Түркістан облысы

Түркістан облысында 10 мектеп ашылды

Жаңа оқу жылының қарсаңында Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 8 жаңа мектеп пен 2 жалпы орта білім ошағы ашылды. Атап айтқанда, Төлеби ауданының Достық ауылында 900 орындық, Сайрам ауданының Ақсу ауылында 600 орындық жаңа мектептер пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, Шардара, Сауран, Келес, Сарыағаш, Ордабасы, Мақтаарал аудандары мен Арыс қаласында да ...

Читать далее »

Түркістанда жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды

Бүгін Түркістан қаласының мектептерінде жаңа 2025-2026 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті. Қаладағы 85 мектепте алғашқы қоңырау соғылып, 5 500 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Жалпы оқу ордаларында 55 мыңнан астам оқушы білім алмақ. Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы арнайы жақында күрделі жөндеуден өткен №9 Некрасов атындағы мектептің алғашқы қоңырау салтанатты шарасына қатысып, ұстаздар мен оқушыларды айтулы мерекемен ...

Читать далее »

Түркістан облысынан 2500-ге жуық азамат күзгі әскерге аттанады

Түркістан облысында 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап 31 желтоқсаны аралығында шамамен 2500-ге жуық азамат өз борышын өтеу үшін әскери қызметке жіберіледі. Олар ҚР Қорғаныс министрлігінің Қарулы күштерінде, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде, ҚР Ұлттық ұланында, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінде және ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде әскери борышын өтеуге аттанады. Бұл туралы өткен брифингте Түркістан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының ...

Читать далее »

Ордабасы — инвесторлар үшін тартымды өңір!

Ауданымызда шетелдік инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар нәтижелі жүзеге асуда. Аудан әкімі Азат Оралбаев жаңартылатын энергия көздері саласында жетекші саналатын «Zhejiang Kanghua Wulian Technology Co., Ltd» компаниясының өкілдерін қабылдады. Шетелдің ірі және озық технологиялы компанияларының бірі саналатын «Zhejiang Kanghua Wulian Technology Co., Ltd» Түркістан облысына, соның ішінде ауданымызға ерекше қызығушылық танытып отыр. Компания электр энергиясын тікелей өнеркәсіптік тұтынушыларға жеткізу бағытындағы инновациялық ...

Читать далее »

Ордабасы: Өнеркәсіп саласында ірі инвестициялық жоба іске асады

Ауданымызда өнеркәсіп саласында тағы бір ауқымды инвестициялық жоба іске аспақ. Аудан әкімі Азат Оралбаев шетелдік инвесторлармен кездесіп, ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Кездесу нәтижесінде Бадам индустриялды аймағына іргелес орналасқан «КазМедПрибор» ЖШС-нің жеке меншік жер телімінде шетелдік «ALEM EURO PIR» компаниясының жаңа зауыт салу жобасы мақұлданды. Жобаның жалпы құны – 4,5 миллиард теңге. Ірі өндіріс орны толық іске қосылғанда, мұнда 100 жаңа ...

Читать далее »

Ордабасы: “QAZ Garden” бағы — ауыл шаруашылығының жарқын келбеті

Ауданымызда ауыл шаруашылығын әртараптандыру бағытында жүйелі әрі нәтижелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл бағытта жүзеге асып жатқан жобалардың бірі – Темірлан аумағындағы “QAZ Garden” бақ шаруашылығы. Биылғы жылы бақ мол өнім беріп, аграрлық сектордағы өсім мен тұрақтылықтың нақты көрсеткішін танытты. Аудан әкімі Азат Оралбаев “QAZ Garden” бағының қазіргі жағдайын көріп, кәсіп иелерімен пікірлесіп, бақтың дамуына серпін беретін негізгі бағыттарға назар аударып, ...

