Заңсыз митингке шақырғандар жазаға тартылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Заңсыз митингке шақырғандар жазаға тартылды

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтары!

Облыс прокуратурасы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңның талаптарына қатысты тұрақты түрде түсіндіру іс-шараларын жүргізіп жатқанына қарамастан, жекелеген адамдар, оның ішінде шетелде жүргендер тарапынан тұрғындарды интернет-ресурстар арқылы заңсыз митингілер мен наразылық акцияларына қатысуға шақырулары жалғасуда.

Айта кету керек, 2022 жылы екі өңір тұрғындары Түркістан және Кентау қалаларында келісілмеген митингілерге қатысуға шақырғаны үшін тиісті жауапкершілікке тартылды.

Құқық қорғау органдары оларды ұстап, олардың біреуі сотпен 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, ал екіншісіне 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды (әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488 – бабы бойынша-Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасынбұзу).

Сонымен қатар, «Ел аумағында енгізілген төтенше жағдай режимінің формальдылығы екені» туралы әлеуметтік желілер арқылы көрінеу жалған мәліметтерді таратқаны үшін (Қылмыстық Кодекстің 274-бабы Көрінеу жалған ақпарат тарату) Түркістан облысының «Б» есімді тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Осыған байланысты облыс прокуратурасы азаматтарды шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға, арандатушылық үндеулерге берілмеуге және заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.

Құқық қорғау органдары кезкелген құқық бұзушылықтардың жолын кесетін және оларға жол бермеу жөнінде заңда көзделген шараларды қабылдайтын болады.

Түркістан облысының прокуратурасы

 

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...