Түркістан облысы

Аким Туркестанской области совместно с жителями посадил деревья в парке “Жибек жолы”

В конце недели “Жасыл аймақ” республиканской акции “Таза Қазақстан” в Туркестане прошло масштабное экологическое мероприятие. Исторический город в очередной раз пополнился зелеными насаждениями. Аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды вместе с жителями в парке “Жибек жолы” посадил саженцы деревьев и призвал граждан быть активными в экологическом плане. “Глава государства Касым-Жомарт Кемелович отметил, что “Таза Қазақстан” — это не временная акция, а ...

Читать далее »

Түркістан облысының әкімі тұрғындармен бірге «Жібек жолы» саябағына көшет отырғызды

«Таза Қазақстан» акциясының «Жасыл аймақ» апталығының аяғында Түркістанда ауқымды экологиялық іс-шара өтті. Тарихи шаһар кезекті рет жасыл желекпен толықтырылды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Жібек жолы» саябағында көпшілікпен бірге көшет егіп, тұрғындарды экобелсенді болуға шақырды. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Таза Қазақстан» акциясы науқандық емес, тұрақты дағдыға айналатын бастама екенін айтты. Біз өңірімізде көгалдандыру, абаттандыру және тазалық жұмыстарын тұрақты түрде ...

Читать далее »

Түркістандықтар тұрғылықты жерлерінде тазалық жұмыстарын жүргізді

Түркістан қаласында «Жасыл аймақ» апталығында аулаларды абаттандыру, көшет отырғызып, көгалды аймақ көлемін ұлғайту мақсатында жұмыстар атқарылуда. Осы ретте қаладағы Сауран секторының тұрғындары республикалық акцияда сенбілікке шығып, көгалды аумақтарына күтім жасады. Аға буын өкілдері игі істің басынан табылып, кейінгі ұрпаққа үлгі көрсетті. Айта кетсек, бүгінде облыс орталығында республикалық акцияға үлес қосуға ниетті мекемелер өз аулаларында көпжылдық және біржылдық гүл көшеттерін егуді ...

Читать далее »

Төлебиде мешіт қызметкерлері де акцияға үлес қосты

«Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Төлеби ауданындағы «Нұр» мешітінің қызметкерлері экологиялық акцияға үлес қосты. Олар мешіт ауласында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, қураған ағаштарды бұтап, түптерін әктеді. Сондай-ақ, мешіт аумағын күл-қоқыстан тазартты. Игі шара ауданның бас имамы Үсен Сауырбаевтың бастамасымен қолға алынған. Бүгінде апталық аясында аудандағы барлық ауылдар мен елді мекендерде тал-гүл көшеттері егіліп жатыр. ...

Читать далее »

Мақтааралда 10 мың түп гүл көшеті егілді

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде 10 мың түп гүл көшеттері егілді. «Мырзакент қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» саябағы мен «Жастар» гүлзарына, С.Жаштаев пен С.Қожанов көшелеріне түрлі гүл көшеттерін екті. Оның арасында раушан, сальвия және питуния сынды гүл түрлері бар. Көшеттер Сарыағаш және Қазығұрт аудандарынан әкелінуде. Сондай-ақ, аудан орталығындағы кәсіпкерлік ...

Читать далее »

Түркістанда өткен жас ғалымдар саммитінде климаттың өзгерісі мәселесі талқыланды

Климаттың өзгеруіне қарсы күрес, күрделі сын-қатерлерге жауап бере білу жолдарын талқылау мақсатында сарапшылар мен жас ғалымдар Түркістан қаласында бас қосты. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ғылым қоры және халықаралық ғылыми-техникалық орталығы бірлесе отырып ұйымдастырған дәрістер мен семинарлар Қазақстанның өңірлерінен келген ғалымдар мен докторанттардың, сондай-ақ бизнес және үкімет өкілдерінің назарын аударды. Кездесуде қазіргі экологиялық өзгерістер мен оларды энергетика мен көлік ...

Читать далее »

Түркістанда әлеуметтік сала қызметкерлері экоакцияға үлес қосты

Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» экоакциясының «Жасыл аймақ» апталығы жалғасып жатыр. Облыс орталығындағы Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ұжымы да игі іске қолдау білдіріп, өңірдің жасыл желекке орануына өзіндік үлестерін қосты. Мамандар шара барысында орталықтың ауласын абаттандырып, ағаш түптерін қопсытты. Сондай-ақ, жайлы орта қалыптастыру мақсатында көпжылдық гүл көшеттерін екті. Орталық мамандары осындай акциялардың жүйелі түрде ұйымдастырылатынын айтып, қала тазалығы мәдениетін қалыптастыруда, табиғатты ...