Читать далее »

Ордабасы: Қола дәуірінің құнды жәдігерлері табылды

Ауданымыздың тарих сахнасындағы маңызы тағы бір мәрте дәлелденді. Жуырда өңірдегі Бөген су қоймасы маңында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында қола дәуіріне тиесілі аса құнды жәдігерлер табылып, еліміздің көне мәдениеті мен өркениетінің жаңа беттері ашылуда. Белгілі археолог А.Н. Подушкин жетекшілік еткен ғылыми экспедиция барысында жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде: • б.з.д. 60–40 мыңжылдық кезеңіне жататын тас құралдар, • алтынмен көмкерілген әйел әшекейлері, ...

Читать далее »

Түркістан облысындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес компанияларында 113 студент дуалды оқытудан өтеді

Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасында «Кәсіпорын мен колледж – сапалы маман кепілі» атты іс-шара өтті. Маңызды жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, депутаттар, жауапты сала басшылары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен студенттері қатысты. Басқосуда студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізу және әрі қарай жұмысқа орналастыру ...

Читать далее »

Түркістан облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды

Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасында «Кәсіпорын мен колледж – сапалы маман кепілі» атты іс-шара өтті. Маңызды жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, депутаттар, жауапты сала басшылары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен студенттері қатысты. Басқосуда студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізу және әрі қарай жұмысқа орналастыру ...

Читать далее »

Түркістанда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

Бүгін жаңа оқу жылы қарсаңында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы ұстаздармен кездесіп, дәстүрлі Тамыз конференциясына қатысты. Түркістан қаласында 85 мектепте 55 мыңнан астам оқушы білім алып, 150 балабақшада 17 мыңнан астам бүлдіршін тәрбиеленуде. Сондай-ақ, биылғы жылы 178 оқушы «Алтын белгіге», 250 оқушы «Үздік аттестатқа» ие болып, түлектердің 80 пайыздан астамы мемлекеттік гранттармен оқуға түсті. Осы ретте Әзімбек Пазылбекұлы ұстаздар қауымын жаңа ...

Читать далее »

Түркістандағы спорт, мәдениет нысандарының жай-күйі сараланды

Түркістан облысында әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Облыс орталығында бой көтеріп жатқан нысандардың құрылыс жұмыстарының барысы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауында. Осы орайда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Түркістан қаласындағы спорт және мәдениет нысандарын аралап, жауаптылармен кездесті. Кездесу барысында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын саралады. Ертай Кенжебекұлы спорт, мәдениет саласын дамытуға күш салынатынын және бұл бағытта өңірге дарынды ...

Читать далее »

Түркістан облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 16 мектеп пайдалануға беріледі

Түркістан облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 29 білім ұясының құрылысы жүргізілді. Оның ішінде 13-і былтыр пайдалануға тапсырылса, ал қалған 16 мектеп жыл соңында дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жаңа оқу жылы қарсаңында өңірде «Келешек мектептері» жобасы аясында 8 жаңа мектептің ашылуы жоспарлануда. Салтанатты ашылу рәсімі 1 қыркүйек – Білім күніне орай өтеді. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиналыста ...

Читать далее »

«Мектепке жол» акциясы аясында 500-ден астам бала қолдауға ие болды

Түркістан қаласында жаңа оқу жылының басталуына орай дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы аталып өтті. Оқушылар сарайында өткен шараға қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы, маслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы, қала прокуроры Қаукен Бахтыбайұлы, полиция басқармасының бастығы Жасұлан Қаржаубайұлы да арнайы қатысып, балаларды оқу жылының басталуымен құттықтады. Шарада 500-ден астам оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтары табысталды. Қыркүйек айының соңына дейін 5000-нан астам оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар ...

