Түркістанда Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешен аумағы қоқыстан тазартылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешен аумағы қоқыстан тазартылды

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Түркістан қаласында жұмыстар жалғасып жатыр. Киелі шаһардағы тарихи орындар қоқыстан тазарып, абаттандырылуда. Кезекті тазалық жұмыстары Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешенде өтті.

Аталған кешендегі тазалық жұмыстары барысында нысан аумағы ретке келтірілді. Сонымен қатар, келушілерге арналған орындықтар мен қоқыс жәшіктері әрленді. Шараға атсалысқан тұрғындар акция аясында шаһардың қоғамдық орындары тазарып, көркі кіріп қалғанын айтты. Тазалық мәдениетін қалыптастыруда акцияның тәрбиелік мәні зор екенін жеткізіп, түркістандықтарды акцияға үлес қосуға шақырды.

Айта кетейік, апталық басталғалы Ясауи кесенесі аумағы тазаланып, 62 мыңнан астам гүл егілді. Сондай-ақ, шаһардағы мәдениет ошақтары да өз аумақтарын тазалап, белсенділік танытуда.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда жаңа 540 орындық мектеп оқушыларға есігін ашты

«Білім күні» мерекесінде түркістандық оқушылар және педагогтар үшін жағымды жаңалықпен басталды. Мереке күні қаладағы Қазыбек би атындағы №14 жалпы білім ...

Еңбек құқықтарын қорғау – Конституция кепілі

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мәселесіне қатысты маңызды құқықтық ұстанымын білдірді. Атап айтқанда, 2026 жылғы 8 маусымдағы ...