«Алаяқтық» қылмыстары соңғы 4 жылда 108,3 пайызға артқан — Xnews — ақпарат агенттігі

«Алаяқтық» қылмыстары соңғы 4 жылда 108,3 пайызға артқан

Түркістан қалалық сервистік модельді енгізу жөніндегі ведомстваралық арнайы топтың кезекті жиыны өтті.

Жиынға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы, қалалық Полиция басқармасының бастығы Бауыржан Дәулетханұлы, Түркістан қалалық мәслихаты төрағасы Ғаппар Амантайұлы, қалалық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы және тұрғындар қатысты.

Жиналыста Түркістан қалалық Полиция басқармасының басшысы Бауыржан Жанаевтың жыл басынан бергі басқармада атқарылған жұмыстар жөніндегі баяндамасы тыңдалды.

Баяндамада айтылғандай, шаһардағы орын алған қылмыстар көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда (2022 жылдың 4 айында — 331) 268-ге азайған.

Оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар 115-тен 100-ге, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 9-дан 2-ге, ұрлық 89-дан 81-ге, алаяқтық қылмыстар 104-тен 77-ге азайса, бұзақылық қылмыстар 11-ден 4-ке төмендеп, есірткіге қатысты қылмыстар 22-ден 25-ке артқан.

Ал, қылмыстардың ашылу деңгейі 85,7 пайызды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда — (2022 жылдың 4 ай көрсеткіші 83,0%) 2,7% көтерілген.

Сонымен қатар, қоғамдық сала бойынша 35 700 құқық бұзушылық анықталып, өткен жылдан 9 600 хаттамаға артты.

Оның 30 143-і жол ережелерін бұзғаны үшін, 5 571-і қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін толтырылды.

Көрсеткіштерге сәйкес, қоғамда өзекті болып тұрған «алаяқтық» қылмыстары соңғы 4 жылда 108,3 пайызға артқан болса (2019-205, 2020-221, 2021-292, 2022-427), тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын кеңінен жүргізу арқылы аталған қылмыс жыл басынан бері 26.0 пайызға (104-тен 77-ге) төмендеді.

Сондай-ақ, Полиция басқармасы қызметкерлері «Қауіпсіз қала» жедел-профикалактикалық іс-шараларын 46 рет өткізген.

Бүгінде аталған жұмыстар жанданып, «Жұртқа жақын полиция» қағидатын қалыптастыру мақсатында шаһарда 11 учаскелік полиция бекетін салу жоспарланған.

Жиын барысында шаһардағы қоғамдық орындардағы тәртіпті күшейту керектігі айтылды. Қала мүлкіне зиян келтіруді (аялдамалар, орындықтар, бейнекамералар, қоқыс жәшіктерін сындыру) азайту үшін секторлармен бірлесе жұмыс жасау келісілді.

Басқосу соңында тұрғындар өз сауалдарын қойып, мамандардан тұшымды жауаптарын алды.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...