Сайрамда экоакция аясында арық-атыздар тазартылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Сайрамда экоакция аясында арық-атыздар тазартылды

Сайрам ауданының Арыс ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында біршама шаралар қолға алынды. Атап айтқанда, елдімекен тұрғындары мен қоғам белсенділері, кәсіпорын қызметкерлері және қала жастары Арыс өзенінің бойы мен орталық көшелерді, «Темір баба» кесенесі аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Жалпы саны 500-ге жуық адамның қатысуымен өткен тазалық акциясында күл-қоқыс шығарылып, 3 шақырым арық-атыз тазартылды.

Сондай-ақ, санитарлық тазалық пен көріктендіру жұмыстары бойынша көше бойлары тазаланып, скверлер аумағындағы ағаштар әктелді. Тұрғындардың қызу қолдауымен қарқынды өткен тазалық акциясында жалпы саны 1 500 түп ағаш көшеттері отырғызылды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...