Сауран ауданында агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік қолдаулар кеңінен түсіндірілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауран ауданында агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік қолдаулар кеңінен түсіндірілді

Ауыл шаруашылығына берілетін мемлекеттік қолдаулардың берілу шарттарын түсіндіру мақсатында құрылған арнайы жұмысшы топ Сауран ауданының тұрғындарымен кездесті.

Жиынға Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов, «Қазсушар» РМК ТФ өндірістік техникалық бөлім басшысының міндетін атқарушы Талғат Балабеков, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан филиалы директорының орынбасары Азат Мүйтембаев, «Ырыс» МҰҚ ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Берік Бекпенбетов, «Түркістан ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мұхтар Әлімханұлы сынды сала мамандар түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сауран ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі — 392 100 гектар. Жалпы биылғы жер жырту жоспары – 28,6 мың гектар болып бекітіліп, бүгінгі таңда жер айдау жұмыстары 95%-ға орындалған. 2024 жылдың өнімі үшін 3 661 гектар күздік бидай егілген. Жиын соңында шаруалар тарапынан жұмыс топ мүшелеріне сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...