Түркістан облысы, Түркістан қаласында мүгедектігі бар азаматтарды қоғамдық көлікпен тасымалдау мәселелері талқыланып, тиісті ұсыныстар айтылды. Бұл талқылауға Түркістан облысы әкімінің мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі Ерлан Абдиев пен Түркістан қаласы әкімінің осы саладағы штаттан тыс кеңесшісі Мұхамметәлі Тасқынбаев және қалалық бөлім басшылары қатысты. Кездесу барысында инватакси қызметі автокөліктерінің арбадағы азаматтарды тасымалдауға қолданылатын құрылғылары заман талабына сай емес ...
Читать далее »Түркістан облысы
Түркістан облысының ұстаздары топ жарды
Түркістанда алғаш рет техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері мен қызметкерлері арасында республикалық спартакиада өтті. Аталған іс-шара 2022 жылғы 9-12 маусым аралығында өтіп, спорттың 4 түрінен (волейбол (ерлер, қыздар), футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ) колледж педагогтері мен қызметкерлері өзара бақ сынасты. Басты мақсат — жалпы білім беру ұйымдарында қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, насихаттау. Жарыс түрлері ...
Читать далее »Түркістан дәрігерлері аса күрделі отаны сәтті жасады
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында денсаулығына қауіп төнген науқасқа құрсақ қолқасының аневризмасын эндопротездеуі отасы сәтті жасалды. Облыстық клиникалық ауруханасында озық ангиографиялық кешеннің пайда болуымен дәрігерлер командасы құрылып, МӘМС жүйесінде жоғары технологиялық медициналық көмектің осы түрі енгізілген болатын. Шұғыл көрсеткіші бар патологиясымен түскен науқасқа барлық ықтимал қауіптер ескеріле отырып, құрсақ аортасының аневризмасын эндопротездеу туралы шешім қабылданды. Жеке стент-графт таңдалды. Тамыр хирургиясы бөлімшесінің ...
Читать далее »Пассажиры выпрыгивали на ходу из горящего микроавтобуса в Шымкенте
Пассажирский микроавтобус полностью сгорел на трассе Шымкент – Арысь, сообщает Otyrar.kz. Инцидент произошёл 6 июня в Абайском районе на автотрассе. Микроавтобус Mercedes-Benz Sprinter следовал по маршруту Шымкент – Кожатогай. Причины возгорания неизвестны. По данным издания, пассажирам пришлось выпрыгивать из автобуса на ходу. В результате пожара 48-летний водитель автомобиля получил 25% ожогов тела, пострадал также один пассажир. Обоих пострадавших госпитализировали в ...
Читать далее »Финансовая пирамида «Не работа» выявлена в Туркестанской области
Более 80 миллионов тенге успели собрать организаторы финансовой пирамиды с доверчивых граждан Сотрудники департамента Агентства по финансовому мониторингу Туркестанской области выявили очередной факт организации финансовой пирамиды под названием «Не работа». За два года деятельности мошенники собрали с доверчивых граждан 80,5 млн тенге. Проект «Не работа» попал в поле зрения оперативников Агентства по финансовому мониторингу после того, как жители Туркестанской области ...
Читать далее »Сарыағашта «Мемлекеттен 5 миллион теңге әперемін» деп алдаған екі алаяқ сотталды
Сарыағаш аудандық полиция бөліміне бірнеше жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтықтың құрбаны болғандығын жеткізген. Олардың айтуынша, сырттай таныс әйел «мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қайтарымсыз 5 миллион теңге алып беремін» деп сеніміне кіріп, әрқайсысынан 300 000 теңгеден алған. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық » бойынша тіркелді. «Ұсталған күдіктінің бірі жергілікті тұрғын болса, екіншісі Алматы облысының тұрғыны. Анықталғандай, ...
Читать далее »Түркістанда жол апаты 41%-ға азайды
Түркістан облысында «Сергек» орнатқалы жол-көлік оқиғалары салдарынан жарақат алушылар саны 41% азайды. 2020 жылы өңір республика бойынша жол апатынан қаза тапқандар саны бойынша 2-ші орында болған. Бүгінде бұл көрсеткіш төмендеген. Бүгінде пилоттық жоба аясында Түркістан қаласының қиылысында 26 «Сергек» камералары орналасқан. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер өткелі бар жерлерде 30 желілік «Сергек» кешендері және қала ішіндегі қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында қойылған ...
