Түркістан облысы

«Al-Farabi» Республикалық интеллектуалды ойынының жеңімпаздары анықталды

Түркістан облысында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай республикалық «AL-FARABI» интеллектуалды ойыны өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған білімділер бәйгесінде «Эрудит» командасы жеңіске жетті. Аталмыш интеллектуалды сайыстың финалдық кезеңіне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Біржан Әлімжанов қатысып, жеңімпаз атанған жастарды марапаттап, сәттілік тіледі. – ...

Читать далее »

Райымбек Сейтметов театрында «Жалғыз желкен» қойылымының премьерасы өтті

Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрында жаңа қойылымның премьерасы өтті. Драматург Әлдихан Қалдыбаевтың «Жалғыз желкен» пьесасы негізінде сахналанған спектакльді облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, режиссер Қуандық Қасымов, Бекболат Құрманқожаев, Бекжігіт Сердәлі, Бақыт Сраилов, Индира Икапова, Пернекүл Нәлтаева, Ардақ Бейсенова сынды зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады. Қойылым алдында мекеме басшысы Арман Алиев БАҚ өкілдеріне театрдың тыныс-тіршілігін таныстырды. ...

Читать далее »

Түркістан облысында инвесторларға өндіріс орындарын ашуға қолдау көрсетіліп жатыр

Түркістан облысының аудан, қалаларында маңызды инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Олардың құрылысы, инфрақұрылымына әкімдік тарапынан тұрақты қолдау көрсетіліп жатыр. Кезекті жобалардың жүзеге асырылу барысы Түркістан өңірлік инвестициялық штаб мәжілісінде тағы да талқыланды. 20-ға жуық жобаның жай-күйі сараланып, жұмыстары таныстырылды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды әр жоба бойынша кәсіпкер мен жергілікті әкімдердің және жауапты басқарма басшыларының есептерін, ұсыныстарын тыңдады. Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу ...

Читать далее »

Сауран ауданы әкімінің орынбасары көшпелі жеке қабылдау өткізді

Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев Жібек жолы ауылдық округінде бекітілген кестеге сәйкес, көшпелі жеке қабылдау өткізді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қабылдауға ауылдық округ әкімі Мейрамбек Әшірбеков, дербес бөлім басшылары мен орынбасарлары, тиісті сала басшылары қатысты. Көшпелі қабылдауға ауыл тұрғындары келіп, түрлі жеке мәселелерін жеткізді. Атап өтсек, ауылдық округінің тұрғыны Мұзаппар Қорғаұлы ауылдық округі әкімдігінің ғимаратының ескіріп, ...

Читать далее »

Ордабасыда жаңа демалыс аймағының құрылысы жүргізілуде

Ордабасы ауданы Темірлан елді мекенінде жаңа демалыс аймағының құрылысы жүргізілуде. Ауылдың кіреберісі Арыс және Аббасов көшелерінің қиылысындағы «Құртай» каналы бойындағы гүлзар елді мекеннің ажарын аша түспек. Нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «DosGrupp» ЖШС-і мердігер мекемесі аллеяны биыл шілде-тамыз айларында қолданысқа беріледі деп жоспарлап отыр. Онда балаларға арналған ойын алаңшасы, орындықтар, жарықшамдар орнатылып, спортпен айналысуға барлық жағдай жасалатын болады. Алдағы уақытта ...

Читать далее »

Түркістанда балаларды қорғау күніне орай мерекелік шаралар өткізіледі

Түркістан қаласында 1-маусым Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай ауқымды іс-шаралар өткізілмек,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Облыс орталығындағы «Керуен сарай» көпсалалы кешенінде «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік шара ұйымдастырылмақ. Мерекелік жиын барысында «Қуыршақ» театрының қойылымы, балалар үшін аквагрим жасалып, тегін тәттілер үйлестіріледі. Бұл жайында Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова брифингте мәлімдеді. ...

