Түркістан облысы Төлеби ауданындағы Көксәйек елді мекенінде туған Нұрсұлтан Қаппаров осыдан 6 жыл бұрын 2017 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауылына көшіп барған. Суық жер деп жатсынбай бара салып еңбекке кіріскен. Әуелі ауылға қажетті кәсіп түрлерінен бастаған. Мемлекеттік грант есебінде төмен пайызбен несие алып, ауылда шаштараз ашып, бірнеше тұрғынды жұмыспен қамтыған. Кейін самса пісіріп, сататын орын дайындайды. Қос кәсіптен жақсы пайда ...
Читать далее »Түркістан облысы
«Ұлы Дала Жорығы-2023» марафон-бәйгесінің жеңімпаздары белгілі болды
Бүгін, 19 қыркүйекте «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің 14-кезеңі аяқталды. Соңғы меже – Түркістан қаласына дейін ең қысқа уақыт ішінде жеткен Жетісу облысының командасы 1-орын – 18 000 000 теңге көлеміндегі жүлдемен марапатталады. Ақтөбе облысы командасы 2-орын үшін – 16 000 000 теңге, ал 3-орын иегері Алматы қаласының командасы 9 000 000 теңгені қанжығасына байлайды. Төрешілер шешімімен мәреге төртінші болып келген ...
Читать далее »Түркістандық делегация теріскейде
Биыл 8 айдың ішінде Түркістан өңірінен 238 отбасы, оның ішінде 885 адам солтүстік өңірлерге қоныс аударған. Бүгінде олардың бірі кәсіпкер, бірі ауыл әкімі болып үлгерді. Күнгей өңірден теріскейге барған көштің қазіргі жағдайымен танысу мақсатында Түркістан облысынан аттанған арнайы топ Павлодар, Абай облыстарын аралауда. Делегация құрамында жауапты басқарма мамандары мен БАҚ өкілдері, депутаттар, әлеуметтік желі белсенділері бар. Қоныс аударғандардың жағдайымен танысып, ...
Читать далее »Түркістан облысында 525,6 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды
Түркістан облысында 5 жылда тұрғын үй саласы бойынша құрылыс қарқыны артқаны белгілі. Алайда өзекті мәселелер де аз емес. Үйлерді уақтылы тапсырмау, абаттандыру жұмыстарын талапқа сай жүргізбеу және өзге де түйткілдері бар. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында тұрғын үй саласындағы жұмыстар сараланып, кемшіліктер талқыланды. – Үйлерді маусым айына дейін тапсыру керектігін айтқан болатынмын. Себебі, күзге қарай тапсырылған үйлерді ...
Читать далее »Сауран ауданында жаңа емхана тәулігіне 500 адамды қабылдай алады
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Жолдасов Зұлпыхар Сауран ауданына қарасты Ескі Иқан ауыл округіндегі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Соның бірі жаңадан салынған «AVICENNA-A» емханасы. Жобаға 2 млрд. 400 млн теңге инвестиция тартылған. Құрылтайшысы Әділбек Ұсманқұлов. Емханада науқастарға барлық жағдай жасалынған. Онда ота жасау бөлмелері де бар. Сондай-ақ, заман талабына сай соңғы үлгідегі аппараттар қойылған. Жан сақтау бөлімі бір мезетте 4 адамды ...
Читать далее »Бокстан қыздар арасында II халықаралық «Шардара кубогы» өтті
Шардара қаласында бокстан 2005-2006 жылы туған жастар және 2007-2008 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында ІІ-халықаралық «Шардара кубогы» жарысы өтті. Байрақты бәсекеге Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстанмен қатар, еліміздің түкпір-түкпірінен келген былғары қолғап шеберлері қатысты. Дүбірлі доданың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев қатысты. Қыркүйек айының 14-17 аралығында өткен былғары қолғап шеберлерінің айқасы өз мәресіне жетіп, жарыста 57 келі салмақ дәрежесінде шардаралық ...
Читать далее »Ордабасыда веломарафоннан жарыс өтті
Ордабасы ауданының орталығы Темірланда «Денсаулық фестивалі» мерекесіне орай мемлекеттік қызметшілер мен ауыл тұрғындары арасында веломарафон өтті. Орталық алаңнан басталған марафонның ашылуына аудан әкімі Азат Оралбаев қатысып, бұқаралық спортты дамытуға арналған шараға сәттілік тіледі. Сайысқа 18-35 жас аралығындағы 100-ге жуық адам қатысып бақтарын сынады. Марафонның мәресіне жастар арасында бірінші болып Бағжан Орынбеков топ жарып, екінші орынды Елжан Оспанов иеленді. Ал жүлделі ...