Читать далее »Ө.Шөкеев әкімдерге уақыт берді
Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан, қалалардағы 200-ге жуық ауылдық округте жаппай тексеру жүргізілді. Мониторинг нәтижесінде 540 бейберекет күл-қоқыс орындары анықталды. Ескертуден кейін 300-ден астам қоқыс орындары тазаланған. Қалғаны қаз қалпында. Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде баяндалды, деп хабарлайды Xnews Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс басшысы барлық аудан, қала ...
Читать далее »Үй жағдайында саңырауқұлақ өсірген бала
Темірлан ауылының тұрғыны, 9 сынып оқушысы Дінмұхамед Айболатұлы үй жағдайында 25 күнде саңырауқұлақ өсіріп шықты. Еңбекқор жас бұл өнім түрін өсіруді әлеуметтік желі арқылы үйреніп, қызығушылығы артқан. Баласының кәсіпкерлікке деген ұмтылысын байқаған анасы Төрткөл ауылдық округінде аталған кәсіппен айналысатын Қаршыға Арысбекқызына тәжірибе алмасуға алып барған. 37 жылдан бері кәсіппен айналысып келе жатқан кәсіпкер талабы таудай жасқа өз білгенін үйреткен. Осылайша ...
Читать далее »Енді Түркістанның өз теннис орталығы бар
Әлемдегі ең бекзада спорт түрлерінің бірімен шұғылданам деуші қазақ өрендері енді Тұран төріндегі халықаралық теннис орталығында шеберліктерін шыңдайды. Орталықтың техникалық ашылуына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысып, спортшылар мен жаттықтырушыларды құттықтады. Еліміздің жасөспірімдер арасындағы бірінші ракеткасы, Еуропа рейтингісінің чемпиондық кестесінде көш бастап келе жатқан Заңғар Нұрланұлы жерлестеріне өз өнерін көрсетті. – Түркістан облысында спорт саласына жоғары деңгейде қолдау көрсетіліп жатыр. ...
Читать далее »Түркістан облысы референдум қорытындысы бойынша көш бастады
Түркістандықтар мемлекеттік маңызы бар саяси науқанға қатысып, Жаңа Қазақстан құру жолдындағы өз таңдауларын жасады. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, сағат кешкі 22.00-ғы мәлімет бойынша Түркістан өңірінде сайлаушылардың 80,66%-ы өз таңдауын жасап үлгерді. Бұл – республикадағы ең жоғары көрсеткіш. Екі миллионнан астам тұрғыны бар өңірде 1,1 млн. астам сайлаушы тіркелген. Оларға 914 референдум учаскесі әзірленген. Өңірде референдумға дайындық жоғары деңгейде жүргізілді. Облыстық ...
Читать далее »Сарыағашқа қосылған Бағыс ауылында жаңа мектептің іргетасы қаланды
Сарыағаш ауданының әкімі М.Отаршиев Бағыс елді мекенінде жаңадан салынып жатқан 300 орындық мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Xnews Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінгі таңда елді мекендегі қолданыстағы Ғ.Мұратбаев атындағы №23 мектебінің қосымша ғимараты апаттық жағдайда, ал негізгі ғимаратының сыйымдылығы төмен болуына байланысты жаңа мектеп салу ұйғарылған. Құрылыс жұмыстарын «А.S.InvestStroi» ЖШС-нің құрылысшылары жүргізіп жатыр. Іргетасы қаланып жатқан ...
Читать далее »Шөкеев: Түркістан облысына оқушылар тасымалы үшін 100 автобус бөлінеді
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Төлеби ауданы тұрғындарымен кездесуінде инфрақұрылым, жер беру, кәсіпкерлікке қолдау көрсету, мектеп ғимаратын жөндеу, электр қуатымен қамту, мәдениет үйін салу, жайылым және өзге де мәселелер көтерілді. Облыс әкімі алдымен еліміздегі саяси реформаларға, облыстың экономикалық көрсеткіштеріне қысқаша тоқталып, жұртшылықты референдумға қатысуға шақырды. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде саяси реформалар жүріп жатыр. Суперпрезиденттік жүйеден бас тарту, ...
