Түркістанда “Бақытты әйел” семинар-тренингі өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда “Бақытты әйел” семинар-тренингі өтті

Шараға «Бақытты әйел» қоғамдық қорының өкілдері мен түркістандық 500-ге тарта нәзік жанды қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде ұйымдастырылған шарада келушілерге бірнеше бағытта ақпараттық қолдау көрсетілді.

Қатысушылар аталған қоғамдық қордың өкілдерінен психологиялық, құқықтық кеңестер алды. Сондай-ақ, өмірлік азық болар пайдалы кеңестер айтылып, арнайы психологиялық ойындар өткізілді.

Жалпы, “Бақытты әйел” қоғамдық қоры әйелдер қауымына жайлы орта қалыптастырып, бақытқа кенелуіне жол сілтейтін орталық. Мұнда психолог, теолог, заңгер, тәрбие және отбасы ісі жөніндегі мамандар әйелдердің мүддесін қорғайды. Оларға кәсіби тұрғыда кеңес беріп, күйзеліске түспей, жетістікке жетуге баулиды.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...