Түркістан облысы — Страница 64 — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысы

Түркістан облысындағы 900-ден астам мектеп ғаламтор желісіне қосылған

Бұл туралы брифингте Түркістан облысының білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетов мәлімдеді. Спикердің сөзінше, Түркістан облысындағы 1 082 орта білім беру мекемесінде 554 753 оқушы білім алып жатыр. Шағын мектептерді қоспағанда 826 мектеп 2 201 арнайы пән кабинетімен қамтылған. Сондай-ақ, биыл облыстағы мектептердің кітапханалары 1 522 107 дана оқулықпен және 118 359 дана көркем әдебиетпен толықты. «Облыстағы 915 мемлекеттік ...

Читать далее »

Түркістан облысында биыл заңды тұлғалар үшін электр энергия тарифі 12,4%-ға төмендетілді

Мемлекет басшысының электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды алып тастау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында 2024 жылғы 1 мамырдан бастап заңды тұлғалар үшін электр энергия тарифі 12,4%-ға төмендетілді. Нәтижесінде өңірдегі 32 мыңнан астам абонент төмендетілген тарифпен электр энергиясын пайдалануда. Бұл жайында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Думан Қалибеков брифингте мәлімдеді. — Департамент биыл 1 сәуірден ...

Читать далее »

Түркістан: Созақ ауданының коммуналдық сала өкілдеріне 27 техника тапсырылды

Бүгін Созақ ауданына 27 жаңа техника жеткізіліп, коммуналдық қызмет көрсету мекемелеріне тапсырылды. Техникалар 12 кент пен ауылдық округтерге, сондай-ақ «Созақ сәулет» және «Шолаққорған-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарына табысталды. Жаңа техникаларды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков табыстап, тұрғындарының өмір сапасы мен ауыл тазалығын жақсарту мақсатында жүзеге асырылып жатқан жаңа бастамалардың маңыздылығына тоқталды. – Жаңа техникалардың жеткізілуі тек коммуналдық қызметтерді жаңартып қана ...

Читать далее »

Түркістан облысында 48 отбасы баспаналы болды

Түркістан облысы, Созақ ауданында әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарға арналып салынған жаңа баспаналардың құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға тапсырылды. Бүгін созақтық 48 отбасы жаңа баспаналарының кілттерін алды. Игі шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков арнайы қатысып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті. – Биыл облыс көлемінде әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтардың өмір сапасын жақсарту үшін бірқатар маңызды шаралар атқарылды. Бұл жұмыстар облыс ...

Читать далее »

В Туркестанской области проходит оперативно-профилактическое мероприятие «Пиротехника»

В целях сохранения общественной безопасности во время празднования Нового года, недопущения травм граждан в республике проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Пиротехника». Основная цель мероприятия — формирование правил приобретения, хранения, использования, транспортировки пиротехнических изделий, а также запрета на продажу несовершеннолетним. Об этом на брифинге сообщил заместитель начальника управления местной полицейской службы ДП Туркестанской области Ерлан Аскаров. «Первый предупредительный этап мероприятия проводился с 5 ...

Читать далее »

Түркістан облысында «Пиротехника» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

Жаңа жыл мерекесі кезінде қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, азаматтардың жарақат алуына жол бермеу мақсатында республика көлемінде «Пиротехника» жедел профилактикалық шарасы өтуде. Шараның басты мақсаты — пиротехникалық бұйымдарды сатып алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға сатуға тыйым салу қағидасын қалыптастыру. Бұл жайында Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Асқаров брифингте мәлімдеді. «Шараның бірінші ескерту кезеңі 5-12 желтоқсан ...

Читать далее »

Жолдау: Сауранда ауыл тұрғындарына арналған қос медициналық нысан ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керек»- деген болатын. Президент тапсырмасына сәйкес, Сауран ауданында қос медициналық нысан пайдалануға берілді. Шаға ауылдық округі, Шаға елді мекенінде фелдьшерлік акушерлік бекеттің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Шараға Түркістан облыстық ...

