Арыс қаласында экоакция аясында үй аулаларын тазарту жұмыстары жүрді — Xnews — ақпарат агенттігі

Арыс қаласында экоакция аясында үй аулаларын тазарту жұмыстары жүрді

Арыс қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында «МПС» тұрғын алабын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қолға алынды. Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасына сәйкес, қосқабатты үй аулаларындағы құлағалы тұрған, заңсыз соғылған шаруашылық нысандар сүрілуде. Барлық құрылыс қалдықтары арнайы орынға тасымалданып, жолдар кеңейтілуде. Сонымен қатар, аулаларда алдағы уақытта ойын алаңшаларын орнатып, қоқыс контейнерлерін жаңарту секілді жұмыстар атқарылатын болады.

Бұдан бөлек, Қ.Дулатбаев пен И.Ақынбеков көшесі аралығына жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Бұл тұрғындар мен ата-аналардың көптен күткен жаңалығы болды. Себебі, аталған көше арқылы М.Әуезов пен №376 бастауыш мектеп оқушылары мектепке барады. Жаяу жүргіншілер жолының ұзындығы 900 метрді құрайды. Жалпы биылғы жылы 4 500 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолын салу жоспарланып отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Еңбек құқықтарын қорғау – Конституция кепілі

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мәселесіне қатысты маңызды құқықтық ұстанымын білдірді. Атап айтқанда, 2026 жылғы 8 маусымдағы ...

В День знаний в Туркестанской области введены в эксплуатацию 9 новых школ и пристроек

В Туркестанской области в День знаний введены в эксплуатацию новые школы. Одна из них открылась в Казыгуртском районе Туркестанской области. ...