам салдырған. Ал, екінші компонентпен 512 594 адам қабылдаған. Сондай-ақ, облыс бойынша 128 медициналық мекемелерде инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп келсе, қазір екпе егу пунктернің саны 141-ге жетті. Жалпы 1 ақпаннан облысқа COVID-19 ндетіне қарсы вакцинаның 791 610 дозасы жеткізілген. Соңғы тәулікте Түркістан облысында 70 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,54 ...

Читать далее »

Түркістанды көгалдандыруға шетелдік ғалымдар тартылады

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласын көгалдандырудың жаңа концепциясын жасауды тапсырды. Бұл іске шетелдік ғалымдар да тартылмақ. Жасыл желекті жайқалтуда жаңа технологиялар мен минералды тыңайтқыштар қолданылады. Кент келбетін әрі қарай ажарландырып, тынымсыз еңбекпен жасалған дүниені күтіп ұстау үшін креативті идеялар қажет. Осылай деген облыс әкімі өз міндеттерін дұрыс атқармаған компаниялармен келісімді бұзып, жұмысты өзге мекемелерге тапсыруды жүктеді. Қаладағы көгалдандыру жұмыстарымен ...

Читать далее »

Білім күні Түркістан облысында 15 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 15 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Облыс аумағында жаңадан салынған тағы 29 білім ұясы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Түркістан облысы бойынша жалпы 78 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Олардың дені бала саны көп, тұрғындары тығыз орналасқан ауылдарда бой көтерді. Жаңа мектептер заманауи роботехника, ІТ-технологиялар кабинеттерімен жабдықталған. Жаңадан ашылған білім ұялары Сауран, Сарыағаш, Мақтаарал, Жетісай, ...

Читать далее »

Түркістанда заманауи, жабық үлгідегі базар бой көтерді

Әлемнің ең әйгілі базарлардың үлгісімен салынып жатқан Түркістан қаласындағы ең ірі жабық базар жақында ашылады. Жабық үлгідегі базарда киім-кешек орталығы, алтын павильоны секілді заманауи сауда – саттық ошақтары бөлек орналасады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығында бой көтерген жаңа нысандарды аралап, құрылысшылармен кездесті. Сапалы жұмысты талап еткен облыс басшысы, құрылысты уақыт оздырмай аяқтауды тапсырды. Жабық базардың жанында орналасқан дәстүрлі ...

Читать далее »

Республика бойынша ең көп оқушы Түркістан облысында мектепке барды

Биылғы жаңа оқу жылында облыс бойынша 50 мыңға жуық бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Республика бойынша 1-сыныпқа барған ең көп оқушылар саны Түркістан облысына тиесілі. Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 15 жаңа мектеп ашылды. Жыл соңына дейін өңірде жалпы 44 мектептің құрылысы аяқталмақ. Бұл еліміздегі ең үлкен көрсеткіш. Түркістан қаласында жаратылыстану-математикалық бағытта олимпиада резервін дайындайтын №28 мектеп-лицейінің тұсауы кесілді. ...

Читать далее »

Түлкібаста тау пістесі жайқалып тұр

Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы таулы аймақтарда тау пістесі пісіп, жайқалып тұр. Тау пістесі өзге дәнді дақылдардан алғашқы жемісін 30 жылдан кейін беретінімен ерекшеленеді. Қазақ халқы тау пістесінің пісіп, өнім бергенін қашанда жақсылыққа балаған. Көпшілікке фисташка деген атпен таныс тау пістесі жайлы тарихта көптеген деректер бар. Мамандардың сөзінше, қазақ халқы ежелден бұл жеміс ағашын киелі деп қадыр тұтқан. Оның бірден-бір себебін ...

Читать далее »

7 сәуір — Қажымұқанның туылған күні

Алты алашым алыбың бар айбарлы,Бар әлемге атағы паш, кең даңқы.Қазақ атын қалықтатып жер көкке,Теңестірді-ау терезең мен арбаңды. Мың сегіз жүз жетпіс жылдың біріндеЕрек атты таңғы шуақ көгімде.Туылыпты жетісіне Сәуірдің,Текті алыбың Ұлы дала төрінде! Аты аңыз, жөні бөлек, дүр тұлғаЖат көрмеді намыс қып жоқ-барды да.Шағып барлық қара күшті жаңғақша,Бағындырды сансыз атақ даңқты да. Кең жүрекпен тектілігін көрсетті,Отаны үшін намыспенен тер төкті.Болашағы ...

Читать далее »