Түркістан: діни тұрақтылық – ел дамуының тұғыры — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: діни тұрақтылық – ел дамуының тұғыры

Түркістан облысы дін істері басқармасының жанынан «Ынтымақ-Түркістан» клубы құрылған болатын. Бүгін, осы клуб аясында «Діни тұрақтылық – ел дамуының тұғыры» атты дөңгелек үстел өткізді. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, әр түрлі діни конфессиялардың өкілдері мен клуб мүшелері қатысты.

– Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыруда сіздердің орындарыңыз ерекше. Елімізде орныққан дінаралық татулық пен келісім – қазақ халқының дәстүрлі рухани құндылықтарын ұлықтауы мен мемлекеттің дін саласындағы салиқалы саясатының жемісі. Тек мешіт соғамын деген кәсіпкерлер мен меценаттарға басқа да сауапты істердің бар екендігін жеткізгім келеді. Қоғамның, елдің игілігі үшін әлеуметтік нысандар салып, инфрақұрылымды ретке келтірген жөн. Сонымен қоса салт-дәстүрімізді ескере отырып, отбасылардың әлеуметтік жағдайына салмақ салмайтын және ысырапқа жол бермейтін ас беру мәдениетін қалыптастыру және насихаттау жұмыстарына баса назар аударылса дейміз. Өздеріңізбен бірлесе отырып нәтижелі жұмыс атқарамыз деп сенемін, – деді Ертай Кенжебекұлы.

Мақсаты – түрлі сенім мен дін ұстанушылары арасында конфессияаралық және дінаралық диалог пен келісімді сақтау және нығайту, өзара түсінісушілікті, сыйластық пен серіктестікті дамыту, қоғамның бірлігі мен татулығын нығайту.

Жиын барысында діни конфессия басшылары мен жетекшілері ел тұтастығын сақтау мен өзара ынтымақтастықтың нығаюы жолында атқарар іс-шаралар мен қоғамда орын алып жатқан діни мәселелерді шешу жолдары талқыланды.

Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысының аумағында 6 діни конфессияға енетін жалпы 773 діни бірлестіктер жұмыс істейді. Олардың қатарында исламдық емес бағыттағы 30 жергілікті діни бірлестіктер мен оның 5 филиалы бар.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...