Түркістан облысы

«CyberPol» қызметкерлері 10 тұрғынды алдаған алаяқты анықтады (видео)

Түркістан облысының полицейлері 16-18 тамыз күндері аралығында республикалық “Hi-Tech” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Бұл бағытта облыстың тәжірибелі тәртіп сақшыларынан құрылған “Cyberpol” арнайы тобы қарқынды жұмыс істеуде. Мәселен, полицейлермен “Hi-Tech” жедел-профилактикалық іс-шарасының екі тәулігінде бұрын тіркелген 14 қылмыстық іс ашылған. Сонымен қатар шұғыл іздестіру шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы мен Шымкент қаласы аумағында 10 факт интернет-алаяқтық қылмысын жасап, жасырынып жүрген тұрғын ...

Читать далее »

“Жер алып беремін саған”

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы “12 соттық жер алып, заңдастырып беремін” деп сендіріп, 900 мың теңгеге жуық ақшасын жымқырған. Алайда бір жылдан астам уақыт өтсе де, не жерін ала алмаған, не ақшасын қайтармаған. Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы жергілікті тұрғынды уысына түсірген алаяқты ұстауға ...

Читать далее »

Несие алған досының әйелі екен

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып, шағым түсірді. Зардап шегуші ер адам телефонына қарызды төлеу туралы банктен хабарлама келгенін, алайда өзінің ешқандай несие алмағанын жеткізді. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 700 мың теңгеге жуық. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Полицейлер алаяқтық қылмысын анықтау мақсатында қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде 2 сағат ішінде күдіктінің ...

Читать далее »

Полиция департаментінде интернет-алаяқтықты болдырмау мақсатында ауқымды басқосу өтті

Түркістан облысы полиция департаменті «Cyberpol» арнайы тобының бастамасымен облыс көлемінде тергеушілерді қатыстыра отырып, интернет-алаяқтық бойынша дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында алаяқтық қылмыстарын анықтау, ашу, тергеу және алдын алу бойынша мәселелер талқыланды. Екінші деңгейлі банк өкілдері, прокуратура мен полиция қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, өздерінің ұсыныстарын жеткізіп, пікір алмасты. Бірқатар маңызды проблемаларды заңнама деңгейінде шешілуге жататындықтан жоғары тұрған органдарға ұсыныс ретінде жіберу ...

Читать далее »

Заңсыз конкурс тоқтатылды

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданының прокуратурасы 1 млрд.теңгеден астам қаржыға заңсыз жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойды. Прокуратура аудан көлемінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына талдау жүргізіп, нәтижесінде Ордабасы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі жылдық жоспарға енгізілмеген нысандарға мемлекеттік сатып алу конкурсын заңсыз жариялағанын анықтаған. Енгізілген прокурорлық қадағалау актісінің негізінде ...

Читать далее »

Арыста кісі өлтірді деген күдікпен үш ер адам ұсталды

Түркістан облысында полицейлер екі адамды өлтірді деген күдікпен үш адамды ұстады. Олар бір аптаға жуық уақыт іздеген еді, деп хабарлайды ІІМ Telegram арнасында. Ведомствоның мәліметінше, Арыс қаласында ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген үш адам, яғни тапсырыс беруші мен екі орындаушы ұсталды. Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардан «Сайга» қаруы мен тегіс ұңғылы 12 калибрлі шолақ мылтық, мотоцикл мен ...

Читать далее »

Д.Сатыбалды: ауылдарды өркендетуге күш саламыз

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданының тұрғындарымен кездесті. Жаңа форматта өтіп жатқан есептік кездесудің басым бөлігі тұрғындардың көкейкесті сұрақтарына жауап беруге арналды. Осыған дейінгі кездесуде берген уәделердің қаншалықты орындалғанын халық алдында баяндады. Мәселені қалай шешу керектігін, жолдары мен жүйесін жақсылап түсіндірді. Одан кейін тұрғындардың жекелеген сұрақтарына жауап берді. — Тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау – жергілікті биліктің басты ...