Читать далее »Мал ұрлығы үшін сотталды
Касымов бөтеннің мүліктері мен мал ұрлауға оқталған үшін 7 жылға сотталды Касымов адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бірнеше рет тұрғын үй жайлар мен қоймаға заңсыз кіру арқылы жәбірленушілердің мүліктерін жасырын түрде ұрлаған және ұрлауға оқталған. Сонымен қатар, ол қораға заңсыз кіру арқылы жәбірленушінің 1 бас қойын жасырын ұрламақшы болғаны үшін сотқа берілген. Утебай адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, ...
Читать далее »Ауыл тұрғындарының мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында аудан әкімі Бағлан Батыршаев 21 қаңтар мен 3 ақпан аралығында ауданымызға қарасты 10 ауыл округті аралап, ауыл, елдімекендердегі халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, қоғамдық-саяси ахуал, шағын-орта кәсіпкерлікті дамыту, жұмыссыздықты азайту мақсатында жергілікті тұрғындармен жеке қабылдаулар өткізді. Жеке кездесулер барысында 111 азамат қабылдауда болып, 204 мәселе көтерілді. Оның ішінде 67 талап-өтінішке ...
Читать далее »Қаза тапқандардың рухына құран бағышталды
Ордабасы ауданындағы барлық мешіттерде елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде мемлекет мүдесін қорғауда әскери, қызметтік борышын атқару кезінде қайтыс болған азаматтарға құран бағышталды.
Читать далее »Бақыт кілті еңбекте
Темірландағы Жастар сарайында «Еңбек- ердің мұраты» жобасы аясында тәжірибелі қоғамдық ұйым жетекшілерімен кездесу өтті. «Ауданның құрметті азаматтары» Ертаева Рымкул, Абулдаева Сәлима, Әріпханова Ұлғаным апайларымыз өмірлік және еңбек тәжірибелерімен бөлісті. Елге сыйлы апайларымыздың 30 жылға жуық қоғамдық негізде атқарып жүрген қызметтеріне әйелдер, іскер әйелдер, қыздар кеңестерінің төрайымдары, жастар тарапынан ризашылықтарын білдірді, құрметтер жасалды. Апайларымыздың қоғамдық жұмыспен қатар, шығармашылықпен айналысатынын білдік, әсіресе, ...
Читать далее »Тасқын су ортасынан Мемлекеттік туды алып шыққан полицей
Мақтаарал ауданында төтенше жағдай орын алған тұста полиция майоры Есімжан Надиров көпшілікке үлгі болар әрекетімен танылды. Тәртіп сақшысының тасқын су ортасында қалған Мемлекеттік туды аса ұқыптылықпен алып шыққан сәті әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын. Бір ғана іс әрекетімен замандастарына үлгі болған полиция қызметкері «Рәміздерге деген құрмет, бұл елімізге деген құрмет – деп білемін», дейді. Өткен жылы Өзбекстандағы Сардоба су қоймасында ...
Читать далее »Ордабасылық азамат лимон өсіріп, миллион пайда табуда
Ордабасы ауданы Қажымұқан ауыл округіне қарасты Ынталы ауылында орналасқан «ЕлНұр Айдар» жылыжай шаруа қожалығы тропикалық жемістер (лимон, анар) және алма өсіруді жүйелі қолға алуда. Аталған шаруа қожалық 2017 жылы 5 гектар жер телімінің 3 гектарына алма, 0,5 гектарына лимон, ал қалған алқапқа анар егуден бастаған. Жылыжайға 707 дана лимон көшеті, 1000 дана анар көшеті мен 3 түрлі сортты қызыл алманың ...
Читать далее »Шынықсаң шымыр боларсың. Ордабасыда аурухана қызметкерлері арасында спартакиада өтті
«Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» аясында және «16 — желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған «Қажымұқан Мұңайтпасұлының туылғанына 150 жыл толуына» орай «Ордабасы аудандық орталық аурухана» қызметкерлер арасындағы Спартакиадасы өткізілді. Жарыс 2021 жылдың желтоқсан айының 11 күні, Қажымұқан ауыл округі, Темірлан ауылы, Қажымұқан атындағы орталық стадионға жиналды. Спартакиаданың ашылу салтанатында аудан әкімі орынбасары А.Оралбаев медицина қызметкерлерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап жарысқа ...
Читать далее »
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