Читать далее »Тайқазанның Түркістанға оралғанына 34 жыл!
1989 жылы 18 қыркүйек күні дәл осыдан 34 жыл бұрын еліміздің тарихи жәдігерлерінің жауһарына айналған тайқазан Түркістан қаласындағы Ясауи кесенесіне қайта оралған болатын. 1935 жылы тайқазанды Санкт-Петербургтегі Эрмитажға Иран шеберлерінің III халықаралық конференциясына алып кетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы қыркүйектің 18 жұлдызында ғана тарихи отанына оралады. Бұл істе мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің ...
Читать далее »Келес ауданында жаңа ипподром салынады
Келес ауданында ат спортын дамыту мақсатында жаңа ипподромның құрылысы басталады. Аудан басшысы Жәнібек Ағыбаев Бірінші Мамыр елді мекенінде болып, ипподромның құрылысы жүретін жер телімдерін аралап көрді. Жауапты мамандарға тапсырма жүктеп, ипподромның жобалық-сметалық құжаттамасы дайындауды тапсырды. — Келес ауданында ипподром салу бастамасы бірнеше жылдан бері қозғалып келеді. Ат – қазақтың жанына жақын киелі жануар. Ат спортын дамыту арқылы біз ата дәстүрді, ...
Читать далее »Түркістан облысында “World Cleanup Day” дүниежүзілік акциясы өтті
Дүниежүзілік тазалық күніне орай Түркістан облысында «World Cleanup Day 2023» жыл сайынғы экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Аталған акцияның мақсаты — қоршаған ортаны тазалай отырып, табиғатқа жанашырлық таныту және әр адам бойындағы экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру. Сенбілікке облыс аумағындағы барлық аумақтық департаменттер мен басқармалар, аудан, қала әкімдіктері сондай-ақ, барлық бюджеттік мекемелер мен тұрғындар қатысты. Жалпы 13 мыңға жуық адам атсалысты. Жоспар бойынша сенбілікке ...
Читать далее »«Түркістан аруы — 2023» байқауының жеңімпазы анықталды
«Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауына іріктеу аясында Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Түркістан аруы» конкурсы өтті. Биыл ұлттық байқаудың ресми сайтына облыстың түкпір-түкпірінен 100-ге жуық өтінім келген. Үміткерлермен 3 бірдей кастинг өткізіліп, ақтық сайысқа 9 ару жолдама алған. Сайыста арулар өзін таныстыру, шығармашылық бағыттағы өнер, қазақша ұлттық көйлектермен дефиле көрсету бойынша сайысқа түсті. Әділ-қазылар алқасының шешімімен Ербосын Диана «Түркістан аруы-2023» атанды. ...
Читать далее »Д.Сатыбалды отандық инвесторлармен кездесті
Түркістан облысының өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін бірнеше маңызды ірі жобаны іске асырылуда. Мемлекет тарапынан қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Бұл бағытта отандық инветсорлардың үлесі артып келеді. Өңдеу саласында облыста «Саутс Ойл» компаниясының «Созақ Фосфат» фосфорит өндіру және «Састөбе инновациялық кешені» каустикалық сода, «Стандарт Петролюм» мұнай өңдеу зауыты сияқты инвестициялық жобалар іске асқан жағдайда, өңірдің өнеркәсіп саласындағы шығарылатын өнім көлемінің өсуіне ...
Читать далее »Ордабасыдағы машина жасау кәсіпорны өнімдерін Түркия және Үндістанға экспорттауда
«KARLSKRONA LC AB» ЖШС – Ордабасы ауданындағы Индустриалды аймақта орналасқан машина жасау кәсіпорны. Компания сорғыларды, электротехникалар, блокты-модульдік, стандартты емес жабдықтарды, түрлі темір қорытпаларынан құймаларды жасау, әзірлеу, сату, монтаж және сервистік қызмет көрсетумен айналысады. Өнімдер Түркия мен Үндістанға және Қазақстан қалаларына жіберіледі. Аталған компания арқылы 150-200 адам жұмыс орнымен қамтылған. Қазіргі уақытта зауыт мұнай, тау-кен және атом өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығы және ...
