Түркістан облысы — Страница 166 — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысы

«Қарызсыз қоғам» — бұл жоба қаржылық алаяқтықты азайтуға көмектеседі

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап «AMANAT» партиясы ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Halyk Bank-пен бірге «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосты. Жобаның негізгі мақсаты – жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауаттылығын арттыру. Оқу бағдарлама азаматтардың мынадай санаттарына арналған: несие бойынша қарыздар бар және борышкерлер тізіміндегі адамдар, дәл қазіргі уақытта несиесі бар, бірақ мерзімі өтіп кеткен берешектері жоқ ...

Читать далее »

Түркістан облысының полицейлері алаяқтықпен күресудің ерекше әдісін қолданады

Түркістан облысы полициясының «CyberPol» арнайы тергеу-жедел тобы біздің қоғамның барлық топтарымен өзара іс-қимылды және алаяқтықпен күресу үшін түрлі алдын алу құралдарын пайдаланады, деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі Түркістан облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап. Облыс аумағында орналасқан 750-ден астам мешіт пен медресенің имамдарымен бірлесіп, діндарлар үшін халықты интернет-алаяқтықтан қорғау бойынша профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Өздеріңіз білетіндей, соңғы уақытта басқа адамдардың нөмірлерінен қоңырау ...

Читать далее »

Полицейлер ғаламтор алаяқтарынан сақ болуға шақырады

Қазіргі уақытта ғаламтор желісінде алаяқтық жасайтын жандардың қатары көбейген. Қылмыс жасаушылар көбінде ғаламтор арқылы бөтеннің сенімін теріс пайдалану, алдау жолымен мүлкіне ие болуда. Ал бұл қылмыспен күресуді полиция қызметкерлері күн тәртібінен түсірген емес. Осы тұрғыда Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы «CyberPol» соққы-нысаналы тобы мен «БТО-Түркістан» мекемесі қызметкерлерімен бірге жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Яғни коммуналдық қызмет ақысын төлеу қажеттілігі туралы ...

Читать далее »

Жалған диплом және кезек жылжыту

Бүгінде алаяқтықтың түр-түрі көбейіп тұр. Маңдайы терлемей оңай ақша тапқысы келетіндер аңқау адамдарды сазға отырғызып кететін оқиғалар жиілеп барады, — деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі. Мәселен, Сауран ауданының тұрғыны балаңа диплом алып беремін деп сеніміне кірген танысына бақандай 1,3 млн. теңге ұстатып жіберген. Алаяққа да керегі сол, ақшаны өз қажетіне жұмсап, диплом мәселесін күн тәртібінен шығарып тастаған. Енді тергеуге жауап ...

Читать далее »

Адалдық пен әділдік-мемлекет қызметшінің қасиеті

Бүгін Түркістан қаласы әкімдігінің басшылық құрамы мен оған қарасты мекемелердің мемлекеттік қызметшілеріне «Мемлекеттік қызметші – қоғам айнасы» тақырыбында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне бағытталған мақсатты кездесу өткізілді. «Жалын» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген шараның негізгі мақсаты – мемлекет мүддесі мен ел игілігі жолында қызмет ететін мемлекеттік қызметшілердің бойында адалдық пен әділдік құндылықтарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және оның алдын алу, ...

Читать далее »

Заңсыз діни сабақ өткізген (видео)

Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бірлесіп, жедел іс-шаралар өткізу барысында, кәмелетке толмағандарға заңсыз діни сабақ берген ер адамды анықтады. Яғни, Түркістан қаласының тұрғыны үйінде 5 жастан 17 жасқа дейінгі 68 балаға сабақ беріп, діни уағыздарды заңсыз өткізген, ал оқу ақысы 100 мың теңгені құраған. Күдіктінің мекенжайы бойынша тексеру жүргізу кезінде ...

Читать далее »

Жалған жарнама жарға жықты

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғанын жеткізді. Жәбірленуші қыздың айтуынша, белгісіз біреу ВКонтакте әлеуметтік желісі арқылы оның сеніміне кірген адам 200 мың теңге қаражатын жымқырып кеткен. Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Бұл алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында тәжірбиелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, шұғыл әрекет етті. Барлық қажетті шараларды іске асырып, нәтижесінде күдіктінің ...

Читать далее »

Жер алып беремін деп ақша алған

Жер алып беремін деген желеумен Түркістан облысының тұрғынының 2,7 млн теңгесін иемденген алаяқ ұсталды Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, танысы 10 соттық жер алып беремін деген желеумен алдын ала 2,7 млн теңге ақшасын алған. Айтқан уәдесінде тұрмай, әбігерге салған ер адамды жауапқа тарту үшін тұрғын полицияның көмегіне жүгінген. Аталған деректі ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. ...

Читать далее »

Онлайн несие рәсімдеген

Түлкібас аудандық полиция бөліміне алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, белгісіз біреу оның атынан 115 мың теңгеге жуық онлайн несие рәсімдеп алған. Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылары күдіктінің жеке тұлғасын анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде бұрын сотты болған жергілікті тұрғын анықталды. Белгілі болғандай, күдікті ер адам жәбірленушінің үйіне “Otau ...

Читать далее »

Несиесін жабу үшін танысының телефонын ломбардқа өткізген

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде шағым түсірді. Ер адамның айтуынша, танысы «Iphone-11 Pro» маркалы ұялы телефонын шұғыл біреуге қоңырау соғамын деп алып, телефонын қайтармастан оқиға орнынан ізін суытқан. Жәбірленушіге 500.000 теңге шығын келген. Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Ақпарат алысымен тәжірибелі полиция қызметкерлерінен құрылған жедел-тергеу тобы күдіктіні ұстауға жұмылдырылды. ...