Читать далее »

Түркістан облысында кеурек пен қызыл мияны жұлуға тыйым салынды

Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев мәлімдеді. «Түркістан облысының орман қоры жерлерінде биыл жыл соңына дейін 27 500 гектар жерге 43 149 дана, 2025 жылы 31 610 гектар жерге 52 079 мың дана тал отырғызу жоспарланған. Сондай-ақ, облыстағы 852 елді мекенді көгалдандыру үшін 4 млн-нан астам көшет отырғызу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. ...

Читать далее »

Түркістандық «Jana lep!» өнер ұжымы Алматы қаласында алғаш рет спектакль сахналады

Алматы қаласындағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Конгресс Холл» кешенінің «Jana Lep» өнер ұжымы «Көктемдегі кездесу» музыкалық-поэтикалық спектаклін алғаш рет сахналады. Қойылымды Дариға Тұранқұлова, Ғалым Доскен, Тұрсынжан Шапай, Гүлнар Салықбай, Еркін Жуасбек, Бақыт Беделхан, Қайрат Жолдыбайұлы, Ерлан Біләл, Жалғас Толғанбай, Мейрамбек Беспаев, Айгүл Қосанова, Жанболат пен Жазира және тағы басқа зиялы қауым өкілдері, облыстық мәдениет ...

Читать далее »

Ордабасыда «Шәмші аллеясының» құрылысы басталды

Ордабасы ауданының құрылғанына 60 жыл толуына орай Темірлан ауылында Қазақстанның халық әртісі, композитор, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне «Шәмші аллеясының» құрылысы басталды. Нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Armada Stroy 2020» ЖШС-і мердігер мекемесі аллеяны биыл шілде-тамыз айларында қолданысқа бермек. Онда сазгердің ескерткіші, сахна, орындықтар орнатылатын болады. Айта кетсек, Шәмші Қалдаяқов — 1930 жылы 15 тамызда Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында ...

Читать далее »

Түркістан облысында биыл 75 мың тұрғын газбен қамтылады

Түркістан облысы елді мекендерді газдандыруда елімізде көш бастап тұр. Халық санымен есептегенде, 1 млн 750 мыңға жуық халық немесе облыс тұрғындарының 81,5% табиғи газбен қамтылған. Бұл еліміздегі жалпы көрсеткіштің 28,4 пайызы. Яғни, газбен қамтылған әрбір үшінші ауыл Түркістан өңірінде орналасқан. Биыл 75 мың халық табиғи газбен қамтылады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Одан бөлек, облыс ...

Читать далее »

Өндірістік парктер аудандарда салынады

Түркістан индустриалдық аймағында орналасқан өндірістік ғимараттар (браунфилд) құрылысы аяқталып, толықтай іске қосылды. Аталған өндірістік ғимараттарда жиһаз және шұлық цехтары жобалары іске асырылған. Инвестициялық жобаларды арттыру мақсатында Түркістан облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған өндірістік парктің құрылысы жүргізілуде,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 30 гектар жерде орналасқан жалпы көлемі 66 мың мың ш.м. құрайтын аймақта 42 ғимарат орналасады. ...

Читать далее »

М.Таңғатаров: Инвестиция көлемін арттыру бойынша жұмысты жандандыру керек

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен ауданның апталық мәжілісі болып өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, кеңесшілері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Онда шомылу маусымының басталуына байланысты судағы қауіпсіздік шаралары туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Мұхтар Қуанышбаев, инвестиция көлемін арттыру бойынша атқарылған ...

Читать далее »

Саураннан Самарқандқа достық керуені жолға шықты (видео)

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың бастамасымен ауданнан арнайы делегация құрылып, Самарқанд қаласына үш күндік сапарға шықты. Топ құрамында 35 адамнан құралған ақсақалдар мен ардагерлер бар. Одан бөлек, қоғамдық ұйым төрағалары мен өзбек этномәдени бірлестігінің мүшелері бар. Аталмыш шара этносаралық татулықты нығайту, достық пен келісімді сақтау мақсатында ұйымдастырылған. Сапар барысында делегация мүшелері тарихи шаһар Самарқандтың көрікті жерлерімен танысады. Сондай-ақ, тарихи-мәдени орталықтарында ...