Читать далее »

Отырарда саябақтарда сенбілік өтіп жатыр

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Отырар ауданында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аталған шараларға тұрғындар белсене атсалысып жатыр. Бүгінде Отырар ауыл округіне қарасты Мөлке Шойман ауылындағы саябақтың айналасын қоқыстан тазарту, жолдың жиектеріндегі қоршауларды сырлау, төңіректі арамшөптерден тазарту, ағаштарды ақтау, топырақ түбін қопсыту жұмыстары атқарылды. Алдағы уақытта «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» ...

Читать далее »

Келесте абаттандыру жұмыстары атқарылуда

Келес ауданында экоакция аясында «Жасыл аймақ» апталығында сенбілік ұйымдастырылды. Шара барысында аудан орталығының ішкі көшелеріне абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, ағаш түптері әктелді. Сондай-ақ, ауданда акция аясында ағаштарды реттеу, күл-қоқыстан тазарту жұмыстары атқарылды. Тазалық шараларына барлық мекеме қызметкерлері, жастар және жергілікті тұрғындар атсалысты. Айта кетсек, «Жасыл аймақ» апталығы 22-27 сәуір аралығында өтеді. Сонымен қатар, алдағы апталарда 27 сәуірден 4 мамырға дейін — ...

Читать далее »

Түркістан облысының әкімдігі мен Президент іс басқармасы медициналық орталығы арасында меморандумға қол қойылды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ҚР Президент Іс басқарамасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цоймен кездесіп, өңірдегі медициналық көмектің сапасын арттыру және денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша бірқатар мәселелерді талқылады. Орталық басшысы жергілікті дәрігерлердің біліктілігіне жоғары баға берді. Кездесу нәтижесінде Түркістан облысының әкімдігі мен Медициналық орталық арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісім аймақ тұрғындарына дәрігерлердің кеңестерін, санаторий-курорттық емдеу және ...

Читать далее »

Ордабасы ауданында жалпыаудандық сенбіліктер өтіп жатыр

«Таза Қазақстан» экоакциясы аясындағы «Жасыл аймақ» апталығында Ордабасы ауданына қарасты ауылдарда сенбіліктер ұйымдастырылуда. Шаралар барысында саябақтарда жалпы саны 685 ағаш әктеліп, жол бойындағы ғимараттардың қасбеттері сырланды. Сонымен қатар, орталық көшелердегі аялдамалар реттеліп, көше бойларында абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сенбілік барысында 500 түп гүл мен 50 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Орталықта орналасқан 35 көшеде жаяу жүргіншілер жолақтары қайта қалпына келтірілді. Жалпы тазалық ...

Читать далее »

Созақ ауданының барлық елді мекендерінде көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр

Елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы жалғасын табуда. Бүгінде Созақ ауданы аумағында санитарлық тазалық пен көркейту-көгалдандыру жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр. Акция аясында барлық ауылдар мен елді мекендерде гүл мен тал көшеттері отырғызылды. Сондай-ақ, аялдамаларды қалпына келтіру, күл-қоқыс шығару, тазалау, тұрғын үйлердің ауласындағы қоршауларды ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, талдардың түптері әктеліп, жол белгілері ...

Читать далее »

Түркістандық ардагерлер саябаққа 100 дана арша ағашын отырғызды

Республикалық экоакцияға түркістандық ардагерлер мен өзге ұлт өкілдері үлес қосып, облыс орталығындағы «Парасат» саябағына 100 дана боз арша көшеттерін отырғызды. Айта кетсек, арша ағашын ел ішінде «денсаулық ағашы» деп те атайды. Өйткені ол жылына орта есеппен 1 тоннадан аса шаң жұтып, айналасына 1 500 литр оттегі бөліп шығарады. Арша орманының 1 гектары жылына 18 миллион текше метр ауаны көміртегі газынан ...

Читать далее »

Шардаралық 9 оқушы робототехника бойынша Испаниядағы жарысқа жолдама алды

Жуырда Түркия мемлекетінің Анталья қаласында өткен халықаралық “Robotex Turkiye 2024 ” робототехника сайысы өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айтулы сында Түркістан облысы, Шардара ауданының Мәулен Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернатының “Shardara team” робототехника командасы Азияның түкпір-түкпірінен келген 34 команданың арасында өткен білім бәйгесінде “Lego Sumo” категориясы бойынша ІІІ орынды қанжығасына байлады. Информатика пәнінің ...

