Көңілді уақыт өткізген аналардың жайылған мерекелік дастарханында алкогольді сусынның ыдысы да табылады. Желіде әлеуметтік жәрдемақы үшін жоспар құрған әйелдер тобын бейнелейтін ролик таралды, деп хабарлайды Xnews ақпараттық агенттігі Elitar.kz порталына сілтеме жасап. Онда жағдайларының нашар әрі баспанасыз, балаларын асыра алмай жүргендіктерін айтып әкімшіліктен ақша талап еткен аналардың қалай көңіл көтеретіндіктері, өзіндік жоспарлары бейнеленіпті. Аталған роликте берілген аудиожазбаларда көпбалалы аналардың бірі: ...
Читать далее »Түркістан облысы
«Сыра королінің» сарайлары мен үйлері аукционға шығарылды
Шымкентте сотталған олигарх Тоқтар Төлешовтің «Фосфорник» мәдениет үйі мен басқа да жылжымалы мүлік «қалдықтары» сатылымға қойылды деп хабарлайды Xnews.kz Қолда бар мәліметтерге қарағанда, барлық төрт жылжымайтын мүлік нысаны бір пакетпен сатуға шығарылған, олардың жалпы бастапқы бағасы – 1 миллиард 204 миллион 708 мың 423,00 теңге. Аукцион 2020 жылдың 6 ақпанына жоспарланған және бағаны көтеру әдісімен өткізіледі. Сонымен бірге саудаға шығарылған ...
Читать далее »Түркістан қаласында 7 700 гектар аумаққа жасыл белдеу құрылады
Түркістан облысында 3 млн. 131 мың гектар орманды дала жер бар. Оның ішінде орманмен көмкерілген алқабы 2019 жылы 11 мың гектарға ұлғайып, 1 млн 615 мың гектарға жетті. Орман қоры жерлерінің шекараларын анықтау, мемлекеттік актілерді сәйкестендіру жұмыстары жүргізілді деп хабарлайды xnews «Отырар» телеарнасының сайтына сілтеме жасап. 2019 жылы мемлекеттік орман қоры жерлеріне 13 600 га мәдени көшеттер мен сексеуілдің тұқымы ...
Читать далее »Шымкентте көлік жүргізушісі полицейді үш шақырымға сүйреп кеткен
Шымкентте мас күйде көлік жүргізген азамат полиция қызметкерін қағып, оны 3 шақырымға дейін көлігінің капотында тасыған деп хабарлайды Xnews.kz «Polisia.kz«-ке сілтеме жасап. Шымкент қаласының Тұрар Рысқұлов көшесінде «Mitsubishi Galant» пен «Audi-80» автокөліктері соқтығысты. Полиция қызметкері оқиға орнында «Mitsubishi Galant» автокөлігінің жүргізушісінен құжаттарын көрсетуін талап еткен. Алайда, ол талапты орындаудан бас тартып, оқиға орнынан ізін жасырмақ болған. Жүргізуші көліктің алдын бөгеп тұрған ...
Читать далее »Қалада орналасқан халық тығыздығы бойынша Шымкент үшінші орында
Бұл туралы Шымкент қалалық статистика департаментінің басшысы Ерназар Құлтаев қалалық әкімдіктің ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді. Әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер бойынша 2019 жылғы 1 желтоқсанға қаладағы тұрғын саны 1033,5 мың адамды құрады және 2018 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда 22,3 мың адамға (2,2%) өсті. 25,8 мың сәби туып, 2018 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 4,8%-ға өсті. Тұрмыс деңгейі бойынша, 2019 жылғы III тоқсанда қаладағы ...
Читать далее »Шымкент қаласының әкімі құрылыс нысандарының сапасын тексерді
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әкімшілік іскерлік орталығы мен «Шымкент Сити» шағынауданында салынып жатқан әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысымен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Аралау барысында қала басшысы құрылыстың сапасы мен қасбетіне баса назар аударуды жеткізді. shymkent.gov.kz Сондай-ақ, әкім жаңа тұрғын үй секторлары толығымен инженерлік-коммуникация инфрақұрылымы жүйесімен қамтуды, қауіпсіздік шараларын күшейтуді, қалада салынып жатқан құрылыс ...
