Түркістан облысы

Түлкібаста балаларға арналған дамыту орталығы ашылды

Бүгін Түлкібас ауданында ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған орталықтың ашылу салтанаты өтті. Аталған орталықта логопед-дефиктолог, арт терапевт, муз терапевт, педогог-психолог мамандары қызмет атқарады. Айта кетейік, аталған нысан «Самрұқ-Қазына» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының қолдауымен жүзеге асқан жоба. Игі шараға аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов, және нысанның ашылуына мұрындық болған «Самрұқ-Қазына» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ сатып алу жөніндегі бас директоры М.Мағжанов, «Самрұқ-Қазына Траст» әлеуметтік ...

Читать далее »

Д.Сатыбалды «Самұрық-қазына» қорының басшысымен кездесті

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыповпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Түркістан облысында іске асырылып жатқан жобалар мен алдағы жоспарларды талқылады. «Самұрық-Қазына» қоры Түркістан облысында екі ірі инвестициялық жобаны іске асыруда. Атап айтқанда, Төлеби ауданында «Бу газ қондырғысы базасындағы қуаттылығы 926 МВт электр стансасы», Созақ ауданында «Күкірт қышқылы зауыты» құрылысын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ облыстың туристік әлеуетін ...

Читать далее »

Түркістанда Қытай тәжірибесімен бірнеше зауыт ашылады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытай Халық Республикасынан келген кәсіпкерлермен кездесіп, бірнеше жобаны талқылады. Нәтижесінде Түркістан облысы мен Қытай тауар өндірушілері екіжақты байланысты дамытып, бірлескен жобалар ашып, тәжірибемен бөлісу бойынша Меморандумдарға қол қойды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру, кабель желісін жасау, электр көліктерін зарядтау станциялары, тігін фабрикасын ашу бойынша жалпы сомасы 3 млрд. теңгеден астам қаржыға кәсіпорындар ашу бойынша индустриалды ...

Читать далее »

Түркістанда заманауи мұз сарайы пайдалануға берілді

Түркістан обысында қысқы спортпен кәсіби айналысуға мүмкіндік жасалды. Облыс орталығында Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында заманауи «Мұз сарайы» пайдалануға берілді. Спорт нысанының ашылуына Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, спорт жанашырларын құттықтады. – Бүгін тарихи күн. Еліміз үшін қастерлі Конституция күні қарсаңында Түркістан облысында алғаш мұз сарайы ашылды. Балалар мен жасөспірімдер мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, шорт-трек спорт түрімен айналысуға қол ...

Читать далее »

Түркістанда өңір және Қытай тауарларының көрмесі ашылды

Облыс орталығында Түркістан облысы мен Қытай Халық Республикасы компанияларының өнімдері ұсынылған бірлескен көрмесі өтіп жатыр. Оған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен Қытайдан арнайы келген бірнеше ірі кәсіпорын басшылары қатысты. Аймаққа инвестиция тартып, жергілікті өнімдерді экспортқа шығаруды мақсат еткен іс-шарада жалпы саны 60-қа жуық тауар өндірушінің өнімдері қойылды. Атап айтқанда, киім, аяқ киім, ыдыстар, текстиль өнімдері, электр машиналары, күннен қорғайтын ...

Читать далее »

Д.Сатыбалды «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінің жеңімпаздарына автокөлік кілттерін табыстады

Биыл Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл! Осыған орай Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық мәдениет және туризм басқармасы «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалін ұйымдастырған болатын. 4 ай бойы қала тұрғындары мен қонақтарына мәдени-рухани демалыс сыйлаған фестиваль бүгін өз мәресіне жетті. 30 тамыз – Конституция күніне арналған эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен «Ата заңым – айбыным!» атты шарада Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды ...

Читать далее »

Түркістанда Конституция күні мерекеленді

Облыс орталығында 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата заңым – айбыным!» атты шара өтті. Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды өңір тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, Түркістанның 5 жыл ішінде әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталды. – Сіздерді еліміздің маңызды мерекесі –Конституция күнімен құттықтаймын! Ата Заң – айбарлы еліміздің ең ұлы құндылығының бірі. Біз, бүгін мызғымас бірлік пен заң үстемдігінің арқасында елімізді ...