Читать далее »

Партиялық бақылау сыбайластықтың алдын кеседі

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында азаматтардың өмірлік маңызды мәселелерін шешу мақсатында бірқатар азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Төрағасы Үмбеталиев Алтынсары Дүйсенбекұлы қоғамдық қабылдауда төрағалық етіп жүргізді. Сонымен қатар, азаматтардың арыз-өтініштеріне байланысты құқықтық көмек көрсетуге облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Тұрсынбаев Полат Түркістан облысы прокуратурасының қоғамдық мүддені қорғау бойынша ...

Читать далее »

Таныстары мен туыстарына алданған қазақстандықтар 340 млн теңгесінен айырылды (видео)

Қылмыстық топтың құрбандары Түркістан облысының және Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Шымкентте таныстары мен туыстарын 340 млн теңгеге сан соқтырған қылмыстық топ сотталды, деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz ақпараттық медия-порталы сілтеме жасап.   Шымкент полициясына ұқсас мазмұнды арыз-шағыммен 235 адам жүгінді. Олар жалған тендермен айналысатын алаяқтардың құрбаны болғанын айтып, тәртіп сақшыларынан көмек сұраған.  Жәбірленушілердің сөзінше, өз таныстары “тендермен айналысатын бастығына” ...

Читать далее »

Жалған келісіммен қаражат ұрлаған

Түркістан облысы әкімдігі ғимаратында 300-ге жуық өңір тұрғындарының қатысуымен жиын өтті, деп хабарлайды Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің баспасөз қызметі. Осыдан 3 жыл уақыт бұрын «Яссы-Несие» ЖШС-нен төменгі пайызбен кепіл қою арқылы бірнеше шаруа қожалықтарының басшылығы, ауыл шаруашылығын және түрлі салаларды дамытуға арналған кредит алған. Нәтижесінде шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер «Агрокредитік корпорация» АҚ-дан өздерінің берешектерін толық өтегендігіне қарамастан кепіл ...

Читать далее »

Екі миллион теңгеге сазға отырғызған

Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оған танысы «Онлайн тауар сатуды үйретемін» деп сеніміне кіріп, 2 миллионнан астам ақшасын жымқырып кеткен. Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды. Тәртіп сақшылар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, күдіктінің жеке басын анықтап, полиция басқармасына жеткізді. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті жәбірленушінің ірі көлемдегі ақшасымен өз қарызын жауып жіберген. ...

Читать далее »

Интернет арқылы алдап соққан

Бұл бүгінде қалыпты жағдайға айналып келеді. Түркістан облысының тұрғыны интернет арқылы бір қызбен танысып, екеуі ұзақ уақыт сөйлесіп жүреді. Бір-бірін көрмесе де «ғашықтың тіл-тілсіз тілге» түсіп, бір-бірін ұнатып қалады. Әбден сенімге кірген соң қыз қиналып, ақша сұрайды. Қарызға. Қызының сөзіне сенгені соншалық, жігіт 2 млн. теңге аударып жібереді. Осыдан кейін-ақ қыз байланысқа шықпай қалады. Күдіктенген жігіт полицияға шағымданады. Ең қызығы, ...

Читать далее »

4 млн берсең, сені әкім қылам

Елорданың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты алаяқтық жасау фактісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Xnews.kz соттың ресми сайтына сілтеме жасап. «Д. есімді азамат А-дан Кентау қаласының әкімі лауазымына жұмысқа орналастырам деген уәдемен 4 млн теңге сомасында ақшалай сыйақы сұрап, оның 650 мың теңгесін алдын ала алған. Одан бөлек, аталған азамат М-дан 3,6 млн теңге көлемінде ақша алып, жалпы сомасы 4 ...

Читать далее »

Қайтарымсыз грант әперемін деп…

Қылмыстық құқық бұзушы С.А. алаяқтық, яғни сенімді теріс пайдалану жолымен алдау арқылы бөтен мүлікке құқықты бірнеше рет иемдену қылмысын жүзеге асыру мақсатында жәбірленушілермен ұялы телефон арқылы сөйлесіп жүріп, олардың атына қайтарымсыз грант ақшасын алып беретінін айтып, сендіріп, әркімнің атына ашылған «Kaspi Gold» есеп шотына ақша қаражаттарын алаяқтық жолмен аудартып, жәбірленушілерге мүліктік залал келтірген. Сотталушының осы алаяқтық әрекеттері бойынша Қазақстан Республикасы ...