Читать далее »Шымкентте ТМД елдерінің мәдени астанасына дайындық барысы пысықталды
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен ТМД елдерінің мәдени астанасы іс-шараларын өткізу және дайындық жұмыстары бойынша мәжіліс болып өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мәдени астана мәртебесін жоғары деңгейде атап өту үшін қала әкімдігімен негізгі 6 бағытты қамтитын тапсырма- жоспар бекітіліп, бүгінде олармен тиісті жұмыстар басталып кетті. Мәдени астана жылы ТМД елдері мен ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетінін ...
Читать далее »Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен алғашқы аппарат мәжілісі өтті
Мәжілістің күн тәртібінде бірқатар мәселе көтеріліп, нақты тапсырмалар жүктеді деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Атап айтар болсақ, индикаторлар бойынша жұмыстарды күшейту және ТМД елдерінің мәдени астанасы жылын жоғары деңгейде өткізу. Сонымен қатар, Мұрат Дүйсенбекұлы тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша ауқымды жұмыс атқаруды алға тартты. Сондай-ақ, шаһар басшысы әр сала жетекшілеріне жұмысты сапалы әрі уақтылы атқаруды тапсырды.
Читать далее »Шымкент шаһарының жаңа басшысы туралы не белгілі
Жаңа тағайындауға байланысты «Инженерден — әкімге дейін. Шымкенттің жаңа басшысы туралы не белгілі» атты Tengrinews сайтында шыққан мақаланы сілтеме жасап ұсынамыз. Мұрат Әйтенов 1981 жылы сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай ауылында дүниеге келген. 2004 жылы армия генералы С. М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын «ақпаратты қорғауды ұйымдастыру және технологиясы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Одан бөлек Қарағанды экономика университеті мен М. ...
Читать далее »Шымкентке жаңа әкім тағайындалды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен және қалалық мәслихаттың келісімімен Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды , деп хабарлайды Xnews Ақордаға сілтеме жасап. Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов 1981 жылы 30 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында дүниеге келді. 2004 жылы С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын «Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы» мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін «заңтану» мамандығы бойынша аяқтаған. ...
Читать далее »Түркістанда УЕФА талаптарына сай стадион салынуда
Бүгінде Түркістанда УЕФА-ның халықаралық талаптарына сай орталық стадионның құрылысы қызу басталуда,- деп хабарлайды Otyrar.kz. Облысымызда мәдени-спорттық іс-шаралар өтетін спорт нысанын «Самрұқ Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры салып, биыл мамыр айында аяқтауды жоспарлап отыр. Облысымызда дүниежүзі бойынша кең тараған спорт түрі-футболды дамыту мақсатында УЕФА-ның халықаралық талаптарына сай 7000 адамға лайықталған алып стадион құрылысы жүргізілуде. Мұнда 2 спорт залы, әлемдік аренаға жауап беретін ...
Читать далее »Түркістан әкімі «6 Underground» фильміне наразы болып, АҚШ режиссеріне үндеу жариялады
Танымал режиссерге қазақтармен бірге түркімен халқы да ренжіп отыр. 2006 жылы шығып, Қазақстанды әлемге жаман мемлекет етіп көрсеткен «Борат» фильмін ұмыта бастағанымыз сол еді, қазақстандықтардың ашуын туғызатын тағы бір кино шықты, деп жазады ZTB.kz мен Stan.kz. Netflix платформасында америкалық режиссер Майкл Бэйдің «6 Underground» (орысшаға «Шестеро вне закона» деп аударылған) фильмі пайда болыпты. Онда «Тургистан» деген ойдан шығарылған мемлекет көрсетіледі. Фильмнің ...
Читать далее »Сенат депутаттары Шымкенттегі ұстаздармен кездесу өткізді
Сенат депутаттары Парламент қабылдаған заңдарды түсіндіру аясында аймақтарға сапарын жалғастыруда, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы. Шымкентке арнайы ат басын бұрған халық қалаулылары қаладағы ұстаздармен кездесу өткізді. Басқосу барысында Қазақстан Президентінің халыққа арнаған Жолдауында айқындаған міндет-мақсаттар мен «Педагог мәртебесі туралы» заңның ерекшеліктері талқыланды. Ұстаз мәртебесін жоғарылатқан құжатта негізгі көтеріліп отырған мәселе – олар тек оқушыға білім мен тәрбие беру қажет. «Түрлі ...