Читать далее »

Қазақстан туын «шүберек» деп атаған блогер сотталды

Түркістан қалалық сотында мемлекеттік туды қорлап, әлеуметтік желіге салған Сауран ауданының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі. Сотталушы Сауран ауданы, Ибата ауылындағы орталық көшеге ілінген мемлекеттік туды суретке түсіріп, TikTok желісіне жүктеген. Содан астына «жогарыга іліп койптығо тәеулсздік тряпкасн» деп Мемлекеттік туды қорлайтын сөздер жазған.  Алайда жарияланған постқа оқырмандардың наразы пікірі көбейіп кеткендіктен, салған жазбасын өшіріп тастаған. ...

Читать далее »

Мектептегі мұражай өлке тарихынан сыр шертеді

Түлкібас ауданы, И.Рыбалко атындағы жалпы орта мектебінің мұражайында өңір тарихынан сыр шертер жәдігерлер көп. Мұражайдың негізін қалаған Бердібек Ешімбетұлы 1957 жылы аталмыш білім ұясына мұғалім болып қызметке қабылданады. Ол Сталин атындағы педагогикалық училищеде оқып жүргенінде тарихи-археологиялық зерттеу жұмыстарымен айналысқан екен. Мектепке келгеннен кейін де осы ізденісін ары қарай жалғастырады. Оған туған жердің сұлу табиғаты мен тылсым тарихы ерекше әсер етсе ...

Читать далее »

Мектебім, саған мың алғыс!

25 мамыр күні өңіріміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, осыдан 11 жыл бұрын тарыдай боп кіріп, таудай болып шыққан оқушылар үлкен өмірге қадам басты. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды биылғы оқу жылын аяқтаған оқушылар мен мектеп бітіруші түлектердің, аяулы ұстаздардың қуанышымен бөлісіп, ізгі тілегін арнады. «Ардақты ұстаздар! Құрметті оқушылар мен мектеп бітіруші түлектер! Сіздерді тағы бір оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтаймын! ...

Читать далее »

Түркістан облысындағы білім, мәдениет, туризм және денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі жақсарды

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасады. Бұл туралы облыс әкімі аппаратының апталық отырысында айтылды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды тазалық, абаттандыру жұмыстарын жүйелеуді, тұрғындардың экологиялық белсенділігін көтеруді тапсырды. Облысағы барлық мекеме қызметкерлері өздерінің ғимараты мен ауласын таза ұстауы керек екенін жеткізді. – Барлық аудан, қала, ауыл әкімдіктерінің ғимаратына, ауласына мониторинг ...

Читать далее »

Түркістан облысында оқушыларға 22 жазғы демалыс лагері қызмет көрсетеді

Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында 22 жазғы сауықтыру лагері (7 мемлекеттік, 15 жекеменшік) қызмет көрсетеді деп жоспарлануда,—деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Онда әлеуметтік жағдайына байланысты 35482 оқушы бюджет есебінен тегін демалса, 20 мыңға жуық оқушы ата-аналар есебінен ақылы демалады. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қоры есебінен облыста 3421 оқушы жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылады. ...

Читать далее »

Түркістанда ерекше жастардың өнер туындыларының көрмесі өтті

Шара облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі мен «Шаңырақ» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қолға алынған. Байқаудың мақсаты — ерекше таланттарды танып, олардың шығармашылық ізденісін ұлғайту және шығармашылыққа баулу,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Жиынға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Жұпар Бейсенова, Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі Мереке Айдарша, ...

Читать далее »

Түркістандық оқушылар республикалық олимпиададан жүлдемен оралды

Түркістан қаласындағы «Назарбаев инновациялық мектебінің» оқушылары 18-22 мамыр күндері республикалық олимпиадаға қатысып, жүлдегер атанды. Білім-инновация халықаралық қоғамдық қоры мен «Edlight Academy» ЖШС ұйымдастырған білім бәйгесіне 10-11 сынып оқушылары қатысқан. Химия, математика, биология, физика, информатика мен география пәндері бойынша елімізден жалпы саны 1 764 оқушы бақ сынаған. Үздіктерді анықтайтын олимпиадада биология пәні бойынша сынға түскен Ерасыл Тұрлыбек 2-орынды иемденсе, ал химия ...

Читать далее »