Читать далее »

Түркістан: Мамандар қыс мезгіліндегі қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады

Елімізде соңғы аптада балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтамау және-ауа райының қолайсыздығын ескермеу салдарынан 9 адам суға кетсе, оның 3-і кәмелетке толмаған балалар. Бұл жайында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Дүйсен Оразгелді брифингте мәлімдеді. «Түркістан облысында тұрғындардың су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында департамент тарапынан жылдың барлық мезгілінде профилактикалық, рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Жалпы қысқы ...

Читать далее »

Түркістан мен Өзбекстан арасында туристік бағыттар ашылады

Түркістан облысының делегациясы Өзбекстандағы Туризм комитетінің өкілдерімен ресми кездесу өткізді. Кездесу барысында екі ел арасындағы туризм саласын дамытуға бағытталған маңызды мәселелер талқыланды. Жиында екі тарап шекаралық туризмді жандандыру, ортақ туризм өнімдерін әзірлеу және туристік инфрақұрылымды дамыту жөнінде ұсыныстар айтты. Сонымен қатар, «Жібек жолы» бағыты аясында бірлескен маркетингтік шаралар мен комбо-турларды ұйымдастыру туралы бастама көтерілді. Нәтижесінде Өзбекстан елінің Туризм комитеті тарапынан ...

Читать далее »

«Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!» атты челлендж ұйымдастырылды

Ордабасы ауданына қарасты Амангелді Иманов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында 16- желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!» атты челлендж қолға алынды. Осы ретте челлендж аудандағы «Бәйтерек» жалпы білім беретін мектебіне жолданды. Шара еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету және отанды сүюге,туған елін, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында қолға алынған. Сонымен қатар, жастар ...

Читать далее »

Түркістанда желтоқсаншылар этнос жастарымен кездесті

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-ң ұйымдастыруымен 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Ешкім де, ештеңе де ешқашан ұмытылмайды» тақырыбында кездесу өтті. Басқосу барысында желтоқсаншылар 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы кезінде бастан кешкен оқиғаларымен және естеліктерімен бөлісті. Түркістан қаласының тұрғыны Жанат Жұмадуллаева, Сауран ауданының тұрғыны Тамара Ерімбет жүрек тебірентерлік естеліктерін айтып, жас буынды ерекше әсерге бөледі. ...

Читать далее »

Төлеби ауданында «Суық күнде жылу сыйла» челленджі басталды

Төлеби ауданында коммуналдық қызмет мекемесі күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Көше тазалығына жауапты қызметкерлер жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды қардан тазартуда. Аудандық мәслихат депутаттары Нұргелді Құлышев пен Жанғали Мәуленов «Суық күнде жылу сыйла» челленджін жалғастырып, аяқ жолдарды, автокөлік жолдарын тазалап жүрген мамандарға ыстық шәй мен тәттілер үлестірді. Күннің аязы мен боранына қарамастан көше тазалап, қызметін адал атқарып жүрген жандарға алғыстарын жеткізді. Түркістан ...

Читать далее »

Қардан тазалау қарқынды жалғасуда

Түркістан қаласында жалпы қар тазалау және жаңбыр суларын тазарту жұмыстарына таңғы 6:00-ден бастап арнайы 23 техника жұмылдырылды. Оның 9 данасы — КДМ, 4 дана — Беларус трактор, 7 дана — тратуар тазалайтын қызыл трактор, 3 — дана водавоз техникалары. Тазалық жұмыстары алдымен маңызы бар үлкен көшелер мен нысандарда, ішкі орам көшелер мен аула іштерінде жүргізіледі. Дәл қазір тазалық жұмыстарына 120 адам ...