Читать далее »

Арыста «Жасыл аймақ» апталығында ауыл округтерді абаттандыру жұмыстары жүруде

Арыс қаласында республикалық экоакция аясындағы «Жасыл аймақ» апталығында Ақдала, Жиделі және Байырқұм ауылдық округтерінде ағаш көшеттері отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыстар барысында Байырқұм ауылдық округінде 200 түптен астам қаратал көшеттері егілді. Бұдан бөлек, жасыл желек қоршаулары ретке келтіріліп, бағаналар сырланды. Сондай-ақ, арық-атыздар тазаланып, күл-қоқыстар тазартылды. Айта кетейік, «Жасыл аймақ» апталығы – ағаш көшеттерін отырғызуға, тал түптерін әктеп, абаттандыруға бағытталған. ...

Читать далее »

Жетісайда театр өнерпаздары «Жасыл аймақ» апталығына үлес қосты

Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының ұжымы республикалық экоакция аясындағы «Жасыл аймақ» апталығына өз үлестерін қосты. Шара барысында театр ғимаратының ауласы шөптерден тазартылып, көшеттер отырғызылды. Одан бөлек, көгалдандыру шаралары жүргізілді. Бүгінде облыстағы мәдениет мекемелері мен аудан-қалалардағы бөлімдер тарапынан түрлі тазалық шаралары ұйымдастырылуда. Айта кетсек, «Жасыл аймақ» апталығы 22-27 сәуір аралығында жүргізіледі. Сонымен қатар, алдағы апталарда 27 сәуірден 4 мамырға дейін — ...

Читать далее »

Төлебилік спортшылар сенбілікке шықты

Төлеби ауданында экоакция аясында «Жасыл аймақ» апталығында спорттық мекемелер абаттандыру жұмыстарына үлес қосуда. Осы ретте ауданындағы 4 спорттық мекеме тарапынан сенбілік ұйымдастырылып, көгалдандыру шаралары жүргізілді. Атқарылған шаралар барысында 400 түп қара ағаш, 100 түп алма, 120 түп шырша көшеттері отырғызылды. Жалпы апталық аясындағы абаттандыру жұмысына аудан тұрғындары мен еріктілерден құралған 100 адам қатысты. Алдағы уақытта көгалды аймақ көлемін ұлғайту мақсатында ...

Читать далее »

Адал азамат болуға әркімнің де қақысы бар

Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдан соң әлеуметтік желілерде «Адал адам қандай болу керек?» деген жазбалар қаптап кетті. Өз басым осы уақытқа дейін «Ұлтты ұйыстырған жиын» деген тақырыпта ойымды қысқаша білдірдім де, қалған әңгімені кейінге ысыра тұруға мәжбүр болдым. Себебі, көтеріліп отырған мәселенің философиясы терең, ол атүсті қалам тартуды көтермейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда адал еңбек пен адал табыс табу адал ...

Читать далее »

Ордабасыда экоакция аясында 38 000 түп гүл көшеттері егілді

Ордабасы ауданында «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясындағы «Жасыл аймақ» апталығы басталды. Акция аясында аудан орталығы Темірлан ауылында 38 000 түп гүл көшеті егілді. «Темірлан аббаттандыру» мекемесінің басшысы С.Алибаеваның айтуынша, жалпы биыл 94 мың дана маусымдық гүл көшеттерін егу жоспарланған. Оның ішінде қазіргі таңда 38 мың дана сальвия, шафран, тагеци, ценарерия, катарантус сынды гүлдер отырғызылған. Одан бөлек, аулаларды абаттандыру, көшет отырғызып, ...

Читать далее »

Оқушылар «Жасыл аймақ» апталығының челленджін жолдады

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр. Бүгін облыс орталығындағы оқу орындары мен мектептер «Жасыл аймақ» апталығының челленджін бастады. Республикалық экоакцияның үшінші апталағында челленджді М. Абенова атындағы жалпы орта мектебі бастады. Мектеп оқушылары мен ұстаздары бірігіп, мекеме ауласында біржылдық және көпжылдық гүлдер екті. Ағаш түптерін қопсытып, әктеп, көгалды аймағында абаттандыру жұмыстарын істеді. Шара соңында «Таза қала, таза ауа!» ұранымен челлендж ...

Читать далее »