Ордабасы: Қола дәуірінің құнды жәдігерлері табылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Ордабасы: Қола дәуірінің құнды жәдігерлері табылды

Ауданымыздың тарих сахнасындағы маңызы тағы бір мәрте дәлелденді. Жуырда өңірдегі Бөген су қоймасы маңында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында қола дәуіріне тиесілі аса құнды жәдігерлер табылып, еліміздің көне мәдениеті мен өркениетінің жаңа беттері ашылуда.

Белгілі археолог А.Н. Подушкин жетекшілік еткен ғылыми экспедиция барысында жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде:
• б.з.д. 60–40 мыңжылдық кезеңіне жататын тас құралдар,
• алтынмен көмкерілген әйел әшекейлері,
• қоладан жасалған білезіктер мен тұрмыстық бұйымдар,
• жауынгердің қару-жарақтары,
• ортағасырлық мыс тиындар анықталды.

Мамандардың айтуынша, бұл – Орталық Азия тарихы үшін тың жаңалық, себебі мұндай жәдігерлер алғаш рет Орталық Азия бойынша Ордабасы аумағынан табылып отыр.

Барлық табылған бұйымдар ғылыми тұрғыда зерттеліп, «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорық-музейінің қорына өткізілетін болады.

Тарихи орынның басы қасында болған аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз:

«Бұл – халқымыздың бай тарихының айқын дәлелі. Археологиялық зерттеу жұмыстарына аудан әкімдігі тарапынан қолдау көрсетіліп, алдағы уақытта да жалғасын табатын болады», – деп атап өтті.

Жүргізіліп жатқан қазба жұмыстары Ордабасы өңірінің ежелгі өркениет пен мәдениеттің маңызды орталығы болғанын айғақтайды.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ мал бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысы Сауран ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – елімізде баламасы жоқ мал бордақылау кешенінің құрылысы ...