Читать далее »

Алаяқ Алматыда тұрады екен

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Ол өз арызында белгісіз біреу құжаттарын пайдаланып, түрлі банктерден 2 млн теңгеге жуық несие рәсімдегенін көрсетеді. Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркеуге алды. Кентаулық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы тұрғынын ұстады. Анықталғанындай, жәбірленуші күдіктінің «төмен пайызбен несие шығарып беремін» деген сөзіне сеніп, алдын ала құжаттарын берген. Ал, күдікті ...

Читать далее »

Құжаттарын алып, несиеге тыққан

Арыс аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып, шағымданды. Әйел адамның айтуынша, белгісіз біреу оның атынан 500 000 теңге несие рәсімдеген. Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Алаяқтық жолмен тұрғынды алдап, құрығына түсірген күдіктіні анықтау мақсатында тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижелі іздестіру барысында жергілікті тұрғын алаяқ әйел полицияға жеткізілді. Белгілі болғандай, жәбірленуші күдіктінің мемлекеттен ...

Читать далее »

Тұрғын үй кезегін жылжытамын деп алдаған

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде шағымданды. Оған сырттай таныс әйел мемлекет тарапынан берілетін үйдің кезегін жылжытып беретінін айтып, қызметі үшін 300.000 теңге ақшасын алып, бір жыл бойы алдап келген. Аталған факті ҚР ҚК-нің 190»-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды. Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан күдікті әйелді ұстау үшін тәжірибелі полицейлерден топ құрылды. Нәтижесінде күдікті анықталды, ол ...

Читать далее »

Мас қылып, ақшасын шешіп алған

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, жеке есепшотынан ақша ұрланғанын жеткізді. Жәбірленуші ер адамның айтуы бойынша, таныс емес әйел оның телефонындағы kaspi.kz қосымшасы арқылы 500.000 теңге ақшасын жымқырған. Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді. Жан-жақты тексеру барысында, тәулік ішінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты. Белгілі болғандай, күдікті әйел жәбірленушімен бірге ішімдік ...

Читать далее »

30 млн-ды жұмсап жіберген

Түркістан облысында ауыл тұрғындарын мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін деп 30 млн теңге қарызға батырған күдікті ұсталды. Сауран аудандық полиция бөліміне алаяқтың құрбаны болған 40-тан астам ауыл тұрғыны шағым түсірді. Олардың айтуынша, таныс ер адам мемлекеттен қайтарымсыз несие алуға көмектесетінін айтып, алдын ала әрқайсысынан 300 мыңнан екі млн теңгеге жуық ақшаларын алған. Одан кейін алаяқ бір жыл бойы тұрғындарға берген ...

Читать далее »

Сарыағаштағы бес жасар қыздың өліміне қатысты күдікті екі айға қамауға алынды

Түркістан қалалық мамандандырылған тергеу соты Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында бес жасар қыздың өліміне күдікті деп ұсталған 48 жастағы жергілікті тұрғынды екі айға қамауға санкция берді. Ол Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» және «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабымен күдікке ілінген. Қаулы 15 шілде күні кешке шыққан. Түркістан облыстық соты баспасөз қызметі іс құжаттарына сүйеніп, оқиғаның қалай болғаны жөнінде алғашқы ...

Читать далее »

Жұмысқа орналастырамын депті

Түркістан облысында жұмысқа орналастырып беремін деп 5 тұрғынды алдап соққан азамат ұсталды. Сайрам аудандық полиция басқармасына арызданған ауыл тұрғындарының айтуынша, таныс ер адам вахталық әдіспен жасайтын жұмысқа орналастырып беремін деп уәде беріп, әрқайсысынан 300 000 теңгеге жуық қаражат алған. Жәбірленушілерге жалпы 1,5 миллион теңге шығын келтіріп, соңында хабарсыз кеткен. Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Жүргізілген жедел іздестіру ...

Читать далее »

Елімізде кибер полиция қызметі іске қосылады

Құқық қорғау мамандары интернет­тің мүм­кіндігін қылмыстық іс-әрекеттерін жү­зеге асыру үшін оңтайлы пайдаланып жүрген алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын­ өзгеріп отыратынын айтады. Бы­лайша айтқанда, кибер-қылмыскерлер де уақыт талабынан қалмайды.  Елімізде кибер полиция қызметі іске қосылады. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов түркістандықтармен кездесуінде айтты. Жаңа қызмет иелері IT технологияларды меңгерген кәсіби мамандардан жасақталады. Интернет алаяқтарға тап болған жәбірленушілерді тіркеп, ақшасын сақтап ...

Читать далее »

М.Ахметжанов: Қағазға емес, халыққа қызмет ету керек! (видео)

Еліміздің бас полицейі Түркістан облысының тұрғындарымен және өңір белсенділерімен кездесті. Ашық форматта өткен басқосуда Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, аймаққа тән проблемалар мен өзекті тақырыптарды қозғады. Көпшілік министрге көкейінде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауап алды. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша еліміздегі қылмыс деңгейі жыл басынан бері 19%-ға төмендеген.   Министр жұртты алаңдататын негізгі төрт ...

Читать далее »

М.Ахметжанов: Халық полицейден жылылық сезінуі керек (видео)

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов іссапармен Түркістанда болды. Бас полицей өңір әкімі Дархан Сатыбалдымен бірге қаланың қоғамдық жерлерін аралап, туристік полицияның жұмысын көрді, – деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz ақпараттық медия-порталына сілтеме жасап. ІІМ басшысы Түркістан облысының тұрғындарымен және өңір белсенділерімен кездесті. Жиын барысында аймаққа тән проблемалар қаралып, өзекті тақырыптар көтерілді. Айта кету керек, жалпы қылмыстық істердің 96%-ы, әкімшілік ...

Читать далее »
Яндекс.Погода