Читать далее »

Білім – ұлт болашығының тұғыры

Қай заманда да өркениеттің кілті – сапалы білім мен ғылымды дамытуда болған. Бұл үрдіс жыл өте заман ағымы мен тың технологиялардың әсерінен жаңа деңгейге көтеріліп отырды. Қазір де білім беру жүйесінде оң бетбұрыстар мен өзгерістер дәуірі жүріп жатыр. Білім берумен қатар,адамершілік пен жауапкершілігі жоғары, әділ және елжанды тұлғалар қалыптастыруға ден қойылуда. 2024-2025 оқу жылында қыруар шаруалар атқарылып, тың бастамалар іске ...

Читать далее »

Түркістан облысында 100 мектеп жөндеуден өткізіліп жатыр

Бұл туралы брифингте облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Орынов мәлімдеді. «Биыл облыстағы 16 029 білім қызметкері біліктілігін жетілдіреді. Бүгінде орта білімнің 7 309 мұғалімі біліктілік арттыру курстарынан өтіп, жыл соңына дейін 8 720 мұғалім білімін жетілдіреді. Сондай-ақ, алғаш рет «Ұстаз» ұлттық платформасында 12 826 педагог аттестациядан өтуге өтініш білдірді. Жаңа оқу жылынан бастап барлық мектептерде «Адал азамат» біртұтас ...

Читать далее »

«Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» практикумы өтті

Бүгін Түркістан қаласында алғаш рет жастарға арналған «Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» атты практикум өтті. «Ұлы дала елі» орталығында өткен іс-шараның мақсаты — еріктіліктің қоғамдағы маңызын арттыру, жастардың азаматтық белсенділігін дамыту және әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын нығайту. Сонымен қатар, еріктілерді әлеуметтік кәсіпкерлікке бейімдеу арқылы олардың қаржылық тұрақтылығын қалыптастыру көзделген. Іс-шараға арнайы Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысып, жастардың азаматтық белсенділігін арттырудағы еріктіліктің ...

Читать далее »

92 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді

Мемлекеттік қызмет істері азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға баса назар аударады. Бұл бағытта Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментінің негізгі міндеттерінің бірі — мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, әкімшілік кедергілерді жою және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту болып табылады. Қойылған міндеттерді іске асыру аясында Департамент тарапынан жүйелі түрде бақылау және түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі. Дегенмен, мемлекеттік органдар тарапынан азаматтарға қызмет ...

Читать далее »

Түркістандық көкпаршылар ел чемпионы атанды

Алматы облысының Талғар ауданында 16-23 тамыз күндері көкпардан XIII чемпионаты аяқталды. Байрақты бәсекеге Алматы мен Шымкент қалаларымен қатар Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Ұлытау сынды облыстардан іріктелген 13 жасөспірім көкпаршылар командасы қатысып, 7 күн бойы өзара мықтыны анықтады. Ақтық сында Жамбыл облысының жігіттерімен серке тартысып, ойынның негізгі уақытында 7:7 есебімен тең түскен Түркістандық ...

Читать далее »

Н.Көшеров Түркістандағы жолдардың құрылысын пысықтады

Түркістан қаласында инфрақұрылым жаңарып, тұрғындар игілігіне қажетті жобалар жүйелі түрде жүзеге асуда. Қала көшелері жаңартылып, коммуналдық жүйелер тартылып жатыр. Биылдың өзінде 159 көшеге жөндеу жұмыстары жоспарланып, бүгінде оның 79-ында құрылыс толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қала аумағындағы бірқатар маңызды нысандарды аралап, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Аймақ басшысы Отырар мөлтек ауданындағы жолдарды орташа жөндеу жұмыстарына назар аударып, ...

Читать далее »

Горы не прощают ошибок

В Туркестанской области проживает более 2 млн человек. С потеплением в регионе увеличится количество туристов, отдыхающих в горах. По статистическим данным, ежегодно количество туристов и отдыхающих, посещающих область, достигает 1 млн человек. В том числе большая часть туристов, выезжающих в горы, отдыхает на территории Сайрам-Угамского государственного национального природного парка, самого живописного в регионе. Однако альпинисты, не соблюдающие правила безопасности в ...

Читать далее »