Читать далее »Түркітілдес елдерден келген делегация Tүркістан облысының туристік әлеуетін насихаттауды бастады
Түркістан облысына түркітілдес мемлекеттердің БАҚ өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, туризм сарапшылары және әлеуметтік желі белсенділері арнайы келіп, ақпараттық турды киелі шаһардан бастады. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет және туризм басқармасы, сондай-ақ «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен өңірдің туристік әлеуетін насихаттау жұмыстары жалғасуда. Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және еліміздің өзге де өңірлерінен келген делегация өкілдері Этноауыл кешенін аралап, түрлі ...
Читать далее »«Түркістан дауысы – 2023» байқауында Абай облысының өнерпазы жеңімпаз атанды
Облыс орталығында өткен республикалық «Түркістан дауысы – 2023» жас орындаушылар байқауы аяқталды. Еліміздің әр өңірінен келген 16 үміткер екі күн бойы ән додасында бақ сынады. Биыл үшінші рет ұйымдастырылған байқаудың шартына сәйкес, қатысушы екі музыкалық шығарманы орындады. Бірінші күні қазақ композиторларының әндерін шырқаған қатысушылар бүгін өз таңдауы бойынша еркін тақырыптағы шығарманы орындады. Байқауға музыкант, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Нұрғиса Дәуешов, ...
Читать далее »Болашақ үшін жасалған қадамдар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жасады. Ел тағдыры үшін маңызды мәселелерді сөз еткен Президент әлеуметтік-экономикалық салалардағы кемшіліктерді де, жағымды жаңалықтарды да мәлім етті. Жолдауды тыңдай отырып бір түйгенім — бұл жолы берілген тапсырмалар мен қолға алынған жобалардың көпшілігі өткен жылдары басталған жұмыстарды толықтырып, қуаттай түсететін сыңайлы. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде білім беру саласындағы жұмыстардың тұтастығын сынға ...
Читать далее »Дәстүрлі жолдау өз жалғасын тапты
Қазақстан Республикасы Парламентінің бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялаған болатын. Тікелей эфирде жол тартқан Жолдауды мұқият тыңдап, бірқатар ауқымды мәселелерге мән берген Президент орта бизнес, көлік логистикасы, агроөнеркәсіп, сондай-ақ, бірқатар салаларға жаңа серпілістер қажет екенін жеткізді. Мемлекет басшысы еліміздің су шаруашылығын басқару жүйесіне түгел реформа жасалып, Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылатындығын ...
Читать далее »Кентаулық жас кәсіпкер мемлекеттік қолдаумен сабын цехын ашқан
Бүгінде кентаулық жас кәсіпкер Әлия Алдабергенова кішігірім цехта кір сабын өндіріп, жергілікті дүкен сөрелеріне өткізуде. Ол «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы жастарға арналған 2,5% пайыздық несие бағдарламасына қатысып, 5 млн. несие алған. Кәсіпкердің айтуынша, сабын өндіру цехында айына 10 мың сабын өндіріледі. Сабынға деген сұраныс көбейген жағдайда, өнім көлемі де арта бермек. Сондай-ақ, ол алдағы уақытта сабын түрлерін арттыруды жоспарлап отыр. ...
Читать далее »Д.Сатыбалды түркітілдес мемлекеттердің БАҚ өкілдерімен кездесті
Түркістан облысына түркітілдес елдері – Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және еліміздің журналистері мен қоғамдық пікір көшбасшылары, туризм сарапшылары мен әлеуметтік желі белсенділері келді. Олар 14-16 қыркүйек аралығында Түркістан облысының тарихи және туристік орындарын аралап, Түркістанның туризмін насихаттайды. Аталған топты Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қабылдап, пікір алмасты. – Түркістанға қош келдіңіздер! Бауырлас мемлекеттерден келген бауырларымызды көріп қуанып отырмын. Түркістан ...
Читать далее »Қарашық қалашығында кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Жалпы облыс аумағында 1770 ескерткіш есепке алынған. Облыс аумағында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырысы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің экспедициясы 3 археологиялық ескерткіш орнында қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Атап айтқанда Сауран ауданынындағы Қарашық ІІ қалашығы, Келес ауданында орналасқан Мыңтөбе оба қорымдары мен Күлтөбе қалашығы ескерткіші және Созақ ауданы, Қызылкөл маңындағы оба қорымдары. Соның ішінде жобаның күнтізбелік ...
Читать далее »