BusinessGO бірыңғай цифрлық платформасының мүмкіндіктері таныстырылды — Xnews — ақпарат агенттігі

BusinessGO бірыңғай цифрлық платформасының мүмкіндіктері таныстырылды

Түркістан облысының кәсіпкерлеріне BusinessGO бірыңғай цифрлық платформасының мүмкіндіктері таныстырылды.

2026 жылғы 4 тамызда Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен кәсіпкерлерге арналған BusinessGO бірыңғай цифрлық платформасының мүмкіндіктерін таныстыру бойынша онлайн-презентация өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өңір кәсіпкерлерін Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» әзірлеген BusinessGO платформасының мүмкіндіктерімен таныстыру, бизнесті жүргізуге арналған заманауи цифрлық шешімдерді көрсету, кәсіпкерлердің цифрлық сауаттылығын арттыру және цифрлық сервистерді қолдануды кеңейту.

Презентация барысында BusinessGO платформасының қызметі жан-жақты таныстырылып, оның кәсіпкерлерге беретін артықшылықтары түсіндірілді. Атап айтқанда, платформа кәсіпкерлерге онлайн-касса, фискалдық деректер операторы, тауарлық есепке алу жүйесі, маркетингтік құралдар, бизнес-аналитика және басқа да цифрлық сервистерді бір экожүйеде пайдалануға мүмкіндік береді.

Спикерлер кәсіпкерлер үшін бірыңғай цифрлық платформаны қолданудың тиімділігіне тоқталып, бизнес-процестерді автоматтандыру, шығындарды оңтайландыру, сатылымдарды бақылау және бизнесті тиімді басқару бағытындағы мүмкіндіктерді көрсетті. Сонымен қатар, барлық сервистердің бір жеке кабинет арқылы басқарылуы кәсіпкерлердің уақытын үнемдеп, күнделікті жұмысын жеңілдететіні айтылды.

Онлайн-презентацияға облыстың қала және аудан кәсіпкерлері, сауда орталықтары, сауда үйлері, базарлар, супермаркеттер, мамандандырылған дүкендер, дәріхана ұйымдары және басқа да бөлшек сауда субъектілерінің өкілдері қатысты.

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы алдағы уақытта да кәсіпкерлердің цифрлық трансформациясын қолдау және заманауи цифрлық сервистерді енгізу бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...