Читать далее »Мысырда қайтыс болған дипломат Түркістан облысында жер қойнына берілді
Түркістан облысында дипломат Еламан Жолдасовтың жерлеу рәсімі өтті деп хабарлайды Pyx.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Каир қаласында қаза тапқан Мысырда Қазақстан елшісі болып қызмет еткен дипломат Еламан Жолдасовтың денесі Қазақстанға жеткізілді. Оны Түркістан облысында жерледі, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қайтыс болған адамның туысы Нәзипа Өсербаеваға сілтеме жасап. Әйелдің айтуынша, Еламанды 31 желтоқсанда Түркістан облысындағы өзінің туған жері Шарбұлақ ауылында жерлеген. ...
Читать далее »Түркістан облысында жан түршігерлік жол апаты болды
Түркістанға жол тартқан лық толы автобус жантүршігерлік апатқа ұшырады , — деп хабарлайды «КТК» телеарнасы. Түркістан облысында жан түршігерлік жол апаты болды. Шымкенттен Түркістанға жол тартқан жолаушыға лық толы шағын автобус трактордың артынан қатты соққан. Соның салдарынан екі адам көз жұмса, тағы алтауы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Әсіресе 25 жастағы келіншектің хәлі мүшкіл. Жол апаты таңғы алты жарым шамасында Шымкент-Самара ...
Читать далее »Тәуелсіздік жылдарында Шымкент халқының саны 3 есеге артқан
Шымкентте «16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» мерекесіне орай қала әкімінің қатысуымен Түркістан сарайында салтанатты жиын өтті, — деп хабарлайды Рух тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. «Ел бақытын тербеткен — Тəуелсіздік» мерекелік жиынды Шымкент қаласының əкімі Ерлан Айтаханов ашып, құттықтау сөз сөйледі. «Тəуелсіздік күні — Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Біз бабалар аңсаған бейбіт және тәуелсіз елде өмір ...
Читать далее »Түркістан облысында ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі кең көлемде атап өтілді
ҚР Тәуелсіздігіне 28 жыл толуына орай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев «Рәміздер алаңында» мемлекеттік Туды салтанатты ұлықтау рәсімін өткізді деп хабарлайды Рух тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Салтанатты шараға ұласқан мерекелік кеште сарбаздардың сап түзеуімен Мемлекеттік Ту орнатылып, Әнұран орындалды. Кешті өңірдегі зиялы қауым өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер, барлық саланың мамандары, еңбек азаматтары тамашалады. Алғы сөз алған облыс ...
Читать далее »Қазақстанның оңтүстігінен мұнай табылды
Түркістанның жанынан жаңа мұнай көзі ашылуы мүмкін. Түрлі-түсті металл іздеуге шыққан геологтар өңірде қазылған 39 ұңғымадан мұнай белгілерін анықтаған. Мамандар енді ондағы мұнай көлемін анықтауға кіріспекші деп хабарлайды КТК телеарнасы. Табиғи байлық белгілері Шақпақ елді-мекенінің жанынан табылды. Негізі геологтар қорғасын, мырыш сынды металл іздемекші болған. 300 метр тереңдікте қазылған ұңғымалардан мұнай тектес сұйық зат шығыпты. Мамандардың айтуынша, Шу-Сарысу бассейні бұрыннан-ақ ...
Читать далее »2022 жылдан бастап Қазақстанның барлық өңірінде жастарға жалдамалы пәтер салынбақ
— 2022 жылдан еліміздің басқа да өңірлерінің жұмысшы жастарына жалдамалы пәтер салынуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты «2019 жылы 3 000 пәтер Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға 5 жыл мерзімге жалға берілетін болады. Болжанған жалдау ақысы 15 мың теңгеден аспайды. Ал, тұрғын үй алаңы кемінде 40 ...
Читать далее »Түлкібас ауданында «Жастар аллеясының» ашылу салтанаты өтті
– Түркістан облысы, Түлкібас ауданында «Жастар аллеясы» пайдалануға берілді. Жастар жылына орай салынған нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков пен облыстағы ардагер, зиялы қауым өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты
Читать далее »