Читать далее »

Түркістанда Қытайлық кәсіпкерлер индустриалды аймақтың мүмкіндіктерімен танысты

Қытай Халық Республикасының өнеркәсіп саласы бойынша бір топ делегациясы «Turkistan» индустриалды аймағы мен арнайы экономикалық аймақтың жұмыс барысымен танысты. Кәсіпкерлік құрам Түркістан қаласына жасаған іссапары барысында екіжақты бірлескен көрме өткізеді. Кәсіпкерлер өздерімен бірге әкелген ыдыс-аяқтан бастап, киім-кешек, аяқ-киімдер, қуаттағыш құралдар, күннен қорғайтын өнімдер, электр скутерлері және басқа да тауар түрлерін ұсынады. Айта кетейік, Түркістан қаласындағы дайын екі өндіріс алаңының бірі, ...

Читать далее »

Президент реформасы: Ауыл тұрғындары өз кәсібін ашып, дамытуды қолға алған

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Бұл орайда, биыл елімізде халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырыла бастады. Осы ретте «Ауыл аманаты» жобасы Түркістан облысында өзінің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін көрсете бастады. Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсетіп, оларды кәсіпке бейімдеу жоспарланған. Биыл Төлеби ауданында да ...

Читать далее »

Президент реформасы: «Ауыл аманаты» жобасы тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартады

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырған болатын. Қазіргі уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында шаруаларды несиелендіру жүргізілуде. Жаңа жоба біздің өңіріміз үшін өте маңызды. Несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары. «Ауыл аманаты» жобасының мақсаты — ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдау, аграрлық бизнесті ілгерілету мәселелерін ...

Читать далее »

Кентауда 250 орындық мектеп пайдалануға берілді

Бүгін Кентау қаласында заманауи үлгідегі жекеменшік «Grant high school» мектебінің лентасы қиылды. Ашылу салтанатына қала әкімі Жандос Тасов, бірқатар зиялы қауым өкілдері мен мектеп педагогтары және ата-аналар қатысты. Бүгінде жалпы саны 250 балаға арналған білім ошағында құжат қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Осыған дейін, 10-11 сынып аралығындағы 220 оқушынының құжаттары қабылданып үлгерген. Жиын барысында қала басшысы мектеп ұжымы мен оқушыларды жаңа оқу ...

Читать далее »

Бәйдібектік тұрғын «Ауыл аманаты» жобасымен кәсіп бастады

Биыл Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша тұрғындардың кәсіп ашуына қолдау көрсету жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бәйдібек ауданында «Ауыл аманаты» жобасымен 2,5 пайыздық несие алуға аудандағы 144 азамат өтінім білдіріп, оның 108-і мақұлданған. Бүгінде аталған жоба аясында Ақбастау, Алғабас, Көктерек ауылдық округіндегі 57 азаматтың жылқы, мүйізді ірі қара, уақ малдарды бордақылау, сауынды сиыр алу, ауыл шаруашылық кооперативін техникамен жабдықтау бойынша ...

Читать далее »

Д.Сатыбалды Шардаралықтардың талап-тілектерін тыңдады

Шардара ауданының тұрғындары көтерген мәселелер шешімін тапты. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездескен Шардара ауданы тұрғындарының талабы бойынша Ұзын-ата ауылы арқылы өтетін облыстық маңызы бар тас жолының Шардара-Арыс-Темірлан бөлігіне жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Биыл бюджеттен 30 млн. теңге бөлініп, 2 шақырым жерге 49 бағана орнатылды. Мал шаруашылығын дамыту үшін жастарға 2,5 пайыздық несие беру үшін 165 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күнге ...