Читать далее »

Ведомствоаралық топтың отырысы өтті

Түркістан облысы әкімдігінде облыс әкімінің өкімімен құрылған қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топтың отырысы өтті. Қоғамдық қауіпсіздіктің Сервистік тәсілін енгізу бойынша тәжірибе алмасуға өңірдің құқық қорғау органдарының өкілдері атсалысты. Пилоттық жоба аудан, қалаларда жүзеге асылыруда. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Полицияның қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасы іске асырылуда. Сервистік модельді дамытудың негізгі бағыттары қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, қадамдық ...

Читать далее »

Машинаға тиеп қашып кетеді (видео)

Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының «Cyberpol» арнайы тобының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, алаяқтық қылмысын жасады деп күдікке ілінген ер адамды анықтады. Жедел уәкілдер іздеуде жүрген тұрғынды Шымкент қаласынан ұстады. Қызылордалық күдіктінің Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы аумағындағы алаяқтықтың 45 фактісіне қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі шамамен 6 миллион теңгені құрады. Белгілі болғандай, ер адам дүкендер ...

Читать далее »

Танысы алдап соқты

Адамдар басқа-басқа өз таныстарынан күйіп жүрген жағдай жиілеп барады, деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі. Бір кәсіпкерге бейтаныс телефоннан қоңырау соғылады. Суреттер жіберіледі. Интим фотолар. Осының әлеуметтік желіге саламын, әйеліңе жіберемін деп қорқытады. Ауызбастырық үшін 100 мың доллар сұрайды. Аты шығып жүрген кәсіпкерге әрине, айдай әлемге масқара болу қиын. Сұраған ақша да аз емес. Ойланып құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінеді. Полициямен ...

Читать далее »

«Қарызсыз қоғам» — бұл жоба қаржылық алаяқтықты азайтуға көмектеседі

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап «AMANAT» партиясы ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Halyk Bank-пен бірге «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосты. Жобаның негізгі мақсаты – жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауаттылығын арттыру. Оқу бағдарлама азаматтардың мынадай санаттарына арналған: несие бойынша қарыздар бар және борышкерлер тізіміндегі адамдар, дәл қазіргі уақытта несиесі бар, бірақ мерзімі өтіп кеткен берешектері жоқ ...

Читать далее »

Түркістан облысының полицейлері алаяқтықпен күресудің ерекше әдісін қолданады

Түркістан облысы полициясының «CyberPol» арнайы тергеу-жедел тобы біздің қоғамның барлық топтарымен өзара іс-қимылды және алаяқтықпен күресу үшін түрлі алдын алу құралдарын пайдаланады, деп хабарлайды Xnews ақпарат агенттігі Түркістан облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап. Облыс аумағында орналасқан 750-ден астам мешіт пен медресенің имамдарымен бірлесіп, діндарлар үшін халықты интернет-алаяқтықтан қорғау бойынша профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Өздеріңіз білетіндей, соңғы уақытта басқа адамдардың нөмірлерінен қоңырау ...

Читать далее »

Полицейлер ғаламтор алаяқтарынан сақ болуға шақырады

Қазіргі уақытта ғаламтор желісінде алаяқтық жасайтын жандардың қатары көбейген. Қылмыс жасаушылар көбінде ғаламтор арқылы бөтеннің сенімін теріс пайдалану, алдау жолымен мүлкіне ие болуда. Ал бұл қылмыспен күресуді полиция қызметкерлері күн тәртібінен түсірген емес. Осы тұрғыда Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы «CyberPol» соққы-нысаналы тобы мен «БТО-Түркістан» мекемесі қызметкерлерімен бірге жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Яғни коммуналдық қызмет ақысын төлеу қажеттілігі туралы ...

Читать далее »