Читать далее »

Түркістан: «Табиғатты қорғау – адамзаттың борышы» атты сенбілік өтті

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, экологиялық сана мен қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Табиғатты қорғау — адамзаттың борышы» атты сенбілік өтті. Сенбілік Түркістан қаласының шағын саябағы мен Сауран қалашығындағы тарихи-мәдени орталықтың маңайында ұйымдастырылды. Қатысушылар қатарында облыстық жастар орталығының қызметкерлері, Сауран ауданының мамандары және еріктілер болды. Жастар мен еріктілер тобы ...

Читать далее »

Түркістан: Сарыағашта тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласын дамыту, көркейту, абаттандыру жоспары бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысын бақылап, республикалық маңызы бар А-15 тас жолының бойын жаяу аралады. Аралау барысында қала аумағынан өтетін республикалық маңызы бар А-15 тас жолының бойына жүрігізіліп жатқан тазалық, ретке келтіру, абаттандыру жұмыстарының мән-жайын пысықтады. Атқарылып жатқан жұмыстар бойынша аудан басшысы Сарыағаш қаласының әкімі А.Ешанқұлға тиісті тапсырмалар берді. ...

Читать далее »

Түркістан облысында 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді

Тәуелсіздік күні мерекесінде Сайрам ауданы, Манкент ауылдық округіндегі «Айнабұлақ» негізгі орта мектебі ел игілігіне берілді. 600 орынға шақталған білім ұясы облыстық бюджет есебінен салынды. Білім ордасының ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындарды қос мерекемен құттықтап, ұстаздар мен оқушыларға сәттілік тіледі. «Бүгін қуанышты сәтте жолығып тұрмыз. Ел Президенті білім саласына қолдау көрсету, ауылдарды дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. Өңірде ...

Читать далее »

Сауран ауданының әкімі қытайлық инвесторлармен кездесті: жеміс ағаштарын егу жобасы талқыланды

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Қытайдан келген инвесторлармен кездесу өткізіп, аудандағы ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа жобаларды талқылады. Кездесу барысында қытайлық кәсіпкерлер ауданның ауыл шаруашылығына қаржы салуға ниет танытып, жеміс ағаштарын аудан шаруаларымен бірлесе егу жобасын жүзеге асыруға ниетті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында қытайлық инвесторлар Сауран ауданында жеміс ағаштарын егу идеясы туралы өз пікірлерін білдірді. Олар ...

Читать далее »

Түркістан: «Тұзақтағы тағдырлар» фильмінің тұсаукесері өтті

Түркістанда «Бірлігіміз – әралуандықта» жобасы аясында «Тұзақтағы тағдырлар» фильмінің көрсетілімі өтті. Игі шара Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і мен облыстық дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бірлесе ұйымдастырылды. Көрсетілімге Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, 1986 жылғы Желтоқсан ...

Читать далее »

Түркістанда «Ózgeepic» креатив хабының ресми ашылу салтанаты өтті

Ел Президенті креативті индустрияның дамуы туралы «Креативті экономика дарынды әрі шығармашыл адамдарды өзіне тартатын ірі қалалардың дамуына ықпал етуші күш» деп аймақтарда біртұтас инновациялық экожүйе құру қажеттігін атап өткен еді. Осы ретте ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Қазпошта» АҚ арасында креатив саланың дамуына тың серпін беретін әріптестік меморандумы жасалды. Меморандумға сәйкес «Қазпошта» экожүйесінде креатив кеңістіктерді ашып, дамыту көзделді. Соған ...

Читать далее »

Түркістанда Тәуелсіздік күніне орай желтоқсаншылармен кездесу өтті

Түркістандағы «Достық үйінде» 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Ешкім де, ештеңе де ешқашан ұмытылмайды» тақырыбында Желтоқсаншылармен кездесу өтті. Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ерназар Баетов модераторлық етті. Тағылымды іс-шараға өңірдегі этномәдени бірлестіктердің өкілдері, облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і мен облыстық дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің қызметкерлері, Түркістан қаласындағы ...

Читать далее »
Яндекс.Погода