Читать далее »

Д.Сатыбалды: «Шардарадағы зауыт жүгері қабылдауға дайын»

Түркістан облысының оңтүстік аумақтарында мақтадан бөлек жүгері егуге бет бұру көзделген. Маусым айында құрылысы басталған жүгері өңдеу зауыты биыл күзде шаруалардан жүгері қабылдауға дайын. «Казкрахмал» компаниясы Шардарада салып жатқан жүгері өңдеу зауытыны жылына 150 мың тонна жүгері дәнін терең өңдейді. Жобаның құны – 31 млрд. теңге, онда 550 жұмыс орны ашылады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Шардара ауданының тұрғындарымен кездесуінде ...

Читать далее »

Шардараның балығын баклан жеп жатыр

Шардара балығын күніне 2-3 келі балық жейтін суқұзғын (баклан) құсы жеп жатыр. Осылай деген Шардара ауданының тұрғыны Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының халықпен кездесуінде әкімнен осы мәселеге назар аударуын сұрады. Облыс әкімі жауаптыларға тапсырма берді. Бұл жағдайға байланысты өңірлік балық инспекциясымен бірге зерттеу жүргізіп, ұсыныс беруді жүктеді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Шардара ауданының тұрғындарымен кездесті. Жаңа форматта өтіп жатқан есептік ...

Читать далее »

Өзбекәлі Жәнібековке арналған дәстүрлі көрме жалғасын тапты

Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Өзбекәлі Жәнібеков тағылымы» атты көрме ашылды. Биыл он бесінші мәрте ұйымдастырылып отырған рухани-мәдени шара көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі этнограф, тарихшы ғылым Өзбекәлі Жәнібековке арналған. Көрменің ашылу салтанатына Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев, қалалық мәслихаттың аппарат басшысы Жанболат Ибрагимов, елімізге белгілі ғалымдар, кітапхана, ЖОО-ы мен жалпы орта, салалық мектептер мен ...

Читать далее »

Д.Сатыбалды Шардарада су қоймасының жағдайымен танысты

Түркістан облысы Шардара су қоймасындағы су деңгейі төмендеп барады. Өзекті мәселе туралы облыс әкімдігі стратегиялық нысанға жауапты Су ресурстары комитеті мен Экология және табиғи ресурстар министрлігін дер кезінде хабардар еткен. Шардара су қоймасының сыйымдылығы 5 млрд 200 млн текше метр болса, қазіргі судың көлемі бес есе аз. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты сала басшыларымен су айдынының бүгінгі жағдайымен танысты. ...

Читать далее »

Д.Сатыбалды мақта-тоқыма кластерін құру бойынша инвесторлармен кездесті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды инвесторлармен кездесіп, Жетісайда өзбекстандық «TST GROUP» компаниясымен ынтымақтаса отырып мақта-тоқыма кластерін құру туралы талқылады. Қазақстан тарапынан жауапты кәсіпорын — «TST Jetysay Textile». Жоба құны 41,5 млн.долларды құрайды. Зауытта мақта өсіруден бастап, оның жанама өнiмдерiн терең өңдеп, дайын бұйым жасап шығарады. Экспортқа шығару жолдары да қаралады. Бұл мақсатта жұмыс тобы құрылып, құжаттары әзірленген. Бизнес-жоспар дайындалуда. Асықата ...

Читать далее »

Түркістанда жұмысшысының атына онлайн несие рәсімдеп алған тұрғын анықталды

Түркістанда жұмысшысының атына 1,5 млн теңге көлемінде онлайн несие рәсімдеп алған тұрғын анықталды. Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреу оның атынан онлайн несие рәсімдеп, алаяқтық жасағанын айтқан. Келтірілген шығын көлемі – 1,5 млн теңге. Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылар ер адамды алдап, оңай жолмен олжа таппақ болған ...

Читать далее »

Отырарда қолөнер шеберлерінің халықаралық жәрмеңкесі ашылды

Бүгін Отырар ауданында «Ұлы Жібек жолы бойындағы тоқыма және зергерлік өнер» тақырыбындағы Халықаралық қолөнер шеберлері жәрмеңкесі ашылды. Салтанатты шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің Төрағасы Күміс Сейітова, Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының өкілі Талғат Мұханов және Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов ашып берді. Сондай-ақ ұйымдастырушыларға ыстық ықыласын білдіре отырып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Туыстас халықтар арасын жақындата түсетін, ...

Читать далее »